Нурамбаев Жанат Жумашевич » Әл -Фараби атындағы орта мектеп
"Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"Әл-Фараби атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
апрель
2021

Нурамбаев Жанат Жумашевич


    Нурамбаев Жанат Жумашевич 1987 жылы 17 шілдеде Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Беріктас ауылында дүниеге келген. 1993 жылы Беріктас орта мектебінің табалдырығын аттап, аталған мектепті 2004 жылы тәмамдаған.  2004 жылы Есік педагогикалық колледжіне оқуға түсіп, 2007 жылы  «Ұлт мектептерінде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі»   мамандағын үздік бітірген. 

   2007 жылы еңбек өтілін Еңбекшіқазақ ауданы, Саймасай ауылы, А.Байтұрсынов атындағы орта мектебінен бастайды. Мұғалімдікпен қатар сынып жетекшілік жұмыстарды қоса атқарып, мектеп өміріне белсене атсалысады. 2007-2008 оқу жылының «Үздік педагог» қызметкері атағын жеңіп алған.

2008-2010 жылдары аталған мектепте педагог-ұйымдастырушы қызметін атқарады. 2010 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «Қазақ тілі мен әдебиеті» факультетін бітіріп, 2010 жылы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалады. 

     2012 жылы Есік гуманитарлық-экономикалық колледжіне жұмысқа шақыртылып, сырттай оқу бөлімінің әдіскері қызметін атқарады. 2016 жылы аталған колледждің сырттай оқу бөлімінің меңгерушісі қызметіне ауысады. 2018 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «Қазақ тілі мен әдебиеті» факультетінің магистр дәрежесін тәмамдайды. 2018 жылы колледж директорының  оқу-инновациялық технологиялар жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалады. 

    2019 жылы Есік қаласы, Абылай хан атындағы №4 орта мектебіне ауысып, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарады.

    2021 жылдың 26 ақпан айынан бастап Еңбекшіқазақ ауданы, Бәйтерек ауылы, Әл-Фараби атындағы орта мектеп» КММ-нің директоры қызметін атқарып отыр.

           Отбасылық жағдайы. Үйленген, 1 ұл, 2 қыз тәрбиелеуде.


Жетістіктері:

  • Республикалық «Үздік педагог-2019» байқауының жеңімпазы, «Үздік педагог» төсбелгісінің иегері;
  • «НұрОтан», Облыстық білім басқармасы бастығының, колледж директорының құрмет грамоталары.
  • «Заманауи сабақ-педагогтің кәсіби өсуінің көрсеткіші» облыстық үздік сабақтар фестивалінің II орын иегері.
  • Халықаралық, республикалық, облыстық басылымдарға сабақтар мен мақалалар жарияланды;
  • Облыстық тамыз конференциясында, семинарларда тәжірибе тарату мақсатында бірнеше «Шебер сынып» жұмыстары ұсынылды.

Шәкірттер жетістігі:

  • 1-ші Республикалық студенттердің ғылыми-прақтикалық конференциясының 1 дәрежелі дипломы. (Кәріпбек Айбегім)
  • «Ғылым жолында» Республикалық ғылыми жоба байқауының 1 дәрежелі дипломы (Мақсұт Самал)
  • «Көркем сөз» жанры бойынша Республикалық байқаудың бас жүлде жеңімпазы (Мырзабай Әділет)
  • Облыстық байқау: «Тілім менің – тірегім» эссе. 1 орын (Балтабаев Рүстем)
  • «Парасат» Республикалық білім сайысы «Тіл – тірегім, соғып тұрған жүрегім» 1 орын. (Балтабаев Рүстем)
  • ҚР «Рухвни жаңғыру» ұлттық бағдарламасы аясында «Ғылым және өмір» атты ғылыми-практикалық конференциядағы жоба байқауынан 1 орын (Сатымбай Майгүл)


Жеке қасиеттері: еңбекқор, өз ісіне жауапты, жан-жақты, іскер.

                              Адамдармен тез тіл табысады. Өз алдына мақсат қоя біледі.


Похожие публикации:

29 апрель 2017 Мектеп ұжымы
27 январь 2017 Мектеп туралы