әдістемелік жұмыс талдауы ІІ тоқсан » Әл -Фараби атындағы орта мектеп
"Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"Әл-Фараби атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » әдістемелік жұмыс талдауы ІІ тоқсан
06
июнь
2022

әдістемелік жұмыс талдауы ІІ тоқсан

Әл-Фараби атындағы орта мектептің

2021-2022 оқу жылының ІІ тоқсандағы әдістемелік жұмыстың   талдауы


       Мұғалім мамандығы өндірісіндегі қарқынды өзгерістерді бақылап, зерттеп қана қоймай, жаңа технологияларды меңгеруі тиіс. Тек қана жоғары дәрежелі ішкі мотивациясы жоғары, сын тұрғыдағы тұлға ғана, өздігінен жоғары дәрежедегі маман қатарына жетуі мүмкін. Осы жетістікке жету үшін негізгі роль әдістемелік қызметке бөлінеді.


Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 583 бұйрығы негізінде;
Әдістемелік жұмысты ұйымдастыруда төмендегі бағыттар басшылыққа алынды: 

  • Мұғалімдердің  кәсіби   біліктілігін арттыру, курстық   даярлауды  жоспарлау, өз бетінше  білім алуын жетілдіру;
  • Педагог кадрлардың  аттестациядан өтуін ұйымдастыру және  олардың қызметіне  баға беру;
  • Жас  мұғалімдермен   және жаңа келген мұғалімдердің білімін және біліктілігін дамыту;
  • Шығармашылықпен  жұмыс істейтін  мұғалімдердің   жаңашылдық  жұмыстарын , озат іс-тәжірибелерін жинақтау, насихаттау және тарату;
  • Білім сапасын арттыруға бағытталған  іс әрекеттерді  ұйымдастыру;
  • Білім беру  саласындағы нормативтік  құқықтық   құжаттармен жұмыс;
  • Ғылыми орталықтармен жоғары  оқу  орындарымен байланыс;
  • Дарынды және мотивациясы  төмен  оқушылармен жұмысты ұйымдастыру;


        Аттестация – педагогикалық біліктіліктің бір бөлігі. Ол мұғалімдердің шеберлігін шыңдап, шығармашылық белсенділігін арттырып, педагогикалық еңбектің жиынтығын көрсетеді. Қараша айында  аттестациядан өтуге  өтініш білдірген мұғалім 25 болса  9   мұғалім  тестілеуден өтті. Оның 4-уі  педагог-сарапшы, 5-уі педагог- модератор біліктілік  санатын бекітті. Қалған мұғалімдердің  кейбірі  тестілеуден өтпей қалса, кейбірі тіркелуге баруға  мүмкіндіктері болмады.  Мектептегі 123  мұғалімнің 13- педагог –зерттеуші, 30 педагог-сарапшы, 31 педагог-модератор, 2-жоғарғы санат,  10 мұғалім І  санат, 8   мұғалім ІІ  санат, 29 санаты жоқ,  пайыздық шаққанда педагог-зерттеуші 10%,  педагог-сарапшы 24%, педагог-модератор 24%,  жоғарғы санат  1,5 %,       І   санат 8,1%, ІІ  санат 6,5%,  санаты жоқ мұғалімдер 25% құрайды. 


                   Пән бірлестіктері бойынша  біліктілік  санатының  пайыздық көрсеткіші

                         


                          МИФ  пәндер бірлестігігі бойынша 15 мұғалім 




Қазақ  тілі мен әдебиеті пәндер  бірлестігінде   19 мұғалім 




                             Орыс  тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі 9 мұғалім




                           Ағылшын  тілі   пәні  бірлестігінде  13   мұғалім




Химия, биология, география, өзін-өзі тану пәндері бірлестігінде 9 мұғалім


           Тарих  пәні  бірлестігі    6  мұғалім

Көркем еңбек, музыка, дефектолог, психология пәндер бірлестігі 10 мұғалім 


                       Қазақ  бастауыш   сынып бірлестігі 15 мұғалім 


                    Орыс  бастауыш сынып бірлестігі 12 мұғалім 


                         Дене  шынықтыру пәні бірлестігі 14  мұғалім


   Педагогтардың   бірлестіктер бойынша  зерттеуші мен сарапшылардың  50%  дан   төмен болуының  себебі: мұғалімдердің  тестен өтпей қалуы.  Сәуір айында басталатын тестке шамамен 33  мұғалім барады. Оның 5-зерттеушіге, 8- сарапшыға, 20  мұғалім модератор.

Аты-жөні

Лауазымы

Санаты 

Аттестатталатын санаты


Жуматаева Нигара Ержановна 

Тарих     пәні мұғалімі

Жоғарғы санат

Педагог-зерттеуші


Шегебаева Карлығаш Кайырлыевна

Бастауыш     сынып мұғалімі

І  санат

Педагог-зерттеуші


Айсаулетова Лайля Кайықбаевна

Ағылшын     тілі пәні мұғалімі

І  санат

Педагог-зерттеуші


Шелепина Анастация Викторовна

Бастауыш     сынып мұғалімі

Педагог-сарапшы

Педагог-зерттеуші


Колесникова Валентина Ивановна

Бастауыш     сынып мұғалімі

Педагог-сарапшы

Педагог-зерттеуші


Жумагазина Ляйла Магауяновна

Көркем еңбек пәні мұғалімі

І санат

Педагог-сарапшы


 Османоваа Макпал Борангазиевна

Ағылшын     тілі пәні мұғалімі

ІІ  санат

Педагог-сарапшы


Кадырбаева Сауле Токтаргазиевна

Бастауыш     сынып мұғалімі

І санат

Педагог-сарапшы


Еламанова Гульмира Тлеубердиевна

Қазақ     тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

І санат

Педагог-сарапшы


Есеева Улмекен Нурладулаевна

Бастауыш     сынып мұғалімі

І санат

Педагог-сарапшы


Тойшыманова Гулнур Жайлаубаевна

Информатика пәні мұғалімі

ІІ  санат

Педагог-сарапшы


Хавдрахман Амангул

Физика пәні мұғалімі

І  санат

Педагог-сарапшы


Калыкбаев Акан Жаканович

Дене шынықтыру пәні мұғалімі

Педагог-модератор

Педагог-сарапшы


Абсеров Жумагелди Базарбаевич

Дене шынықтыру пәні мұғалімі

ІІ  санат

Педагог-модератор


Абжанова Жулдыз Даулеткелдиевна

Қазақ     тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

ІІ  санат

Педагог-модератор


Тогайбекова Гаухар Болатовна

Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

ІІ  санат

Педагог-модератор


Исадін Сырым Есболатұлы

Дене шынықтыру пәні мұғалімі

Санаты жоқ

Педагог-модератор


Сеитов Руслан Турсунмаметович

Дене шынықтыру пәні мұғалімі

Санаты жоқ

Педагог-модератор


Аман Ербол

Дене шынықтыру пәні мұғалімі

Санаты жоқ

Педагог-модератор


Балагазова Гульбуби Толегеновна

Химия пәні мұғалімі

Санаты жоқ

Педагог-модератор


Турсынбекқызы Әйгерім

Тарих пәні мұғалімі

Санаты жоқ

Педагог-модератор


Джамбутаева Асел Мырсалбековна

дефектолог

Санаты жоқ

Педагог-модератор


Сабырбекова Лаззат  Кабылбек-қызы

Мектепалды даярлық  сынып мұғалімі

Санаты жоқ

Педагог-модератор


Жумадилов Қайрат Бакытбекұлы

Информатика пәні мұғалімі

Санаты жоқ

Педагог-модератор


Булгакова Анна Витальевна

Бастауыш     сынып мұғалімі

Санаты жоқ

Педагог-модератор


Иемберген Әнуар Әбілұлы

Ағылшын     тілі пәні мұғалімі

Санаты жоқ

Педагог-модератор


Османова Гульнара Амирхановна

Ағылшын тілі пәні мұғалімі

Санаты жоқ

Педагог-модератор


Атекеева Шырайлым Құдайбергенқызы

Ағылшын тілі пәні мұғалімі

Санаты жоқ

Педагог-модератор


Байекеев Жасұлан Қанатүлы

Дене шынықтыру пәні мұғалімі

Санаты жоқ

Педагог-модератор


Серік Ержан 

Дене шынықтыру пәні мұғалімі

Санаты жоқ

Педагог-модератор


Атекеева Арайлым Ильясқызы

Қазақ     тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Санаты жоқ

Педагог-модератор


Бақытжан Самал 

Қазақ     тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Санаты жоқ

Педагог-модератор


Алтаева Сара Кенжехановна

Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Санаты жоқ

Педагог-модератор



Мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін және оқушылардың өнерін, дарынын көрсететін жұмыстың түріне пән онкүндіктерін  өткізу жатады. Оларды өткізу жоспары жылдың басында жасалынады. Пән   онкүндігін  өткізудің қорытындысы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылып , әр қайсысына жеке папкалар арналды.

   ІІ  тоқсанда «Білім бастауы»қазақ бастауыш сынып бірлестігі, «Начало пути»  орыс бастауыш   сынып бірлестіктері және «Ұшқын»  тарих пән бірлестіктерінің  онкүндіктері өткізілді.

Онкүндіктердің жоспарлары құрылып, ашық  сабақтар, сыныптан  тыс іс –шаралар, пікірталас және саяхат сабақтар   өткізілді. Білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және шығармашылық  қабілеттерін дамыту мақсатында  фото суреттер көрмесі, интеллектуалды марафондар, пән олимпиадалары ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапаталды.  фото суреттер және ашық  сабақтар әлуметтік желіге жарияланды.

Онкүндікте  үздік   ашық  сабақ  көрсеткен   мұғалімдер: Акжигитова Н.К, Шегебаева К.К, Мырзабаева А.Е, Шелепина А.В, Колесникова В.И,Гришина Г.В. Турдыева Р.М, Ширлинг Е.Ю, Абдибекова С.М.  

   Онкүндіктердің  қорытындысы бойынша ашық  сабақтарды өткізуде мұғалімдерге  әдіс- тәсілдерді тиімді пайдалана білу, оқу мақсаттарын дұрыс ұйымдастыру,білім дағдыларын меңгеру, сараланған оқу мақсатына  сәйкес тапсырмалар әзірлеу, бағалауды дұрыс ұйымдастыру ұсынылады.

  


        «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» - дегендей  мектепке мұғалім болып  кеше ғана оқуды аяқтаған жас маман келгенде, оған барлық әдістемелік көмек көрсетілуі тиіс. 

2021 жылдың тамыз – қыркүйек  айларында  ҚРБжҒМ №160 бұйрығының негізінде  9 жас мұғалімге  тәлімгер  тағайындалып, «Жас маман»  мектебінің жетекшісі болып  Таирова Д.Х  сайланды. Қараша, Желтоқсан айларында №2, №3  жас мамандар отырысы өткізіліп, « БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын құрастыру», «Сабақтың  құрылымы», « Білім алушыларды  шығармашылық   жобаға,олимпиадаға,конкурстарға дайындау жолдары», «Сабақта жаңа технологияларды тиімді пайдалану» тақырыптарында  жас   мамандарға әдістемелік  көмек  көрсетіледі. Сонымен қатар «Жас ұстаздардың өздігінен білімін  көтеруі-біліктілікті арттырудың кепілі»  тақырыбында  мектепішілік жас мамандарға арналған семинар өткізілді.


    Дарынды балаларды анықтау мәселесі, бұл білім беру ұйымдарындағы балалардың танымдық және тұлғалық дамуы үшін жағдайлар жасау оларды жан-жақты дамыту болып табылады.Дарынды  оқушылардың білім,білік дағдыларын  арттыру мақсатында жекеленген  жоспарлар жасалып,бекітілді.Жоспарға  сай әр ай сайын дарынды  оқушылар мен пән мұғалімдері  жұмыс жүргізді.Дарынды оқушымен жүргізілген жұмыстардың   нәтижесін атап айтсақ: География пәні мұғалімі Жанадилова Г.Ж мен 11-сынып оқушысы Досалиева Алинаның «Атопиттік дерматитке арналған сабын» тақырыбындағы   жобасы облыстық  ғылыми   жоба байқауында ІІІ  орынды  иеленді. 5-6   сыныптардағы Республикалық олимпиаданың  облыстық   кезеңіне 5-сынып  оқушысы Паканова Ульяна орыс тілі мен әдебиеті пәнінен   қатысты. Жетекшісі Карамшук Д.Т     

 Қараша айында мектепішілік  пән олимпиадасы өткізіліп, жоғарғы нәтиже көрсеткен 17  оқушы 14-19 ақпанда   болатын аудандық  олимпиадаға    дайындалуда.


    Шығармашылықпен  жұмыс істейтін  мұғалімдердің   жаңашылдық  жұмыстарын , озат іс-тәжірибелерін жинақтау, насихаттау және тарату; Білім сапасын арттыруға бағытталған  іс әрекеттерді  ұйымдастыру бойынша  атқарылған жұмыстарға  тоқталатын болсақ; мектебімізде Қараша, Желтоқсан айларында Педагог-зерттеуші, педагог-сарапшы мұғалімдеріміздің 

«Ашық сабақтар сессиясы» ұйымдастырылып, 11   педагог-зерттеуші, 25 педагог-сарапшы, мұғалімдеріміз ашық сабақтар көрсетті. Ашық  сабақ  барысында мұғалімдердің  өзара сабаққа   қатысу тиімділігі артты. Сонымен  қатар   сабақты  талдау, бағалауға  қойылатын   талаптар өз нәтижесін берді. Үлгілі   сабақтарды математика пәні мұғалімі Ерасилова А.К,  ағылшын тілі пәні мұғалімі Прекеева А.Г. көрсетті. Сабақта сараланған мақсаттарға сәйкес, деңгейленген тапсырмаларды білім алушылардың  қабылетіне қарай тиімді ұйымдастырып, бағалауды нақты критерийлер арқылы жүргізді.



Мектепішілік бақылауды ұйымдастыруда кері байланыс пен түзету қызметінің тиімділігі: «тігінен» (әкімшілік-мұғалім) және «көлденеңінен» (басқару субектілері арасында)  жүзеге асырылды.  

Мектепішілік бақылаудағы  әрекеттерді түзету мен реттеу бойынша жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында белгіленген талаптарға оқушылардың білім білік дейгейлерінің сәйкестігін анықтау үшін тоқсан сайын әр пән мұғалімдері тарапынан және жалпы мектеп бойынша оқушылардың білім деңгейінің мониторингі жасалынып отырды. Мониторинг негізінде сыныптардың басым көпшілігінде оқушылардың білім, білік, дағды сапаларының көрсеткіштері стандарт талаптарына сай екендігі анықталды, бірақ төмендегі көрсетілген сыныптардағы сапа көрсеткіштерінің төмендігін атап өтпеуге болмайды: 5 «Г» 6«Е»,7 «Е»,   8 «Ә» ,

8 «Б»  9«Д», 10 «Г», 11 «Г»  Сондай-ақ аталған сыныптарда негізгі пәндердің  оқытылу сапасын бақылау  педагогикалық кеңестің  шешімі негізінде жүргізілді. Нәтижесінде: 5 «Г» 11, 6 «Е» 6%  7 «Е» 2% ,   8 «Ә» 4% ,8 «Б» 9%  9«Д» 6% , 10 «Г»9%, 11 «Г» 12% ға білім сапасы көтерілді. Бұл сыныптарда ІІІ тоқсанда жұмысты белсендіру қажеттілігі және іс- әрекетті зерттеу және сабақты зерттеуді ұйымдастыруды талап етеді. Сонымен қатар  мектепішілік бақылау жоспарына сәйкес, бастауыш сыныптардағы негізгі пәндердің   оқытылуы, орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің  оқытылуы, 2-4  сыныптардағы   оқу техникасы, 9-сыныптардағы «Зайырлылық және дінтану» курстарының  оқытылуы, 2-5 сыныптарда оқушы дәптерлерінің  жүргізілуі, БЖБ, ТЖБ-ның  талапқа  сай жүргізілуі, күнделік kz  журналының  талапқа сай жүргізілуі  тексеріліп, анықтамалар жазылып, кемшіліктерді жою бойынша   жұмыстар жүргізілуде..


Сабаққа  қатысу                                                            дәптер тексеру


 S (Strengths)- Сәтті жақтары:

Шығармашылықпен  жұмыс істейтін  мұғалімдердің    жұмыстарын, озат іс-тәжірибелерін жинақтау, насихаттау және тарату;


O (Opportunities)- мүмкіндіктері

Педагог қызметкерлердің  түрлі байқауларға қатысуын;

Жас мамандармен жүргізілетін жұмыстар;

Әдістемелік бірлестіктердің     жұмысының  нәтижесін бағалау;

Білім сапасын арттыруға бағытталған  іс әрекеттерді  ұйымдастыру;


W(Weaknesses) - Әлсіз жақтары

Дарынды баламен жүргізілетін     жұмыс;

Педагог қызметкерлерді аттестациялаудан өткізу жұмыстары

Пән  онкүндіктерінің  ұйымдастырылуы;


T (Threats) – қауіптер