2021-2022 оқу жылының ІІІ тоқсандағы әдістемелік жұмыстың талдауы » Әл -Фараби атындағы орта мектеп
"Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"Әл-Фараби атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2021-2022 оқу жылының ІІІ тоқсандағы әдістемелік жұмыстың талдауы
06
июнь
2022

2021-2022 оқу жылының ІІІ тоқсандағы әдістемелік жұмыстың талдауы

Әл-Фараби атындағы орта мектептің

2021-2022 оқу жылының ІІІ   тоқсандағы әдістемелік жұмыстың   талдауы


        Мұғалім мамандық өндірісіндегі қарқынды өзгерістерді бақылап, зерттеп қана қоймай жаңа технологияларды меңгеруі тиіс. Тек қана жоғары дәрежелі ішкі мотивациясы жоғары, сын тұрғыдағы тұлға ғана, өздігінен жоғары дәрежедегі маман қатарына жетуі мүмкін. Осы жетістікке жету үшін негізгі роль әдістемелік қызметке бөлінеді.


Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 583 бұйрығы негізінде;

Әдістемелік жұмысты ұйымдастыруда төмендегі бағыттар басшылыққа алынды: 

  • Мұғалімдердің  кәсіби   біліктілігін арттыру, курстық  даярлауды  жоспарлау, өз бетінше  білім алуын жетілдіру;
  • Педагог кадрлардың  аттестатциядан өтуін ұйымдастыру және  олардың қызметіне  баға беру;
  • Жас  мұғалімдермен   және жаңа келген мұғалімдердің білімін және біліктілігін дамыту;
  • Шығармашылықпен  жұмыс істейтін  мұғалімдердің   жаңашылдық  жұмыстарын , озат іс-тәжірибелерін жинақтау, насихаттау және тарату;
  • Білім сапасын арттыруға бағытталған  іс -әрекеттерді  ұйымдастыру;
  • Білім беру  саласындағы нормативтік  құқықтық   құжаттармен жұмыс;
  • Ғылыми орталықтармен жоғары  оқу  орындарымен байланыс;
  • Дарынды және мотивациясы  төмен  оқушылармен жұмысты ұйымдастыру;


        Аттестация – педагогикалық біліктіліктің бір бөлігі. Ол мұғалімдердің шеберлігін шыңдап, шығармашылық белсенділігін арттырып, педагогикалық еңбектің жиынтығын көрсетеді. Қараша айында  аттестациядан өтуге  өтініш білдірген мұғалім 25 болса  9   мұғалім  тестілеуден өтті. Оның 4 педагог-сарапшы, 5  педагог- модератор біліктілік  санатын бекітті. Қалған мұғалімдердің  кейбірі  тестілеуден өтпей қалса, кейбірі тіркелуге  мүмкіндіктері болмады.  Мектептегі 123  мұғалімнің 13 педагог –зерттеуші, 30 педагог-сарапшы, 30 педагог-модератор, 2-жоғарғы санат,  10 мұғалім І   санат, 8  мұғалім ІІ  санат, 31 санаты жоқ,  пайыздық шаққанда педагог-зерттеуші 10%,  педагог-сарапшы 24%, педагог-модератор 24%,  жоғарғы санат   1,5 %,       І  санат 8,1%, ІІ  санат 6,5%,   санаты жоқ мұғалімдер 25% құрайды. 


   Педагогтардың   бірлестіктер бойынша  зерттеуші мен сарапшылардың  50%  дан   төмен болуының  себебі: мұғалімдердің  тестен өтпей қалуы.  Сәуір айында басталатын тестке шамамен 33  мұғалім барады. Оның 5-зерттеушіге, 8- сарапшыға, 20  мұғалім модератор.

Аты-жөні

Лауазымы

Санаты 

Аттестатталатын санаты


Жуматаева Нигара Ержановна 

Тарих     пәні мұғалімі

Жоғарғы санат

Педагог-зерттеуші


Шегебаева Карлығаш Кайырлыевна

Бастауыш     сынып мұғалімі

І  санат

Педагог-зерттеуші


Айсаулетова Лайля Кайықбаевна

Ағылшын     тілі пәні мұғалімі

І  санат

Педагог-зерттеуші


Жумагазина Ляйла Магауяновна

Көркем еңбек пәні мұғалімі

І санат

Педагог-сарапшы


 Оспанова Макпал Борангазиевна

Ағылшын     тілі пәні мұғалімі

ІІ  санат

Педагог-сарапшы


Кадырбаева Сауле Токтаргазиевна

Бастауыш     сынып мұғалімі

І санат

Педагог-сарапшы


Еламанова Гульмира Тлеубердиевна

Қазақ     тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

І санат

Педагог-сарапшы


Есеева Улмекен Нурладулаевна

Бастауыш     сынып мұғалімі

І санат

Педагог-сарапшы


Тойшыманова Гулнур Жайлаубаевна

Информатика пәні мұғалімі

ІІ  санат

Педагог-сарапшы


Хавдрахман Амангул

Физика пәні мұғалімі

І  санат

Педагог-сарапшы


Калыкбаев Акан Жаканович

Дене шынықтыру пәні мұғалімі

Педагог-модератор

Педагог-сарапшы


Абсеров Жумагелди Базарбаевич

Дене шынықтыру пәні мұғалімі

ІІ  санат

Педагог-модератор


Абжанова Жулдыз Даулеткелдиевна

Қазақ     тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

ІІ  санат

Педагог-модератор


Тогайбекова Гаухар Болатовна

Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

ІІ  санат

Педагог-модератор


Исадін Сырым Есболатұлы

Дене шынықтыру пәні мұғалімі

Санаты жоқ

Педагог-модератор


Сеитов Руслан Турсунмаметович

Дене шынықтыру пәні мұғалімі

Санаты жоқ

Педагог-модератор


Аман Ербол

Дене шынықтыру пәні мұғалімі

Санаты жоқ

Педагог-модератор


Балагазова Гульбуби Толегеновна

Химия пәні мұғалімі

Санаты жоқ

Педагог-модератор


Турсынбекқызы Әйгерім

Тарих пәні мұғалімі

Санаты жоқ

Педагог-модератор


Джамбутаева Асел Мырсалбековна

дефектолог

Санаты жоқ

Педагог-модератор


Сабырбекова Лаззат  Кабылбек-қызы

Мектепалды даярлық  сынып мұғалімі

Санаты жоқ

Педагог-модератор


Жумадилов Қайрат Бакытбекұлы

Информатика пәні мұғалімі

Санаты жоқ

Педагог-модератор


Булгакова Анна Витальевна

Бастауыш     сынып мұғалімі

Санаты жоқ

Педагог-модератор


Иемберген Әнуар Әбілұлы

Ағылшын     тілі пәні мұғалімі

Санаты жоқ

Педагог-модератор


Османова Гульнара Амирхановна

Ағылшын тілі пәні мұғалімі

Санаты жоқ

Педагог-модератор


Атекеева Шырайлым Құдайбергенқызы

Ағылшын тілі пәні мұғалімі

Санаты жоқ

Педагог-модератор


Байекеев Жасұлан Қанатүлы

Дене шынықтыру пәні мұғалімі

Санаты жоқ

Педагог-модератор


Серік Ержан 

Дене шынықтыру пәні мұғалімі

Санаты жоқ

Педагог-модератор


Атекеева Арайлым Ильясқызы

Қазақ     тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Санаты жоқ

Педагог-модератор


Бақытжан Самал 

Қазақ     тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Санаты жоқ

Педагог-модератор


Алтаева Сара Кенжехановна

Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Санаты жоқ

Педагог-модератор


Мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін және оқушылардың өнерін, дарынын көрсететін жұмыстың түріне пән онкүндіктерін  өткізу жатады. Оларды өткізу жоспары жылдың басында жасалынады. Пән  онкүндігін   өткізудің қорытындысы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылып, әр қайсысына жеке папкалар арналды.

  ІІІ  тоқсанда «Тілмаш» ағылшын тілі, «Атамұра»   қазақ   тілі мен әдебиеті «Дарын» математика, физика, информатика, «Өнер»  көркем еңбек, музыка, «Спорт»  дене шынықтыру пәндері бірлестіктерінің  онкүндіктері өткізілді.

Онкүндіктердің жоспарлары құрылып, ашық  сабақтар, сыныптан  тыс іс –шаралар, пікірталастар, ребустар мен сөзжұмбақтар жарысы,  кубик-рубик, крестик-нолик,  «Үздік қабырға газеті»  және мақала, эссе  жазу сайыстары,  жас мұғалімдер арасында «Мың бір мақал - жүз бір жұмбақ»  жарыстары өткізілді.Білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және шығармашылық  қабілеттерін дамыту мақсатында  фото суреттер көрмесі, интеллектуалды марафондар, пән олимпиадалары ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды.  Фото суреттер және ашық  сабақтар әлуметтік желіге мектебіміздің  сайтына  жарияланды.

Онкүндікте  үздік   ашық  сабақ  көрсеткен   мұғалімдерді  атап айтсақ:  Мынбаева Г.Т, Таирова Д.Х, Иемберген А, Тажибаева Г.Т, Ерасилова А.К, Турганбаева Б.Д, Шаджабаева Э.К, Атыханова Ж.Ж, Батырбаева Д.А, Шауеева А.А, Прекеева А.Ғ, Бекбосунова М.С. 

Ағылшын тілі онкүндігі аясында   5-сыныптар арасында ағылшын тілінде көркемсөз оқу сайысы ұйымдастырылып, қатысушылар  өз таңдаулары бойынша жаттаған өлеңдерін мәнерлеп оқудан сайысқа түсті. Оқушылар арасынан іріктеліп екінші кезеңде  Нұрлан Н, Оңғар А, А.Исмаилова, А.Тұрғали, Қ.Серік, Қазбек К,Талғат Дінасыл  сынды оқушылар  мектеп, табиғат, Отан тақырыбындағы өлеңдерді  жатқа оқып , көпшілікпен бөлісті. 

 Сонымен қатар 5-6 сыныптар арасында «Reading for pleasure»   көркем әдебиет оқушылар жобасын ұйымдастыра отырып оқушылардың кітап оқуға  деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.


«Асыл мұра»  қазақ тілі мен әдебиеті пәндер  онкүндігі  салтанатты жиынмен ашылды және мұғалімдерді дәлізден күтіп алып, «Лотерея» ойыны ойнатылып қазақ тіліне қатысты сұрақтар қойылды. 

«Тілім ғұмырым»  атты   жарыс сабақты  оқушылармен  ұйымдастырып өткізді.  


Сонымен қатар жас мамандармен ұйымдастырылып өткізілген «1001 мақал, 101 жұмбақ» білгірлер сайысы өтті. Қатысушылар мақал-мәтелдерді нақышына келтіре айтып,  жұмбақтардың мағынасын тереңінен түсініп,  сырын шеше біліп, орыс, ағылшын тілдеріне аударды. Сайыс қорытындысы бойынша «Жақсылық» тобы жеңіске жетті. 


«Үздік қабырға газеті»  және мақала, эссе  жазу сайысы ұйымдастырылып, әр сыныпқа нақты тапсырмалар  беріліп, сол  жайында барлық мәліметті жан-жақты салып, қорғау жұмысы тапсырылды.

Мақала  жазу байқауында 7 «а» сынып оқушысы Нұрахмет Димаштың «Мұқағали ақынға» арнап жазған мақаласы аудандық Еңбекшіқазақ газетіне жарық көрді.



«Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа» арналған 1-5 қазақ, орыс тілді  сыныптарында   көркемсөз оқу байқауы ұйымдастырылып өткізілді. 5  «г,д,е»   сыныптартар арасында «Қазақшаңыз қалай» дебат сабағы  жоғарғы деңгейде ұйымдастырылды. Сонымен қатар    9-10 қазақ   сыныптар арасында «Абай оқулары» көркем сөз байқауы  ұйымдастырды.Оқушылар  Абайдың қара сөздерін оқып, оқушылардың  рухани танымын байытуға ықпал жасады. 

Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері онкүндік аясында түрлі әдіс- тәсілдерді  тиімді қолдана отырып, оқушылардың мемлекеттік тілді жетік меңгеріп білуіне көңіл бөліп, пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, ізденімпаздық қабілеттерін оята білді. 

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігінің жабылуында

Қазақтың ұлттық дәстүрлері «Бесікке салу  мен Тұсаукесер рәсімі» көрсетілді.


 Ұлттық тағамдар (Бесбармақ, наурыз көже, құрт,  май, ірімшік, қымыз т.б) таныстырылды.


Ұлттық ойындары (Асық ату, арқан тартыс, қол күрес» ойындары  ұйымдастырылып өткізілді. 

 Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігі белгіленген жоспар бойынша жоғары деңгейде өткізілді.

Нақты ғылымдар - математика, информатика және физика пәндерінің 15.02.22ж. -  25.02.22ж аралығында «Шексіздікті қамтыған әлем» атты онкүндігі өткізілді. 


Онкүндіктің  ашылуыда мұғалімдер арасында «Сандар сөйлейді» тақырыбында   викториналық  сұрақтар мен оқушылардың  шағын концерттік бағдарламасы  ұйымдастырылды.





Онкүндік  барысында мұғалімдер ұйымдастырған барлық іс-шаралар яғни интеллектуалды сайыстар мен сыныптан тыс іс- шаралар, пікір сайыстары мен ашық сабақтар заман талабына сай ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы өткізілді. 

«Ой мен ойын»          ( ребустар)  сайысы.            




    Оқушылардың бойында білімге деген қажеттілікті сезіну, білім алу үшін өз бетінше іздену, жаңашылдыққа ұмтылуға тәрбиелеу- сабақта ғана емес, сыныптан тыс жұмыстарда да жүзеге асырылуы керек. Осындай жұмыстың маңызды бір бағыты пән онкүндігін тиімді ұйымдастыру екені сөзсіз.   

«Бүкіл әлем сөйлейді нақты ғылым тілінде» ғалымдар білгірі байқауы.                                                       «Білімді ұрпақ-ел болашағы»  ( көрме)«Білім биржасы» (сканворд)   байқауы    





Математика, физика, информатика пәндері онкүндігінде іс-шаралар танымдық-дамыту қалыпта өткізілді, мұғалімдер оқушылардың оқу мүмкіндіктерін ескеретін, логика мен зеректілікке арналған тапсырмаларды пайдаланды, ал оқушылар әр түрлі пәндерден өз білім дәрежелерін, тапқырлықтарын көрсетіп, қосымша да білім алды. 

                                «Жүйріктен жүйрік озар, жарысқанда» тақырыбында



                                    «Кубик-рубик»,  «крестик-нолик»  сайыстары 

              


Шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ  жарыстары 1-5 сыныптар және  6-10   сыныптар арасында  ұйымдастырылды.



Оқушылардың  пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында  Физикалық тәжірибе    көрсетілді                                                  


    Оқу – тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып өз бетімен ізденуге шығармашылық еңбек етуге жол салады. Пәндерді оқытуда тиімді әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, сабақты қызықты да тартымды өткізу мұғалімнің шеберлігіне байланысты екені баршамызға мәлім. Осы орайда математика, физика пәні мұғалімдері «Информатика- ақпараттар ғылымы» «Сабақта қолданылатын әдіс тәсілдер», «Жаңаша  оқуға -жаңаша көзқарас» тақырыптарында коучингтер ұйымдастырылды.  




   Жаңа әдіс-тәсілдерді жаңа форматта жоспарлап, жаңа технологияларын тиімді пайдаланып,  ұстаздар арасында іс-тәжірибені бөліскен математика, физика пәні мұғалімдері коучингке қатысушылардың  ризашылығымен мақтауларына ие болды. 

Математика, физика, информатика пәндерінің  онкүндігінде атап айтатын жоғарғы деңгейдегі ұйымдастырылған іс-шараның бірі фойенің безендірілуі күнделікті  сайыстарға байланысты өзгертіліп отырғанына өздеріңіз  көрдіңіздер. 


Онкүндіктің жабылуында  сайыстардың жеңімпаздары арнайы грамоталармен марапатталды.

«Өнер»көркем  еңбек ,музыка   пәндерінің  онкүндігі   «Өнер-ұлттың асыл қазынасы»   салтанатты жиынмен басталды.



«Өнерлінің өзегі талмас»  тақырыбында оқушылардың қолөнер бұйымдары  және суреттер көрмесі  қойылды.



 «Бұрымды қыз» атты қыздар арасында сайыс өткізді 5,6,7,8, 9 сынып аралығында.

Онкүндіктің  соңғы күні салтанатты жабылу кешінде онкүндікке  белсенді қатысқан  барлық оқушылардың есімдері аталып, дипломлар мен алғыс хаттар берілді.  




Сонымен қатар  «Спорт»  дене шынықтыру пәні бірлестігінің  онкүндігінде   ата-ананы мектеп өміріне   тарту  мақсатында  бастауыш   сыныптар арасында «әкем, шешем және мен»  тақырыбындаспорттық ойындардан жарыс, мұғалімдер арасында волейболдан жарыс, 5-сыныптар арасында Футзалдан жарыстар  тиімді ұйымдастырылды.



   Онкүндіктердің  қорытындысы бойынша  «Дарын» және «Атамұра » пәндер бірлестігінде іс -шаралар мен ашық   сабақтар және  коучингтер жоғарғы деңгейде ұйымдастырылды. Десекте, ашық   сабақтарды өткізуде мұғалімдерге   әдіс- тәсілдерді тиімді пайдалана білу, оқу мақсаттарын дұрыс ұйымдастыру,білім дағдыларын меңгеру, сараланған оқу мақсатына  сәйкес тапсырлалар әзірлеу, бағалауды дұрыс ұйымдастыру ұсынылады.

  Дарынды балаларды анықтау мәселесі, бұл білім беру ұйымдарындағы балалардың танымдық және тұлғалық дамуы үшін жағдайлар жасау оларды жан-жақты дамыту болып табылады.Дарынды  оқушылардың білім,білік дағдыларын  арттыру мақсатында   жекеленген  жоспарлар жасалып,бекітілді.Жоспарға  сай әр ай сайын дарынды  оқушылар мен пән мұғалімдері  жұмыс жүргізді.Дарынды оқушымен жүргізілген жұмыстардың   нәтижесін атап айтсақ: 8-9   сыныптар арасында өткізілетін  Iqanat  республикалық олимпиадасының облыстық кезеңіне  5  оқушымыз өтті. Олар: Наркевич Ярослав, Турашбаев Қанат,Алиев Васип, Шелепин Богдан, Жақсылық Ақбота. Сонымен қатар аудандық  пән олимпиадасынан ІІІ  орынды 2   оқушымыз иеленді. Олар: Губенко Виктория ағылшын тілі жетекшісі Таирова Д.Х,   Рахатқызы Аружан орыс тілі жетекшісі Алтаева С.К. 5-6  сыныптарда  өтетін   «Мың  бала» ұлттық олимпиадасына  оқушыларымыз тіркеліп бітті.


   Шығармашылықпен  жұмыс істейтін  мұғалімдердің   жаңашылдық  жұмыстарын , озат іс-тәжірибелерін жинақтау, насихаттау және тарату; Білім сапасын арттыруға бағытталған  іс әрекеттерді  ұйымдастыру бойынша  атқарылған жұмыстарға  тоқталатын болсақ; мектебімізде қаңтар айында «Үздік әдістемелік бірлестік»  байқауыонлайн  ұйымдастырылып, І  орынды «Атамұра»   ІІ орынды «Дарын»

 ІІІ   орынды «Тілмаш» әдістемелік бірлестіктері  жеңіп алса,  қатысқаны үшін алғыс хатпен  «Зерде», «Өнер», «Білім бастауы», «Начало пути»  бірлестіктері марапатталды. «Ұшқын», «Спорт» бірлестіктері байқауға қатыспады. 


Сонымен  қатар  «Жылдың   үздік  мұғалімі-2022»  байқауы   онлайн  ұйымдастырылып, І орынды  информатика  пәні мұғалімі   Шойбекова Р.Ж, ІІ  орынды  дене   шынықтыру пәні мұғалімі Жәнәбіл М, ІІІ орынды ағылшын  тілі пәні мұғалімі Оспанова М.Б. жеңіп алды. «Ізденімпаз ұстаз» номинациясымен орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Булекова Ж.М, «Жаңашыл ұстаз» номинациясымен көркем еңбек пәні  мұғалімі Құрметбек Н, «Шығармашыл ұстаз» бастауыш   сынып мұғалімі Мусабекова А.М. иеленді.



Ұсыныс:

Дарынды баламен жүргізілетін  жұмыстар жандандырылсын;

  Жас мамандар   мектебінің  жұмысы қолға алынсын;

  Педагог қызметкерлер түрлі деңгейдегі білім жетілдіру курстарынан өтсін;