Әдістемелік жұмыс талдауы » Әл -Фараби атындағы орта мектеп
"Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"Әл-Фараби атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
июнь
2022

Әдістемелік жұмыс талдауы

Әл-Фараби атындағы орта мектептің

2021-2022 оқу жылының І тоқсандағы 

 әдістемелік жұмыстың

      талдауы


       Мұғалім мамандық өндірісіндегі қарқынды өзгерістерді бақылап, зерттеп қана қоймай, жаңа технологияларды меңгеруі тиіс. Тек қана жоғары дәрежелі ішкі мотивациясы жоғары, сын тұрғыдағы тұлға ғана, өздігінен жоғары дәрежедегі маман қатарына жетуі мүмкін. Осы жетістікке жету үшін негізгі роль әдістемелік қызметке бөлінеді.

Әдістемелік жұмысты ұйымдастыруда төмендегі бағыттар басшылыққа алынды: 

Мектеп мүғалімдерінің  біліктілігін көтеру жүйесі, педагогтық  шеберлікті, кәсіптік деңгейін жоғарлатуға  бағытталған және педагогтарды шығармашылық потенциалын көтеруді көздейді.

Мектептің әдістемелік  қызметін жетілдіру – ол педагогтардың  кәсіптік дамуын қолдауға арналған.

Озық тәжірибені оқып  үйрену, тарату.

Педагогтардың жаңашыл  қызметтері  мектептің оқыту  үрдісінің сапасын көтеруге және  мұғалімдердің ғылыми-педагогтық  қызметтерін жандандыруға бағытталған.

Мектептің әдістемелік жұмысы, мұғалімдердің әдістемелік бірлестіктерінде шоғырланған және мектептің  әдістемелік кеңесі арқылы басқарылады.

Бұл жұмыс мектептің негізгі әдістемелік мәселесін іске асыруға бағытталған. 

оқу жылының ғылым  негіздерін оқыту жайлы нұсқау  хатпен таныстыру;

- педагогикалық қызметкерлерді  аттестаттау ережелерімен таныстыру;

- оқыту және тәрбиелеу  нәтижелерін мониторингілеу;

- пән онкүндіктерінің  қорытындысы;

педагогикалық технологияларды  қолдану әдісі арқылы оқушылардың  белсенділігін арттыру;

- білім беру технологиясын  пайдалана отырып информатика, математика, қазақ тілі сабақтарында білім сапасын арттыру жолдары;

- аттестациядан өтетін  мұғалімдердің шығармашылық есебі;

- дарынды балалар жұмысының  қорытындысы.

Мектептің әдістемелік қызметінің негізі – бұл пәнаралық әдістемелік бірлестік. Біздің мектепте 10 пән ассоциациясы  жұмыс істейді: қазақ тілі және әдебиет; орыс тілі және әдебиет; шет тілі;қазақ   бастауыш сыныптар; орыс бастауыш   тарих, құқық; математика, физика, информатика; технология, бейнелеу өнері, музыка; химия, биология,  өзін –өзі тану;  дене шынықтыру

     Пән ассоциациясының  отырыстары жоспарланған  уақытында өтіп тұрды, Онда 2021-2022  оқу жылына арналған мұғалімдердің күнтізбелік жоспары талқыланып, бекітілді. 



Білім және ғылым министрлігінің әдістемелік нұсқау хатымен таныстырылды. Пән ассоциациясының  жылдық жоспары, үйірме, таңдау курстарының  жоспары талқыланып, бекітілді. Ассоциация  отырысында  пән   онкүндігі , пәндік олимпиада материалдарын дайындау, озық іс-тәжірибе мектебімен танысу, ашық сабақтардың жоспары, дарынды оқушылармен жұмыс, педоқулары тақырыбы, аттестация, курстар  жайында және басқа да атқарылатын жұмыстар туралы қаралып, есеп берілді. 

Мұғалімдердің педагогикалық  шеберлігін және оқушылардың өнерін, дарынын көрсететін жұмыстың түріне пән онкүндіктерін  өткізу жатады. Оларды өткізу жоспары жылдың басында жасалынады. Пән  онкүндігін  өткізудің қорытындысы әдістемелік кеңестің отырысында қарастылырып, әр қайсысына жеке папкалар арналды. Мететтің  жылдық   жоспарына сәйкес, Қыркүйек  айынның  5-22  күндері   аралығында Қазақстан Республикасы халқының тілдер мерекесіне арналған «Тіл – тарихи тұлға » атты тілдер айлығы өтті. Бұл айлықта  іс-шаралар қазақ, орыс және ағылшын тіліндерінде ұйымдастырылды. Аталмыш айлықтың  аясында бекітілген жоспар бойынша мектебіміздің тіл мамандары түрлі іс- шаралардың өтуіне ат салысты. 5- қыркүйек күні айлықтың ашылу салтанаты өткізілді.

12-22.09.2021  күндер  аралығында «Қазақшаңыз қалай?» атты  үзіліс кезінде өзге ұлт  оқушыларымен қазақ тілінде сөйлесу, өлең оқу  шарасы өткізілді. 4-сынып оқушылары тіл туралы тақпақтар оқыды.  

 

04.10-18.10.2021жыл аралығында «Зерде» химия, биология, география, өзін-өзі тану  пәндер ассоциациясының  онкүндігі  өткізілді..

Онкүндіктің тақырыбы: «Ертеңгі болашақ бүгінгі білімді ұрпақ».

Мақсаты: Заман талабына сай дені сау,тәрбиелі білімді ұрпақты оқыту.Пән мұғалімдері жаңа технология элементтерін қолдану арқылы сабақты жүйелі ұйымдастыру.

Міндеттері: 1.Сабақта жаңа технология элементтерін қолдану,мұғалімнің шығармашылығын дамыту.

2.Жан-жақты білімді, өзіндік ой пікірі бар, адамгершілігі жоғары қабілетті, жеке тұлғаны қалыптастыру.

3.Заман талабына сай дені сау,білімді ұрпақ тәрбиелеу.

4.Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру. 




Онкүндіктің жоспары бойынша  

-Ашық сабақтар.

-Оқушылар шығармашылығынан: « Туған өлкем қандай көркем» тақырыбында

фотосуреттер көрмесі: 

«Экология және біз».»Мир свойми глазами» тақырыбында пәндер бойынша қабырға газеттері  шығарылып, онкүндік жоғарғы деңгейде ұйымдастырылды.




 Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» - деген. Ал мектепке мұғалім болып кеше ғана оқуды аяқтаған жас маман келгенде, оған барлық әдістемелік көмек көрсетілуі тиіс. 

2021  жылдың  қыркүйек  айларында жас мұғалімдерге тәлімгерлер  тағайындалып, «Жас маман»  мектебінің жетекшісі болып  Таирова Д.Х . сайланды. 

Толық аты-жөні

туған жылы, айы, күні

Білімі,
 бітірген оқу
 орны, (толық)
  бітірген жылы

мамандығы

Тәлімгері

1

Бақатай Әсель Ерқанатқызы

арнаулы орта

Есік гуманитарлық эканомикалық колледж,2021

бастауыш сынып мұғалімі

Амыракынова М.К

2

Маканова Айжан Мейрамбековна

арнаулы орта 

Есік гуманитарлық-экономикалық колледж, 2019

ағылшын тілі пәні мұғалімі

Таирова Д.Х.

3

Әбсатар Еңлік Дәулеткелдіқызы

жоғары

2021ж, Абай атындағы КазНПУ

физика пәні мұғалімі

Таркова И.Н

4

Нұрмұхан Жұлдыз Бегзатқызы

арнаулы орта

Есік гуманитарлық-экономикалық колледж, 2021

орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Магамадова С.Ш

5

Ғадылханова Гүлнұр Ерханқызы

арнаулы орта

Есік гуманитарлық-экономикалық колледж, 2021

орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Булекова Ж.М.

6

Бухараев Арман Байболатұлы

жоғары

Қазақ спорт және туризм академиясы, 2019

дене тәрбиесінің мұғалімі

Алешина Е.А.

7

Қажымұратқызы Тоғжан

жоғары

Қазақ-ұлттық педагогикалық университеті 2021

музыка пәнінің мұғалімі

Ибрагимов К.С.

8

Ағатай Әйгерім Оразайқызы

арнаулы орта

Есік гуманитарлық эканомикалық колледж

ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Шынтаева Р.Ж

9

Савирдинова Эльнара Эрнстқызы

арнаулы орта

АҮД гуманитарлық колледж

ағылшын тілі мұғалімі

Омурзакова Г.Б.

Қыркүйек айында  жас мұғалімдермен  тәлімгерлер бірлесе  отырып,  жұмыс жоспарын  КТЖ, ҚМЖ құрып, бекітті. Қыркүйек  айында  №1   жас мамандар отырысында  ҚМЖ  құру жолдары, дәптер тексеруге қойылатын орфографиялық  талаптар, күнделік  кз  журналын   толтыру,ФБ дұрыс ұйымдастыру жолдары бойынша  әдістемелік  көмек көрсетілді. 



                         Сонымен қатар  25.10.2021  Тәлімгерлер  «Тәлімгер   мен жас  маман жұмысын  тиімді ұйымдастыру»  тақырыбында   аудандық  вебинарда  өз іс –тәжірибелерімен  бөлісті. Тәлімгерлер  №160   бұйрық және №472  бұйрық  негізінде жас мамандармен  жұмыс жүргізіп, папкаларына   2   аптада 1  рет атқарылған жұмыстың  қорытынды    есебін  жинақтап отырады. Жас мамандар мен тәлімгерлер  өзара  сабақтарға   қатысып, үнемі әдістемелік  көмек  көрсетіледі және жалғасын табады. 




Аттестация – педагогикалық біліктіліктің бір бөлігі. Ол мұғалімдердің шеберлігін шыңдап, шығармашылық белсенділігін арттырып, педагогикалық еңбектің жиынтығын көрсетеді. 2021-2022  оқу жылында    аттестациядан өткен мұғалімдер және  алдыңғы  кезеңдерде    тестен өтпей  қалған мұғалімдер тест тапсыруға барады. Бүгінгі  күнге дейін 3  мұғалім педагог-сарапшыға, 1  мұғалім педагог-мадератор  санатына тестен өтті. Аттестацияның ІІ  кезеңіне   құжаттар жинақталуда.

 Мұғалімдердің   соңғы үш жылдағы санаттар бойынша өсу динамикасы


Дарынды балаларды анықтау мәселесі, бұл білім беру ұйымдарындағы балалардың танымдық және тұлғалық дамуы үшін жағдайлар жасау оларды жан-жақты дамыту болып табылады. 

Қыркүйек, Қазан айларында 8-сынып  оқушыларынан «Айқанат» олимпиадасына 53  оқушы    І  кезеңіне қатысуға өтініш беріп, 33  оқушы Райымбек о/м өткізілген тестке қатысып келді.  Мектепішілік  «Алтынсақа»  олимпиадасына   5-6  сыныптарда 50  оқушы   қатысып,  6  оқушы ауандық   кезеңге  өтіп  тест   тапсырды.


Аудандық   «Ғылыми жоба » байқауына  2   оқушы  қатысып, 1  оқушы облыстық  кезеңге   өтті. Сонымен қатар   мектепішілік  олимпиада  ұйымдастырылып, жеңімпаздар аудандық  кезеңге дайындалуда.



Шешім:

Пәндік онкүндіктерді ұйымдастыру және өткізу жұмыстары бекітілген график бойынша  жүйелі  ұйымдастырылуы  қадағалансын.

 Педагог қызметкерлердің  түрлі байқауларға қатысуын;

Өзара іс-тәжірибе алмасуды; (сабақтарға  қатысу) жандандырылсын.