2022-2023 оқу жылындағы әлеуметтік педагогтың жұмысының талдауы » Әл -Фараби атындағы орта мектеп
"Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"Әл-Фараби атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2022-2023 оқу жылындағы әлеуметтік педагогтың жұмысының талдауы
03
июль
2023

2022-2023 оқу жылындағы әлеуметтік педагогтың жұмысының талдауы

«Әл-Фараби атындағы орта мектеп»КММ

                                         2022-2023 оқу жылының әлеуметтік педагогтың  атқарған жұмысының                                                                                                              есебі                                                                                                                             


Мектептегі әлеуметтік педагогтың білім беру жүйесіндегі алатын орны ерекше. Әлеуметтік педагогтың  негізгі қызметі – адамды өмірге, қоғамға бейімдеу. Мектептегі әлеуметтік педагогтың басты мақсаты – тұрмыс жағдайы төмен оқушылармен жұмыс жүргізу. Әлеуметтік педагогтардың негізгі жұмыс нысаны балалар мен жасөспірімдер болып табылады. 


Күтілетін жұмыс нәтижесі


-Әлеуметтік-педагогикалық әрекетті жоспарлау мен ұйымдастырудың жүйелілігі.

-Қазақстан Республикасының  білім беру, тәрбиелеу, қорғаныш және қамқоршы қызметтері, бала мен ана, еңбекті қорғау аумақтарында бекітілген нормативтік-құқықтық құжаттардың реттілігі.

-Түрлі санаттағы білім алушылардың әлеуметтік жағдайының анықтығы, зерделенуі.

-Білім алушылардың отбасымен, қамқоршыларымен әлеуметтік-педагогикалық қызмет жұмыстарының жүйелілігі.Қазіргі таңда мектебімізде  -1523 оқушы оқиды. 

  • жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала саны – 4 
  • толық емес 118 отбасында тәрбиеленіп отырған жалпы бала саны – 128

жалғызбасты ана 26 отбасында тәрбиеленіп отырған бала саны - 28

некелері бұзылған 92 отбасында тәрбиеленіп отырған бала саны - 100

  • көпбалалы 288 отбасында тәрбиеленіп отырған бала саны – 332 , оның ішінде:

1-11 сыныпта оқитын бала саны -1523

  • үйде оқитын бала саны  – 1 оның ішінде:
  • бала жасынан мүгедек бала саны – 1
  • ерекше  білім алатын  бала саны – 2
  • мектепішілік есепте тұрған бала саны – 8 
  • аз қамтылған отбасындағы бала саны  – 67
  • өгей әкемен  тұратын отбасылар  39   ондағы бала саны -60
  • өгей анамен тұратын отбасылар -5 ондағы бала саны 5


2022 жылдың тамыз -қыркүйек айлар аралығында дәстүрлі «Мектепке жол» Республикалық акциясы балалардың  құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы қаңтардағы №780 Жарлығымен жарияланған Балалар жылын іске асыру шеңберінде өткізілді.Акцияның ұраны: «Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық», ал мақсаты: аз қамтылған және көп балалы  отбасылардан шыққан  оқушыларға, жетім балаларға, сондай – ақ ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының бас талуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу болды.

Бұл ретте акцияның негізгі міндеттерінің бірі – барлық балаларды міндетті орта білім алу құқықтарымен қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу,балаларға қажетті оқу-құралдары  қамтамасыз етуге еріктілер мен спонсорларды іздестіру жұмыстары жүргізілді. Инстаграмм,фейсбук интернет желісінде «Мектепке жол» акциясын насихаттайтын   бильборд  орналастырылып, жүргізілген іс-шаралар салынып отырды.

Жалпы қайырымдылық акция барысы білім ошағында жоспарлы, мектеп әкімшілігі мен    ұстаздар қауымының, демеушілердің тікелей атсалысуымен жоғарғы қарқында өтті


                   

Акция барсында кестеде көрсетілген   17  оқушыға  338000 мың тг көлемінде   әлеуметтік көмек көрсетілді. «Мектепке жол» акциясы,   «Қайырымдылық» акциясы болып жалғасын тауып, әлеуметтік  жағдайы төмен оқушыларға                көмек көрсетілді  жалпы   - 37оқушыға  500000 мың тг көлемінде көмек көрсетілді.    


3 «Ә» СЫНЫБЫ  

 Бекен отбасына қаржылай көмек берді 


2022-2023 оқу жылында Жалпы білім беру қорынан 250 оқушы ыстық тамақпен қамтылды, 25 оқушы асхананы жалға алушы есебінен ыстық тамақпен қамтамсыз етілді. Жалпы 275 оқушы ыстық тамақпен қазіргі уақытта толық қамтылды

ЖББ қорынан  2022-2023  оқу жылында 64 қаулының  негізінде   әлеуметтік  5 категория бойынша    бөлінген отбасыларна  қаржылай көмек көрсетілді бірінші тоқсанда 70 оқушы 37389 тг қаржылай көмек алса екінші тоқсанда 36 оқушы қаржылай көмекпен қамтылды. Жалпы ЖББ қорынан 106 оқушы 37389 мың тг бір реттік көмек берілді.    І тоқсанда   Мектебімізден 2 оқушы мектеп жанындағы -интернатқа орналастырылды.  2 «Ә» сынып оқушысы  Искаков   Азамат   9 «Д» сынып оқушысы Хомякова Ангелина   Абай атындағы орта мектеп мектеп жанындағы интернатқа орналасты.

ІІ тоқсанда  7 «Б» сынып оқушысы Қожекеев Данияр Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп жанындағы интернатына ауысты. 1 жарты жылдықта 23  оқушының үйіне тұрмыстық акт жүрізіліп түрлі ұсыныстармен пікірлер айтылды. 

7 «Д» сынып оқушысы  Онипченко Романның анасы Онипченко Татьяна Афанасьевна қайтыс болуына байланысты Әл-Фараби мектебінің ұжымы және ата-аналары қаржылай , азық-түлікпен көмек көрсетілді. Жалпы 90000 мың тг көмек көрсетілді. 


Асханада ай сайын жоспар бойынша комессия мүшелерімен тексерулер болып тұрады

         Асханада тексеріс 12   қыркүйек күні комиссия мүшелерімен: Әлеуметтік педагог- Саткенова Л.Е, 

 мектеп медбикесі-Зайналова Б.К., балалар қорғау инспекторы- Алтаева С.К, жүргізілді. Тазалыққа қатысты терезе, есікке, еден жуатын арнайы шелектері бар. Терезе алды, тамақ жасайтын едендер таза, қоймадағы заттардың сақталу мерзімі талапқа сай, көрсетілген мерзімнен аспаған. Нан, беті жабылатын ыдыста туралып салынған, самса, тоқаш пісіретін пеші таза, күнделікті жаңадан бәліштер мен тоқаштар пісіріледі. Ыдыс аяқ жуылатын орындар мен ыдыстар таза, өз орнында қойылған. Тоңазытқышқа салынған орауыштағы шұжықтар  сақтау мерзіміне сай. 

Тамақ жасайтын орындардың үнемі таза ұстауын, артық қалған тамақтарды тоңазытқышта сақтамауы, ай сайын асханада тексеріс жүргізіліп, анықтама жазылатыны айтылды. Ескерту алғаннан кейін, жіберген кемшіліктері жойылды. 



         21.10.2022ж мектеп асханасында комиссия мүшелерімен тексеріс жүргізілді. Тексеріс жүргізілу барысында анықталған кемшіліктер болмады. Жұмыс орындары мен тағам дайындайтын орындары таза. Сол күнгі жасаған тоқаштары, самсалары мен бәліштері пештен жаңа алынған. Қоймадағы ұндар мен күріш, алма қағы, манка ботқалары қапта беттері жабылған. Тоңазытқыштағы тағамдардың уақыты, көрсетілген күнінен өтпеген:

  • Шұжық 29.08 сақтау мерзімі 6 ай.
  • Сары май 05.09 сақтау мерзімі 1 ай.
  • Шай 14.07 сақтау мерзімі 2 жыл.
  • Макарон 22.08 сақтау мерзімі 2 жыл. 
  • Күріш 27.06 сақтау мерзімі 12 ай 
  • Фарш 15.10 және т.б.

 ЖББ есебінен тағамданатын оқушылардың асы дайын, кесте бойынша бекітілген сыныптарға үлестірілді. Оқушылар тамақтанатын орындар, терезе алды, еден таза. Асхана қызметкерлері өз жұмыстарын орынды атқаруда.     

Жаңа жыл қарсаңында ЖББ қорынан ыстық тамақ ішетін оқушыларға асхананы жалға алушы есебінен  275 оқушыға жаңа жылдық тәтті сыйлықтар тарту етілді. Сонымен қатар АҚ-ЕРКЕ еріктілер тобы және де  Славян  мәдени бірлестігі  әлеуметтік жағдайы төмен 60 оқушыға АҚ-ЕРКЕ еріктілер тобы жаңа жылдық шырша ұйымдастырып 26 оқушыға сыйлықтар тарту етті.

Өз кезегінде балалардың ата-аналары сыйлыққа ризашылықтарын білдіре отырып, мектеп ұжымына жаңа 2023 жылында да толағай шығармашылық табыстарға жетуіне тілектестігін білдірді.

Сабақтан себепсіз қалатын оқушылардың үйін тексеріп тұрмыстық жағдайын акт жазылды.




Оқыту кезінде әлеуметтік осал топтағы  отбасыларының   балаларына сынып жетекшілер мен мектеп психологтары  үнемі қолдау жасап отырды. Алдағы уақытта да  жоғарыдағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізуге арналған шаралар жүргізіледі.

Похожие публикации:

16 март 2023 Хабарландыру
01 октябрь 2022 Хабарландыру
19 сентябрь 2022 Хабарландыру
17 август 2022 Хабарландыру
17 август 2022 Хабарландыру