оқушылардың жетістіктері » Әл -Фараби атындағы орта мектеп
"Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"Әл-Фараби атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
июнь
2022

оқушылардың жетістіктері

Дарынды балаларды анықтау мәселесі, бұл білім беру ұйымдарындағы балалардың танымдық және тұлғалық дамуы үшін жағдайлар жасау оларды жан-жақты дамыту болып  табылады.Дарынды  оқушылардың білім,білік дағдыларын  арттыру мақсатында жекеленген  жоспарлар жасалып,бекітілді.Жоспарға  сай әр ай сайын дарынды  оқушылар мен пән мұғалімдері  жұмыс жүргізді.Дарынды оқушымен жүргізілген жұмыстардың  нәтижесін атап айтсақ: География пәні мұғалімі Жанадилова Г.Ж мен 11-сынып оқушысы Досалиева Алинаның «Атопиттік дерматитке арналған сабын» тақырыбындағы   жобасы облыстық  ғылыми   жоба байқауында ІІІ  орынды  иеленді. 7-сынып  оқушысы Исадін Аружан Облыстық Абай оқуларында  «Өлең сөздің патшасы сөз сарасы» бағыты бойынша  ІІ орын. Жетекшісі   Еламанова Г.Т.

Сонымен қатар аудандық  пән олимпиадасынан ІІІ  орынды 2  оқушымыз иеленді. Олар: Губенко Виктория ағылшын тілі жетекшісі Таирова Д.Х,    Рахатқызы Аружан орыс тілі жетекшісі Алтаева С.К. 

«Батыр бабам-Райымбек» атты аудандық жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларының арасында  ұйымдастырылған  байқауда «Тұлпар мініп, ту алған» бағыты бойынша І орын 11-сынып  оқушысы Ахатов Жамбыл иеленді. Жетекшісі Шауеева А.А.