2022-2023 оқу жылында 9,11 сынып оқушыларымен және ата- аналармен жүргізілген психологиялық жұмыстардың талдауы » Әл -Фараби атындағы орта мектеп
"Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"Әл-Фараби атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2022-2023 оқу жылында 9,11 сынып оқушыларымен және ата- аналармен жүргізілген психологиялық жұмыстардың талдауы
03
июль
2023

2022-2023 оқу жылында 9,11 сынып оқушыларымен және ата- аналармен жүргізілген психологиялық жұмыстардың талдауы

Әл-Фараби орта мектебінің 9,11 сынып оқушыларымен және ата- аналармен жүргізілген психологиялық жұмыстары 

11 «А» сыныпта-14 оқушы. 13 оқушы ұлттық біріңғай тестке қатысады. 1- оқушы ұлттық біріңғай тестке бармайды. Математика бағытын екі оқушы таңдап отыр. Негізінен оқушылар гуманитарлық бағыттағы пәндерді таңдап отыр.

9.11. 11 «А», 10.11.11 «Ә» сыныптармен танысу,жағымды  қарым-

қатынастар орнату мақсатында әңгімелесу, кездесу жұмыстары жүргізілді.

21.11.22ж күні 11 а,ә сыныптарымен өткізілген «Мамандық-өмір таңдау» ашық тәрбие сабақта жалпы мамандық туралы ақпарат берілді. 1-2 видео ролик көрсетіліп, әр мамандықтың қыр сырларымен

таныстырылды.  «Мамандық дегеніміз не?»және оқушыларға қандай мамандық тандағандығы және несімен қызықтырда т.б сұрақтар арқылы басталды.Әр оқушы өздернің мамандықтарының ерекшеліктерімен,

артықшылықтарын айтып өтті. « Менің жеке қасиетім» тренинг жүргізілді. Олар өз бойындағы жеке қасиеттерін берілген 100 –дік балмен бағалады, кейінен «Сұрақ менен, жауап сенен» әдісі арқылы сұраққа өз ойларымен жауап берді. Немесе 1 оқушы бір мамандықты іс-қимылмен мамандықты түсіндіреді, қалған оқушылар соны табады. Содан соң оқушыларға

математикалық фигуралар көрсетілді. Таңдауларына байланысты қай оқушыға қандай мамандық тең келетіндігі туралы айтылды. Біраз оқушыға жауаптары тура келді. Сабақты қорытындылау барынысда «Мамандықты не үшін таңдау қажет?» тренингпен аяқталды.

Оқушылардан мамадыққа байланысты сауалнама, тест жұмыстары

алынып отырылады. Әр қаладан келген колледждер мамадары өздернің оқу орындары туралы ақпараттарымен таныстырып өтті. Қызықтырған оқушылар өздернің сауалдарын қойып жатты. Оқушылар өздерінің түсетін оқу

орындары мен мамандықтары туралы ғаламтор арқылы танысу жұмыстарын жүргізіліп отырылады.


11 «А» сыныппен Оспанова Макпал «Кәсіптік бағдар» тақырыбында ашық әңгімелесу алаңын ұйымдастырды.

Мақсаты: Оқушыларға мамандық таңдаудың негізгі шарттарын таныту Мамандық таңдауда ата- ананың қолдауы; Психологиялық қолдау көрсету;

Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділікті, улкен өнерді және зор шеберлікті қажет ететін іс.


 

11 «А»  сынып оқушылары мен ата- аналар арасында мамандық таңдау кезіндегі ата- аналардың атқаратын рөлі және қолдаулары жөнінде әңгіме болды. Бастапқыда оқушылардан мамандық таңдау жөнінде сұрақ жауап

алынып, өздерінің болашақта қандай маман иесі болғылары келетіні жөнінде талқыланды. Әр оқушының пікірі мен армандаған мамандығы жөнінде тыңдап жауаптарына сәйкес ата – аналардың ой пікірлері сұралды. Және

болашақта мамандықтан қателеспес үшінде жан – жақтан қаралып болашақта сол таңдалған мамандықтын қаншалықты қажетті екенді жөнінде ескертілді. Себебі Отанның болашағы , мемлекеттің келешегі жастардың қолында, олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктілік арқасында   биік белестерге жететіндігі де түсіндірілді.

Жиын соңында өз пікірімді білдіріп оқушылардан мамандық таңдау кезінде нені ескеру керек деген пікірге байланысты тренинг жүргіздім.

Ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі боламын десеңіздер ілім – білім алуға барлық күш жігерлеріңізді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңгі болашық маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін! – деп

сынып жетекшісі Оспанова М.Б аяқтады.

11 «Ә» сыныбында-13 оқушы бар. Барлығы ұлттық біріңғай тестке баруды қолдап, дайындалуда. Физика-математика бағыттары бойынша бес оқушы

таңдау жасап отыр. Екі оқушы IT ммандығын, екі оқушы медицина мамандығын, гуманитарлық бағытты таңдада.

Санаулы айлардан кейін тестқа кіретін бітіруші түлектеріміз: армандарына қол жеткізу мақсатында, ұлттық біріңғай тесттен қалаған баллдарын алу үшін тынымсыз еңбек, үздіксіз дайындық үстінде. Түлектерімізге сәттілік серік болсын, армандарындарына қол жеткізгенше тынбай еңбектенулеріне

тілектеспіз!

Мектебіміздің 9 сыныптарына тоқталсақ. 9 «А» сыныбында барлығы-25 оқушы. Бүгінгі күні 15 оқушы колледжге түсеміз деп бағытталуда. Физика, география, ағылшын пәндерінен дайындалуда. Он оқушы мектепте білім

алуды жалғастыратыны анықталды.

15.11.22ж күні 9 а сыныбымен өткізілген «Мен қандай мамандық иесі боламын» ашық тәрбие сабақта жалпы мамандық туралы ақпарат берілді. 1-2 видео ролик көрсетіліп, әр мамандықтың қыр сырларымен таныстырылды.

Оқушыларға топ бойынша тапсырма берілген болатын, әр топ өздернің мамандықтарының ерекшеліктерімен, артықшылықтарын айтып өтті.

Оқушылармен ойын ойнатылды, әр мамандықтың аты жазылған парақтағы сөзді жасырып, соны басқа оқушылар табады. Немесе 1 оқушы бір

мамандықты іс-қимылмен мамандықты түсіндіреді, қалған оқушылар соны табады. Содан соң оқушыларға математикалық фигуралар көрсетілді.


 

Таңдауларына байланысты қай оқушыға қандай мамандық тең келетіндігі туралы айтылды. Біраз оқушыға жауаптары тура келді. Сабақты қорытындылау барынысда тернинг өткіздім. «Менің арманым-менің өмірім» тақырыбында. Мектепің тәрбие ісі жөнінідегі орынбасары Мамырбекова Э.Н біраз мағлұматтармен таныстырып өтті.

Оқушылардан мамадыққа байланысты сауалнама, тест жұмыстары

алынып отырылады. Әр қаладан келген колледждер мамадары өздернің оқу орындары туралы ақпараттарымен таныстырып өтті. Қызықтырған оқушылар өздернің сауалдарын қойып жатты. Оқушылар өздерінің түсетін оқу

орындары мен мамандықтары туралы ғаламтор арқылы танысу жұмыстарын жүргізіліп отырылады. Бұл жұмыстар бұнымен тоқтап қалмайды, әлі

жалғасады жыл соңына дейін.

12.01.2023 жылы күні ата-аналармен «Мамандық таңдаудағы ата-

ананың рөлі» Мақсаты: Оқушыларға мамандық таңдауда ата-ананың рөлінің маңыздылығын түсіндіру. тақырыбында жиналыс өткізілді.

Жиналыстың басында мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мамырбекова Э.Н жалпы кәсіптік бағдар бойынша сөз алды. Барлық

мамандыққа байланысты атқарылатын іс-шаралармен таныстырып өтті.

Екінші кезекте психолог ретінде пайдалы кеңестер ұсындым. Ата-аналарға сұрақтар қойып, жауаптар алдым. Ой тастайтын әңгімелер айтылды.

Үшінші кезекте сынып жетекшісі Атекеева Б.К жалпы мамандық туралы баяндама оқып, әр мамандық туралы жетік түсіндіріп, таныстырылым

арқылы мәлімет беріп өтті. Ата-аналарға мамандық таңдауда баламен

ақылдаса отырып таңдау, олардың да ой пікірлерін тыңдай түсуге, қандай мамадықты қалайтындары туралы ақылдасу керек екендігі айтылды.

Баласының қандай мамандыққа бейім екендігін білесіздер ме? Деген сұраққа жауап алынды. Балалардың өзеріне де қандай мамандықты қалайтындарын, қай оқуға түскісі келетіндері жайында сұрақтар қойылып, жауаптар алынды.

Жиналыс соңында ата-аналарға «сандар сөйлейді» тапсырмасы беріліп өте керемет сөздер айтылды. Яғни ол сөздер оқушыларға арналған еді.

Мамандық таңдағанда шатаспай дұрыс таңдауларына бағыт сөздер болды.

9 «А» сынып оқушыларымен: қаңтар айының соңында: «Адамгершілік- асыл қасиет» тренинг өткізілді. Ашық пікір талас алаңы орын алды.

Тамашалаған видеолары негізінде өз пікірлерін ортаға салды. Қандай мамандық иесі болмасын, өмірде кім болсаңда, адамгершілігің болмаса, ешбір маңызы болмайтындығы жайлы ой түйді.


9 «Ә» сыныбында 25 оқушы бар. С егіз оқушы колледжге кетеміз деп жопарлап отыр. Басқа оқушылар мектепте оқуын жалғастырады.


 

9 «Б» сынып. Барлығы 24 оқушы бар. Он екі оқушы колледжге түсеміз деп жоспарлауда, бір оқушы ойлануда, қалған оқушылар мектепте оқуларын

жалғастырады.

9- сыныптар арасында “Мамандықтар әлемі: біз таңдайтын жолдар” атты тәрбие сағаты өтті.

Мақсаты: оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын

дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз - өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру

мамандық таңдау мәселесін белсенді арттыру, мамандық әлемі туралы

ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру.

Міндеті:

Мамандықтарды талдай және таңдай білуге үйрету;

Оқушыны өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай тани білуге үйрету;

Оқушылардың бағдары мен құндылықтары туралы мәлімет беру

9 “А”, “Ә” ,”Б” сынып жетекшілері: Алтаева С.К,Кудайбергенова Б.К, Турсынбекқызы Ә оқушылар арасында мамандықтар әлемі туралы тәрбие сағатын өткізді. Пікір алмасу сабағында Сара Кенжеханова сөз сөйлеп

бастады. Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 - ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз олардың қаншасы туралы білеміз?

Мамандық таңдауда нені бағдар ретінде алуға болады? «Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?» деген сұрақтарға мектеп оқушыларының көбісі нақты жауап бере алмайды. Шындығына келгенде мамандық таңдау мәселесі біздің қоғамымызда өте күрделі мәселе екенін байқауға болады.

Көптеген жоғары сынып оқушылары өздерінің іскерліктері мен

қабілеттерін дұрыс тани алмай, мамандық таңдауда көптеген кедергілерге ұшырайды.


 



Мамыр айының ортасынан бастап 11,9 сынып оқушыларымен жүргізілген жұмыстар жалғасын тауып жатты.

Бітрушілерді ҰБТ-ның ерекшеліктері, жүргізілу барысы жайлы11-сынып оқушыларымен әңгімелесу, пікір алмасу алаңы жүргізілді.

ҰБТ алдындағы қобалжу, стресске қарсы тұру мақсатында сауалнамалар жүргізілді, проблемалар анықталды. Аутотренинг формуласы негізінде

«Үрейлі және сабырлы қалып» жаттығуын жасадық. Жаттығу аяқталғанда

«Үрей портретін», «Сабыр портретін» құрастырып оқушылар талқылау жұмыстарын жүргізді.Үрейдің қашанда қысымнан, ал сабырлылық босаңсу мен сергуден тұратынын ұғынды.

Мазасыздану-есте сақтау мен зейінді шоғырландырудың маңызды бір кедергісі болып табылады.

Үрей, мазасыздану сезімін жеңудің психологиялық әдістерін меңгерді.

Үрей қалпы әрқашан бұлшықеттердің қысымымен байланысты. Кей кезде сабырлылық қалыпқа келу үшін тек бұлшықеттерді босату, сергітудің өзі жақсы әдіс болып табылады. Оны релаксация деп атайды. Бұлшықет

релаксациясы мен тыныс алу релаксация деп атайды. Бұлшықеттер релаксациясы мен тыныс алурелаксациясын жасап үйрендік. Үрейді медитация көмегімен жеңуге жаттықтық.

Жаттығу жұп бойынша орындалады. Тренер әркімге топтан барлығынан да онша танымайтын жұпты таңдауға ұсыныс жасайды (топтың

қатысушыларынын көп танымайтын). Нұсқаулық: Әрқайсыларыңызға төрт минут уақыт беріледі, осы уақыттың ішінде әңгімелесушіге өзіңіздің

алдыңызда кімді көріп отырғаңызды айтып беруіңіз қажет. Әңгімнеі мына

сөздерден бастау қажет: «Менің алдымда көріп отырғаным... » ары қарай тек

бағалау түсінігі әңгімесін қоспай сыртқы келбет жайында айту керек, сондай ақ адамның жеке ерекшеліктері туралы ақпаратын қосатын сөздерді, мысалы: мейірімді көздер, ақылды көзқарас және т.с.с. алдымен біреуі бір минут

айтады ал екіншісі тыңдайды сосын керісінші. Мен сіздерге, рөлдерді

ауыстыру қажеттілігі туындағанда айтамын. Жаттығу 1. Алдыңызға кез-


 

келген бір зат қойыңыз. 2. Ол затқа бірнеше минут бойы мұкият қараңыз. 3. Көзіңізді жұмып, сол заттың бөлшектерін есіңізге алыңыз. 4. Көзіңізді ашып, ұмыт болған бөлшектерін табыңыз. 5. Көзіңізді жұмыңыз. 6. Есіңізде жақсы сақталғанша бірнеше рет қайталаңыз. Жаттығу 1. Алдыңдағы жаттығуда қолданылған затты жасырыңыз. 2. Барлық бөлшегін ала отырып, суретін

салыңыз. 3. Оригиналды суретпен салыстырыңыз.

«Ассоциация» жаттығуы Топқа бөлініңіз. «Тестілеу» (немесе басқа, тындаушыларға жақын) сөзі сізде калай ассоциадан өтетінін талқылап,

жазыңыз. Жүргізуші топта ұсынылған барлық ассоциациялар тізімін тақтаға жазады. Ол қосымша талқылау коса отырып, кез-келген ассоциацияға немесе оны жеңу әдістерін талқылай отырып, кесте толтырады. Содан кейін

тыңдаушылар ұсынылған сөздерден 10 минут арасында әңгіме құрастыруы керек.

«Есте қалдыруға түрткі» жаттығуы Адам өзіңе қызықты нәрсенің бәрін есіне сақтауға бейім. Сондықтан, суретші сүрет түстерін, банкир қаржы курстарын, құрылысшы бір көргеннен ақ құрылыс түрін есіне сақтайды. Бұл жерде қаралып отырған зат адам үшін нақты мағынаға ие. Өйткені біз, нақты мәліметтерді ғана жақсы есте сақтаймыз. Әлбетте біз есте қалуға түрткі бола алатын заттарды есте сақтаймыз. Біздің назарымыз үшін ненің маңызды

екенін алдын-ала білмейміз деп қарсы шықсаңыз да болады. Иә бұл солай, бірақ та біз болашақта қандайақпараттың керек екенін қабілетті түрде

талқыдан өткіземіз. Осы сұрақты шешуге көмектесетін 3-әдіс: -Өзіңізден сұраңыз: «Егер осыны есте сақтамасам не болады? Оның маңызы бар ма?»

Егер жоқ болса, есте сақтаудың керегі бар ма? -Өзіңізден сұраңыз: «Осы

ақпаратка деген қажеттілік менде қашан пайда болуы мүмкін?» Егер жақын арада керек болып жатса, қосымша есте сақтау түрткісі сізде не болады? - Өзіңізден сұраңыз: «Осы мәліметті есте сақтау, неге тәуелді? Бір затты есте сақтамас бұрын, оның маңызын анықтап алыңыз. Егер ол сізге және басқада адамдарға маңызды болса, егер ол сіздің өміріңде ерекше рольге ие болса, бұл ақпарат - басымдылықтар тізімінің басында тұруы керек.Егер сіз ол

ақпаратқа жоғары басымдылық берсеңіз, ол сіздің есіңізде сақталады. Есте сақтау жақсы формада болғанын қаласаңыз оны үнемі шынықтырып тұрған жөн. Мысалы, келесі жолы уй немесе көлік тазалар алдында, кілтті

ойланбастан лақтыруды орнына, оны белгілі бір орынға қойыңыз. Егер сіз кілтті үстелге қойсаңыз, мұқият қараңыз. Үстел үстінің түсін өзіңізден

сұраңыз ашык па әлде, қара ма? Қатты ма әлде жұмсақ па? Кілтке қараңыз.

Олар қалай жатты үстінен немесе астынан? Брелоктың қалай жатканын есіңізге түсіріңіз. Кілтке және орындыққа жақындаңыз. Олар сезінгенге

қалай? Барлық сезімдеріңізді іске қосыңыз. Иісін сезесіз бе? Қоршаған орта иісі құрғак па әлде дымқыл ма? Есте сактау аппаратының тізбектілік түрткісін алдын-ала болжай аласыз ба? Алған әсеріңізбен бөлісу үшін сізге


 

бір ондық секунд аздық етуі мүмкін. Кейіннен ол тек бір сәттік болады.

Келесі жолы бір адаммен сөйлескенде, назарыңызды жан-жақты аударыңыз. Ұмытшақтығымыздың көп себебі шын мәніде біздің тыңдамағанымыздан болып табылады. Немесе біздің ойымыз басқа жақта қалықтап жүреді. Жақсы тыңдаушы болу-ол бар ынта назарымызды әңгімелесушіге бөлу. Мынаныесте сақтаңыз: «Ең жақсы әңгіме сөздегі емес, әңгіме мағынасына толықтай назар аудару»

Жаттығу « Эмоционалдық күй»

Мақсаты: Адамға ұнайтын заттар және объектілер позитивті эпитеттермен ерекшеленеді. Анықталған сөз сіздің қиялыңызбен, табыстарыңызбен,

әдемілікпен сипатталады. Олар позитивті эмоционалды маңынаға ие. (мысалы, «керемет!», «тамаша!» сөзі) позитивті эмоция тудырады. Осы

эпитеттерді қолдана отырып, оларды заттарға немесе жекелеген элементтерге байланыстыра отырып, сол заттарға деген қызығушылық қалыптастыруға болады. Эмоционалды қызығушылық әсерінен белгілі заттар сізді тартымды және қызықты болып көрінеді. Заттарға позитивті қызығушылық қалыптасу үшін сіздің қызмет процесіңізде эмоционалды қанағаттану нақты түрде ұзақ болуы керек. Тапсырма 1.Өзіңізге ұнайтын, позитивті көңіл-күй шақыратын 20 сөз жазыңыз. 2. 15-20 өзіңізге унайтын заттарды екершелеу үшін

қолданатын сын есім жазыңыз (мысалы, «керемет, тамаша»). 3. Өзіңіз қызығушылық танытқыңыз келетін 10 компонент жазыңыз. Мысалы, ол көлік болса, оның элементтерінің ішінен моторы, тежегіші, рульі, корпусы немесе дизайны. Ал егер сіз психологияға деген қызығушылығыңызды

дамытқыңыз келсе, оған компонент ретінде психологиялық процесстер және функциялар кіреді (ес, зейін, қиял, ойлау, түрткі және т.б). 4. Қызметіңіздің әрбір компонентін позитивті күймен, эпитетпен толтырыңыз (өзіңізге

жағымды). Әрбір элементкеі позитивті жағынан мінездеме беріңіз.

«Синтез» жаттығуы Өзіңізді шығармашылық күйге енгізгіңіз келсе, қабылдаудың әртүрлі түрлерін араластырып, қиялдаңыз, яғни әртүрлі

үндердің дәмін, сестерді тыңдай біліңіз, сезімдерді иістеңіз. Осындай басқада сезімдерді бастан кешіріңіз. -«қатысу» сөзінен не сезіледі? -жеті саны не

сезітеді? -көгілдір түстің дәмі қандай? -еркіндік идеясының қалай көрінеді? - сәрсенбінің формасы өалай көрінеді? -қуаныштың дәмі қандай болады?

«Менің мақсатым» жаттығуы. Ойынға 5 адам қатысады. Ролді

орындайтын, мақсаты таңдалған адам; қатысушыға «сен жарайсың, сенің қолыңнан келеді» деп қолдау көрсететін періште, және қатысушы атау берін, тағайындаған үш кедергі. Қатысушының мақсаты - кедергілерді жеңіп,

мақсатына жету. Тренингтік ойын барысында, қатысушылардың назарына және олардың сыртқы және ішкі сезімдеріне назар аудару. Ойын соңында,


 

қатысушылардың әрекет стереотиптеріне анализ жасалады. Қорытынды: табыс түркісіне мақсаттың нақтылығы керек.

«Мен» жаттығуы Қатысушыларға өзінің жеке «Мен» образын бейнелеу, суретін салып алу, оның символын, жазуын, қозғалыстағы бейнесін, биін, ән салуын үшін (10 мин) уақыт беріледі. Қалған қатысушылар осы образ сол

адамға қаншалықты сәйекес келетіндігін талқылайлы.

Сабақ ашық хат ойынымен аяқталады Барлығына «Маған сендегі ұнайтын...» деген сөйлемнен басталып жазылған ашық хаттар таратылады. Әрбір қатысушы осы сөйлемнің алдына өзінің есімін жазып, оң жақтағы көршісіне береді, ол өз кезегінде сөйлемді аяқтап, кейін шеңбер бойынша

ары қарай береді. Бүкіл шеңбер бойынша айналып өткен ашық хат, осы ашық хатта есімі жазылған қатысушыға қайта оарлады. Осыдан кейін барлық

қатысушылар бір-бірлеріне көзқарастармен алғыс айтады, ал жүргізуші сабақты аяқтайды.

«Соңғы кездесу» жаттығуы Мақсаты: қатысушылардың белсенділігін арттыру, коммуникативті мәдениетті дамыту. Көз алдыларыңызға

елестетіңіздер, тренинг бітіп, біз қоштасудамыз. Бірақ сіздер бір бірлеріңізге барлығын айтып үлгердіңіздерме? Мүмкін сіздер топпен өздеріңіздің күйзелістеріңізбен бөлісуді ұмытып кеткен боларсыз немесе бір адамнан сіз туралы ойын білгіңіз келетін болар әлде сіз бір адамға алғыс рахмет

айтқыңыз келетін шығар? Оны «осы жерде және қазір» жасаңыз. Тұлғалық өсуге арналған жиырма сегіз қарапайым және табысты бағдармалар. Берілген тренингтерді дайындау және өткізу кезеңінде оны оқушылармен жұмыс

жасауда педагог психолог, ата аналар өз балаларымен жұмыс жасауда, жалпы алғанда кез келген адам өзін өзі немесе қоршаған адамдарын тереңірек түсінгісі келгенде қолдана алатындығы айқын болды.

11-сыныптармен ҰБТ-ға барар алдындағы кездесуде: ата-аналар, сынып жетекшісі және оқушылардың қатысуымен: «Сүйікті ата-ананың қолдауы» тренингі өткізілді. Алдын-ала мектеп директорының ата-аналарға хаты жіберілді. Хаттың мазмұны балаға ең бірінші ата-ананың қолдауы маңызды екені жайлы айтылады. Нәтижесінде ата-аналар балаларына қолдау хатын жазды. Оқушылар тренинг кезінде оқып, эмоцияға берілді. Нәтижесінде

сынық алдында қолдауға, мотивацияға қол жеткізді.

9 сыныпты тәмамдап колледжге оқуға түсетін оқушыларының алдында тұрған басты мәселе - болашақ мамандығын таңдау. Ал мамандықты дұрыс таңдау - ол өмір жолының сәттілігінің негізі.Турсынбекқызы Әйгерім оқушыларға сұрақтар қойып пікір алмасты. Оқушыларға мамандықты дұрыс таңдауға ой салып кетті деседе болады.


9 сынып оқушыларына да оқуға тапсыратын түлектерімізге сәттілік.

Мектепте қалатын оқушыларымызға білімдерін шыңдап ұлттық біріңғай тесттен қалаған баллдарын жинауға тілектеспіз.



 




 
 

Мектеп педагог-психологы:               Л.К.Кыдыкова.