Өзін-өзі басқару ұйымының жұмысының талдауы » Әл -Фараби атындағы орта мектеп
"Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"Әл-Фараби атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Өзін-өзі басқару ұйымының жұмысының талдауы
03
июль
2023

Өзін-өзі басқару ұйымының жұмысының талдауы


«Өзін өзін-өзі басқару» ұйымының 

2022-2023 оқу жылы бойынша өткізілген жұмыстар бойынша

жылдық есебі

  2022-2023 оқу жылының өзін-өзі басқару ұйымының І жартыжылдықта жүргізілген жұмыстары зерделеніп, сараптама жасалынды. Еліміздің мүддесін ойлайтын, экономикалық бәсекелестікке қабілетті, білім мен өнерге құштар, елінің тарихын білетін, тілін, дінін, әдет ғұрып, салт- санасын қастерлейтін, еңбекқор да, салауатты, адами құндылықтар бойына қалыптасқан, әділетті, қайсар тұлғаны өзін- өзі басқарту арқылы қалыптастыру мақсатында мектептегі тәрбиенің кешенді–мақсатты бағдарламасын басшылыққа ала отырып, мектебімізде өзін – өзі басқару ұйымы құрылып, жұмыс істеуде. Өзін –өзі басқару ұйымының міндеті:
1. Мектеп оқушыларын біріңғай өзін-өзі басқара алатын, өзіне-өзі сенімді тұлға болуға тәрбиелеу.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясын құрметтеуге, мектеп ережесінің талаптарын бұлжытпай орындауға үйрету.
3. Оқушылардың зияткерлік және шығармашылық тұлғалық қасиеттерін дамыту.
Жоспарға сәйкес іс-шаралар, ұйым мүшелерінің отырыстары, байқаулар, акциялар жүргізіліп отырылды. Атап айтқанда: 

 2022 жылдың 22 қыркүйек күні мектептегі өзін-өзі басқару Президентін сайлау өтті.


 2022 жылдың 30 қыркүйек күні  мектебіміздің «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының» мүшелері ұстаздар күніне орай «Ұстаз-ұлағатты есім» атты іс -шара ұйымдастырды. Мектеп мұғалімдеріне өлеңдерін арнап, мерекемен құттықтады. 


    Мектебіміздің 2022 жылдың  қазан айындағы жоспарына байланысты ӨӨБ  ұйымының мұшелері «Ұстаздар  күніне» орай   видеороликтер жасап, әлеуметтік желіге насихатталып  жүктелді.. Мектеп ішілік концерттер ұйымдастырылып   «Өзін-өзі басқару» ұйымы өздерінің ақ тілектерін, сағыныштарын, мұғалімдерге деген ыстық лебіздерін , құттықтауларын концерт арқылы өлең шумақтарын арнады.

   Қазан айында дәстүрлі түрде екі мереке - Қарттар күні мен мұғалімдер күні аталып өтіледі. «Руханият» бөлімі,  Мектеп әкімшілігі, педагогикалық құрамы, оқушылар, ата-аналар ұжымдары өз өмірлерінің бір бөлігін мектепке арнаған мұғалімдерді мерекелерімен бейнероликтер арқылы құттықтап, ықыластарын білдіріп,  назардан тыс қалдырмады. Халықаралық қарттар күні  біздің назарымызды егде жастағы адамдардың қоғамдағы маңызды рөліне аударуға арналған.   «Руханият» бөлімі  қазан айында рухани адамгершілік бағыты бойынша 02.10.2022 ж. күні қарттар күніне орай «Қарттарым, асыл қазынам!» атты іс –шара өтті, және бейнеролик түсіріліп,әлеуметтік желіге жүктелді.


Ауыл әкімшілігі бойынша бөлінген соғыс ардагерлеріне оқушылар атынан көмек көрсетілді.

   Ұстаздар күніне орай 01.10.2022ж. мектеп бойынша  Өзін-өзі басқару ұйымы “Дублер”күнін өткізді. Дублер күнінде орай оқушылар мұғалімдердің рөлін  сомдап   бейнеролик түсіріп ,әлеуметтік желіге жүктеді.  Өзін-өзі басқару күніне белсенділік танытып, оқушылар бөлініп, сабақтар жүргізді.

  «Руханият» бөлімі бейнероликтер дайындау арқылы мұғалімдерді мерекелерімен құттықтады.              

25.10.2022 жылы Республика күніне орай, Өзін-өзі басқару ұйымы мектепішілік іс- шараларға белсене қатысып, безендіру жұмыстарына белсене атсалысты. Мектебімізде Республика күніне орай 1-11сыныпатар арасында көптеген іс-шаралар өтілді. Өтілген іс-шаралар бойынша  Өзін-өзі басқару ұйымы бейнеролик түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеді.

Мектебімізде өтілген Алтын күз іс-шарасына Өзін-өзі басқару ұйымы белсене атсалысып, жарыстар ұйымдастырды. Алтын күзге орай ұйымдастырылған іс-шаралар бойынша бейнеролик түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеді.                                                                     

Мектеп президенті III-тоқсанның басынан бастап біздің мектептің Парламенті жеткілікті үлкен қоғамдық-ұйымдастырушылық жұмыс атқарғанын атап өтті: "осы тоқсанда біздің өзін-өзі басқару күшейді және біз көптеген іс-шаралар өткіздік. Біздің парламент іс-шараларды өткізуде тәжірибе жинады; оларды жақсы ойластыруды үйренді; одан да біртұтас болды; басқалардың пікірін тыңдауды, оны бағалауды және тыңдауды үйренді".

Құқық және тәртіп министрі: Біздің мектепте сыртқы келбеті бойынша рейдтер және оқушылардың сабаққа кешігуін,күнделіктерінің толтырылуы,кітаптардың тазалығы, тексеріліп жүрген. Сондай-ақ, оқушылар арасында көптеген қақтығыстар шешілгенін, сондай-ақ мектеп тәртібінің бұзылуы анықталып, жойылғанын атап өтті. Орынбасарлары тәртіпті сақтауға көмектесті.

Ақпарат және баспасөз министрі министрліктің атқарған жұмысы туралы есеп берді: Олар әр іс-шара бойынша фото есептер жасап, оларды уақытында тапсырды; Мектеп Парламентінің хатшысы өз міндеттерін жақсы орындады; Олар мектеп газеті мен сайтқа фотосуреттер түсірді; Мектеп оқушыларына мерзімінен бұрын ақпарат жеткізілді; Бейне құттықтаулар түсірілді, осы тоқсанда: «Мұқағали Мақатаевтың туғанына 92 жыл толуына орай» қабырға газеттерін шығарды,көрме ұйымдастырды.



1 наурыз- "Алғыс Айту" күніне орай мектепте ұйымдастырылған көрмелер.


Мәдениет және өнер фракциясы атқарылған жұмыстар туралы: 3 тоқсанда көптеген іс-шаралар болды. Концертік бағдарламалар, ән байқауын, мәнерлеп оқу сайысын, ұйымдастыруға және өткізуге көмектесті. Фотосуреттер тусіріліп,бейнероликтер сайтқа салынды.

Мұқағали Мақатаевтың туғанына 92 жыл толуына орай мектебімізде "Көркемсөз" сайысы өткізілді.1 наурыз - "Алғыс айту" күніне орай, мектебімізде "Алғыс айту-парызым! " атты концерт өткізілді.

"Ана-гүл, Ана-жыр, Ана-өмір шуағы!" тақырыбында Ардагер ұстаздармен кездесу мерекелік кеші өткізілді.

«Қош келдің,әз Наурыз»  атты мерекелік іс- шара өткізілді.

Қорытынды:Өзін-өзі басқару ұйымның басты ерекшелігін негізге ала отырып оқушыларда білімге, патриоттыққа, ата – анаға, үлкенге, ұстазға деген құрметтері арта түсті. Оқушылар өздеріне бір үлкен жауапкершілік

артылғанын  түсініп үлкен жауапкершілікпен,сол өздеріне жүктелген міндеттерді қуана орындайтындарын жеткізіп жатты. 

«Әл-Фараби атындағы орта мектеп»  КММ

2022-2023 оқу жылындағы қыздар жиналысының  жылдық есебі


  Қыркүйек айында 2022-2023 оқу жылына арналған  "Нәзік қыздар"  ұйымының іс-шаралар жоспары бекітілді. Қыздар жиналысының жетекшісі болып Ағылшын тілі пәні мұғалімі Прекеева Айгерим Гафуевна  тағайындалды.  


Мақсаты: Қыз баланың жеке бас гигиенасын сақтауға тәрбиелеу. Қыз баланың қоғамның белсенді мүшесі екенін ұғынуға, адал достықты түсінуге, өнерге, мәдениетке, өткен тарихымызды  білуге, оны қадірлеуге отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Мейірімділік пен қамқорлық қасиеттерін, ізеттіліктерін қалыптастыру. Қыз бала алдында қоғамның ,елдің, ұлттың болашағы және үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын ұғындыру. Әдеп пен сыпайылылық, инабаттылық, тазалық пен адамгершілік нәрімен сусындату. Үлкенді сыйлайтын, кішіге қамқор бола білетін, білікті, білімді, жан – жақты жетілген қыз баланы тәрбиелеу.


«Нәзік қыздар»  ұйымы мына жеті негізге сүйене отырып жұмыс жасады.
 
 Қыз баланы ақ жолға бастайтын жеті жетекші бар:
 Адамның басшысы – ақыл
 Жетекшісі – талап
 Жолаушысы – ой
 Жолдасы – кәсіп
 Қорғаны – сабыр
 Қорғаушысы – мінез
 Сынаушысы –халық осы қасиеттерді бойына сіңіре білген, қалыптастыра білген адам – тәрбиелі адам болып есептеледі.

Қыркүйек айында (14.09.2022ж.) 9,8- сынып оқушыларымен «Қыз тәрбиесі -қоғам тәрбесі» атты қыздар жиналысы өтілді.Жиналыстың мақсаты: Қыз баланының қоғамның белсенді мүшесі екенін ұғынуға, адал достықты, таза махаббатты түсінуге тәрбиелеу.Қыз баланы ұқыптылыққа, тазалыққа, үлкенді және достарын сыйлауға, мектепте өзін — өзі ұстауға, қыздардың мінез тұрақтылығын қалыптастыра отырып инабаттылыққа, әдептілікке, ізет пен мәдениеттілікке тәрбиелеу
 
 
Қазан айында (19.10.2022ж.) «Әдептілік-адамгершілік бастауы» тақырыбында 6 «А», «Ә» ,«Б» ; 7 «А», «Ә» ,«Б» қыздармен жиналыс өтілді. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша қыздар ұйымының жетекшісі Прекеева А.Г. жиналысты бастап, өз ойымен бөлісті.  Қыз балаларға әдептілік, адамгершілік, имандылық, , сөйлеу  дағдысы, қыз намысы  туралы жан

жақты мағлұмат беріліп,қыз балалардың бойына рухани  адамгершілік, әдептілік, сыпайылық,  тиянақтылық, имандылық, әдептілік, тазалық қасиеттерді бойына сіңіріп, мектеп өмірінде өнегелі істер мен сыпайылық қарым-қатынасқа тәрбиелену  жолдарына бағыт –бағдар берілді. 

    Қазақ халқының тәрбие құралдарының бірі – тыйым сөздер! Бұл сөздер адамға жаман әдет, жат пиғыл, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырып отырған тыйым сөздердің мағынасы жайлы, мақал-мәтелдер арқылы қыз баланы ұқыптылыққа, тазалыққа, үлкенді және достарын сыйлауға, қыздардың мінез тұрақтылығын қалыптастыра отырып, инабаттылыққа, әдептілікке, ізет пен мәдениеттілікке тәрбиелеу қажеттілігі, сонымен қатар өнерге, мәдениетке, өткен тарихқа, отаншылдыққа өз көзқарастарын тәрбиелей отырып, отбасының алтын арқауы, негізі болуға үйрету.  Мейіріділік   пен  қамқорлық қасиеттерін, ізгіліктерін қалыптастыру. Қыз бала алдында қоғамның, елдің, ұлттың тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғаны олардың санасына жасынан құйып, әдеп пен сыпайылық, тазалық пен адамгершілік нәрімен сусындатып, білікті, білімді, жан-жақты жетілген қыз баланы тәрбиелеуіміз керек екеені түсіндіріп өтілді.


   Қараша айында (30.11.2022ж) «Жақсы мінез-жан азығы» атты тақырыпта7 «А», «Ә» ,«Б» қыздарымен жиналыс өтті. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша қыздар ұйымының жетекшісі Прекеева А.Г. жиналысты бастап, өз ойымен бөлісті.   Қыз балаларға көркем мінез,әдептілік, адамгершілік, имандылық, , сөйлеу  дағдысы, қыз намысы  туралы жан

жақты мағлұмат беріліп,қыз балалардың бойына рухани  адамгершілік, әдептілік, сыпайылық,  тиянақтылық, имандылық, әдептілік, тазалық қасиеттерді бойына сіңіріп, мектеп өмірінде өнегелі істер мен сыпайылық қарым-қатынасқа , жақсы мінезді бойына дарытуға тәрбиелену  жолдарына бағыт –бағдар берілді. 

Оқушыларға " көркем мінез" деген сөздің мағынасы терең түсіндірілді,   әрдайым жақсылық жолын ойлайтын, әр істе әділдік көрсететін адам болуға , бойынан тек жақсы ізігіліктерді көрсете білу керектігі түсіндіріліп өтті.

«Сенімен қарым – қатынас жасаған ұнайды» әдісі арқылы   қатысушылар ортаға шығып кез – келген бір оқушыға қарап ол адаммен не себептен қарым – қатынас жасаған ұнайтының айтты. Бұл тренингте оқушылар бір бірімен жақсы қарым – қатынаста болғандарын айтып, жанындағы дос қыздарының мінездерін білді.

 Жиналысқа қатысқан қыздар өздерінің ойларын ашық айтып, сұрақтар қойып және жауаптарын алды. Пікір алмасу барысында жоғары қызығушылық пен белсенділіктерін көрсетті. 


 Желтоқсан айында (28.12.2022) «Тазалық, тәртіп басты талап» атты такырыпта 8 А, 8 Ә   қыздарымен жиналыс өтті. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша қыздар ұйымының жетекшісі Прекеева А.Г. жиналысты бастап, өз ойымен бөлісті.  Қыз балаларға жеке бас гигиенасын күту жайлы, салауатты өмір салтын сақтау, спортпен шұғылдану туарлы кеңестер жүргізілді. Тән сұлулығы – адамның сыртқы келбеті, сыртқы көрінісі.Тері тазалығы – адам денсаулығының кепілінің бірі.Сондықтан әр қыз бала өзінің жеке бас гигиенасын сақтау керек екендігін мұғалім түсіндіріп өтті. Мектеп медбикесі денсаулықты қалай күте білу, әдемі де сүйкімді көріну,айналамыздағы қоршаған жандарға жағымды көріне білудің құпиясы туралы айттыЗиянды микробтар мен паразиттарды жұқтырып алмас үшін, жеке гигиена ережелерін сақтау керектігі туралы әңгіме жүргізді. Бұл талаптарды бұзу – адамның денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкіндігі ескертілді.



 Қаңтар айында  (20.01.2023ж.) «Қыздың көркі ұзын шаш» атты тақырыпта 5 «А», «Ә», «Б» қыздарымен жиналыс өтілді. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша қыздар ұйымының жетекшісі Прекеева А.Г. жиналысты бастап, өз ойымен бөлісті.  Қыз балаларға жеке бас гигиенасын күту жайлы, салауатты өмір салтын сақтау, спортпен шұғылдану туарлы кеңестер жүргізілді. Қыз баланың сұлулығы –  шаш екендігін түсіндіріп өтті. «Аттың көркi – жалы, арудың көркi  шашы» , «Шашының ұзындығы iзiн басты» «Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген»,«Қыпша бел, қиылған қас, қолаң шашты»,  "Қыздың көркі-шаш, шаштың көркі-шашбау" дана сөздеріміздің мән мағынасын тісіндіріп өтті.

  Шашқа тағатын ұлттық әшекейлермен таныстырып, олардың жинағын көрсетіп өтті. Халқымыздың шашқа  байланысты туған ырымдарымен таныса отырып,  келешекте есте ұстайтын салт- дәстүр түрін түсіндірді..

   Шаш күтіміне байланысты өзінің тәжрибесімен бөлісті.


Ақпан айында (21.02.2023ж.) «Әдемі күл, сыпайы жүр, сұлу ойлан» атты тақырыпта 6 «А», «Ә», «Б»  оқушылармен тренинг өтілді. Қыз балаларға өз бойынан өмірді қолдануға қажетті жағымды қасиеттерін табуға көмектесу мақсатында «Амандасу» тренингі өткізілді. Әр қатысушы өз есімінің бірінші әрпіне қарай бойындағы жеке қасиетін қосып айтып шықты. Мысалы: мен Бақытнұр бақытты қызбын. «Мен басқаның көзімен» тренингі кезінде оқушылар бір қызды таңдап сол қыздың бойындағы мінезін айтты. Қыздарға 25 кеңес тақырыбында өлең жолымен кеңестер берілді. Әр жолға тоқталып талдау жасалды. Қыздар тренингке белсене қатысып жақсы әсер алғандарымен бөлісті. Тренинг қыздардың көңіл – күйлерін көтерді. Әр оқушы бойында сенімділік пайда болды.


Наурыз айында (30.03.2023ж.) «Әдемі киіне білу де өнер» атты тақырыпта 7 «А», «Ә», «Б» қыздарымен жиналыс өтілід. Қыз балаларға өз бойынан өмірде қолдануға қажетті жағымды қасиеттерін табуға көмектесу мақсатында «Амандасу» тренингі өткізілді. Әр қатысушы өз есімінің бірінші әрпіне қарай бойындағы жеке қасиетін қосып айтып шықты. Мысалы: мен Бақытнұр бақытты қызбын. «Мен басқаның көзімен» тренингі кезінде оқушылар бір қызды таңдап сол қыздың бойындағы мінезін айтты. 

Қыздарға киніу әдебі туралы әңгіме жүргізілді. Мектептегі киім, қыдырғанға арнлалған киімдер, үйдегі киім, тойларға барғандағы киімдер туралы түсіндіріп өтті. Адам көркі шүберек демекші адам баласы жақсы , таза , әдемі киіне білу керек.


Сәуір айында (14.04.2023ж.) «Қыз- ұлттың ұяты, халықтың шырайы» атты такырыпта 7,8 cынып  қыздарымен жиналыс өтілді.       Күн тәртібіндегі мәселе бойынша қыздар ұйымының жетекшісі Прекеева А.Г. жиналысты бастап, өз ойымен бөлісті.  Қыз балаларға жеке бас гигиенасын күту жайлы, салауатты өмір салтын сақтау, спортпен шұғылдану туарлы кеңестер жүргізілді.     Мектеп медбикесі денсаулықты қалай күте білу, әдемі де сүйкімді көріну,айналамыздағы қоршаған жандарға жағымды көріне білудің құпиясы туралы айттыЗиянды микробтар мен паразиттарды жұқтырып алмас үшін, жеке гигиена ережелерін сақтау керектігі туралы әңгіме жүргізді. Бұл талаптарды бұзу – адамның денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкіндігі ескертілді.

Төмендегі ретпен бірқатар кеңестер жүргізілді: 
  Қол. Қолымызды жумай тамақ ішетін болсақ, микробтар ауыз арқылы ағзаға өтуі мүмкін. Сондықтан, дәретханадан,  жұмыстан немесе мектептен шыққан соң, міндетті түрде сабынбен қолдарыңызды жуыңыз. Тырнақтардың арасында кір жиналмас үшін, оларды аптасына 1 рет қиып отыру қажет. 

Дене. Теріні тазалықта ұстау өте маңызды, өйткені біздің денеміз – қорғаныс функциясын атқарады. Егер оған немқұрайлы қарайтын болсақ, қауіпті микробтардың көбеюіне жақсы жағдай жасаймыз. Тері арқылы шыққан майды кетіріп отыру үшін, денені жылы сумен күніне 1 рет жуыңыз, ал, аяқты керісінше суық сумен шайыңыз. Бет терісіне ерекше күтім керек. Оны жуу үшін арнайы заттарды қолданыңыз. Безеулерді сықпаңыз, өйткені бұл бактериялық инфекцияның пайда болуына әкелуі мүмкін. 

Шаш. Шашыңыз ұзын болса да, қысқа болса да, оны аптасына 1-2 рет жуып отырған дұрыс. Осының арқасында, сіз бас терісіндегі май бездерінің қызметін қалыпқа келтіріп, қан айналымын жақсартасыз. Шашты тарау кезінде, біреудің тарақтарын ешқашан қолданбаңыз. 

Тіс. Гингивит және пародонтит сияқты ауруларға шалдыққан адамдардың саны көбейіп келеді. Бұның басты себебі –  ауыз қуысының гигиенасына көңіл бөлмеу. Сондықтан, тісті күн сайын таңертең және кешке ысып отырыңыз. Бұл процесс – 3 минут жалғасуы керек. Тамақтанғаннан кейін, тістің арасындағы қалдықтарды кетіру үшін, ауызыңызды сумен шайып отырыңыз.

 Осындай бірқатар кенестерді түсіндіріп өтті.


«Әл-Фараби атындағы орта мектеп»  КММ

2022-2023 оқу жылындағы ұлдар жиналысының  жылдық есебі


  Қыркүйек айында 2022-2023 оқу жылына арналған  "Айбын ұлдар"  ұйымының іс-шаралар жоспары бекітілді. Ұлдар жиналысының жетекшісі болып Ағылшын тілі пәні мұғалімі Иемберген Ануар Әбілұлы тағайындалды.  


Мақсаты: Ұл баланың жеке бас гигиенасын сақтауға тәрбиелеу. Ұл баланың қоғамның белсенді мүшесі екенін ұғынуға, адал достықты түсінуге, өнерге, мәдениетке, өткен тарихымызды  білуге, оны қадірлеуге отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Мейірімділік пен қамқорлық қасиеттерін, ізеттіліктерін қалыптастыру. Ұл бала алдында қоғамның ,елдің, ұлттың болашағы және үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын айқындау. Әдеп пен сыпайылылық, құрметтілік, инабаттылық, тазалық пен адамгершілік нәрімен сусындату. Үлкенді сыйлайтын, кішіге қамқор бола білетін, білікті, білімді, жан – жақты жетілген ұл баланы тәрбиелеу.


«Айын ұлдары»  ұйымы мына жеті негізге сүйене отырып жұмыс жасады.
 
 1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
 2. Рухани-адамгершілік тәрбие
 3. Ұлттық тәрбие
 4.Отбасы тәрбиесі
 5.Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
 6.Интелектуалды тәрбие,ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу
 7.Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
 8.Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты


Қыркүйек айында (14.09.2022ж.) 9,8- сынып оқшыларымен «Заң бәріне ортақ» атты ұлдар жиналысы өтілді.Жиналыстың мақсаты: Оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып, заң алдындағы жауапкершілігін арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын сын сәтте таба білуге, алдына мақсат қоя білуге баулу. Оқушылардың құқықтық білімін дамыту, ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау. Конституция, т.б. құқықтық нормативтік актілерді құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.


Қазан айында (19.10.2022ж.) «Ұл тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында 6 «А», «Ә» ,«Б» ; 7 «А», «Ә» ,«Б» ұлдармен жиналыс өтілді. алысты бастап, өз ойымен бөлісті

Жиналыстың мақсаты:

 Ата-аналардың үлгісі негізінде оқушыларды ата-аналарын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
  Ата-ана, ұстаз, оқушы арасындағы ынтымақты нығайту.
  Халқымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі арқылы оқушылардың бойында асыл да адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.
 Ұлдар жиналысының жетекшісі Иемберген А.А. өз ойымен бөлісті: Халқымыздың аяулы ұлы, зиялы азаматы Б.Момышұлы кезінде «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Немересіне ертегі айтып беретін әжелердің азаюынан қорқам. Дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе, кімді де болса шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке- шеше жоқ.»- деп мұнайған екен. Бауыржан атамыз бүгінде біздің арамызда жоқ. Осы атамыз көтерген мәселе бүгінде бәрімізді алаңдатуы тиіс. Бұл ата-анаға да, ұстаздарға да, балаларға да ой салады деп ойлаймын

Қараша айында (30.11.2022ж) «Мен достарыммен бірге » атты тақырыпта 6 «А», «Ә» ,«Б» ұлдармен жиналыс өтті. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша ұлдар ұйымының жетекшісі Иемберген А.А. жиналысты бастап, өз ойымен бөлісті.  Ертеде ел арасында жаугершілік жиі болатын кезде  қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады.

Бірде әскерлер бір өзеннің бойында қос тігіп дамылдапты. Тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуыл жасапты. Малды айдап, мүліктерін тиеп кетіпті. Қолға түскен азаматтарды айдап әкетіпті. Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасына апаруын өтінеді. Алып келген соң ол жаудың қолбасына:

– Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбастап берер малым-мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол ­– өзімнің өмірім.  Досымды босатыңдар, ол үшін менің өмірімді алыңдар, – дейді.

Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:

– Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болады, – дейді.

– Ол не? – дейді досын құтқаруға асыққан жігіт.

– Маған сенің көздерің керек? – дейді қолбасы, – екі көзіңді ойып аламын.

–  Ол да болсын, көзімді ал да, досымды тезірек босат, – дейді.

Жігіт бұл сыннан сүрінбей өтеді.

Әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын салып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады.

Мұны көрген жаудың қолбасы: «Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады.» деп түйеді. Сөйтіп өз әскерлеріне шегінуге бұйрық беріпті.

Мақсаты: Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету.

Міндеті1. Адам қарым-қатынасындағы достық ұғымы туралы түсінік беру.

2. Оқушылардың арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал ету .

3. Оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шынайылыққа, адалдыққа  тәрбиелеу.


 
Желтоқсан айында (28.12.2022) «Ұл мен қыздың силастығы» атты такырыпта 8 Г 8 Д   ұлдар жиналыс өтті. 

Мақсаты:

- ұл бала мен қыз бала арасындағы сыйластық туралы түсінік қалыптастыру;

- оқушылардың өзара сыйластық қарым – қатынастарын дамыту;

- оқушыларды инабаттылыққа, достыққа, сыйластыққа тәрбиелеу;

Дәйексөз: «Ел ұлымен берік, қызымен көрік» яғни қазақ халқы ұл дүниеге келгенде ел қорғайтын азамат туды деп мақтанып, масаттанады. Сондықтан да ұл баланы асқар тауға, алынбас қамалға, алмас қылышқа, қайратты бүркітке теңейді. Батырлардың көпшілігі ұлдардан шыққан. Қобыланды батыр, Алпамыс, Райымбек, Абылай, Сырым және т. б. Қыздардан шыққан батыр болса, халық оларды ер мінезді дейді. Ал қыз дүниеге келгенде елге, өмірге көрік берер қыз туды, деп мәз - мейрам болады. Өйткені қыз бала тән сұлулығымен ғана емес жан сұлулығының байлығымен өмірді мәнді де, сәнді етеді. Оларды гүлге, күнге, айға теңейді. Даналықтары ерлерден кем түспеген қыздар да жоқ емес. Мыс: Ұлдай хан, Қарашаш сұлу, Айша бибі, Домалақ ана және т.



 Қаңтар айында (20.01.2023) «Тазалық саулық кепілі» атты такырыпта 7 Г Д Е   ұлдар жиналыс өтті. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша ұлдар ұйымының жетекшісі Иемберген А.А. жиналысты бастап, өз ойымен бөлісті.  Ұл балаларға жеке бас гигиенасын күту жайлы, салауатты өмір салтын сақтау, спортпен шұғылдану туарлы кеңестер жүргізілді. Тән сұлулығы – адамның сыртқы келбеті, сыртқы көрінісі.Тері тазалығы – адам денсаулығының кепілінің бірі.Сондықтан әр ер бала өзінің жеке бас гигиенасын сақтау керек екендігін мұғалім түсіндіріп өтті. Мектеп медбикесі денсаулықты қалай күте білу, әдемі де сүйкімді көріну,айналамыздағы қоршаған жандарға жағымды көріне білудің құпиясы туралы айттыЗиянды микробтар мен паразиттарды жұқтырып алмас үшін, жеке гигиена ережелерін сақтау керектігі туралы әңгіме жүргізді. Бұл талаптарды бұзу – адамның денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкіндігі ескертілді.


Ақпан айында (21.02.2023ж.) «Біз адал елдің ұрпағымыз» атты тақырыпта 7 «А», «Ә», «Б»   оқушылармен жиналыс өтілді. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша ұлдар ұйымының жетекшісі  Иемберген А.А. жиналысты бастап, өз ойымен бөлісті. 

Оқушыларға адам бойындағы адалдық қасиетті ұғындыру арқылы қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.

  1. Оқушылардың «патриоттық», «адалдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту мақсатында жұмыс жүргізілсін.
  2. Жақсы тілек, ізгілік туралы түсініктерін қалыптастыра отырып, қайырымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту, қамқорлық жасауға жетелеу бойынша жұмыстар өткізілсін.

Наурыз айында (30.03.2023)ж «Білімді мыңды жығар,білекті бірді жығар»атты 

7 «Г»  6 «Е»  5«Е»  6 «Г»  6 «Д» 7«Е» сайыс өткізілді. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша ұлдар ұйымының жетекшісі  Иемберген А.А. жиналысты бастап, өз ойымен бөлісті. 

Оқушыларға мақалдың мағынасын ашқыза отырып, білімді мыңды жыға алатындығын дәлелдеу барысында ойнай отырып, білімдерін шыңдау. Логикалық ойлау қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту 

Оқушылардың білімге деген құштарлығын, білім деңгейін нығайтып, біліктілігі мен білімділігін дамыту ә) дамытушылық. 

Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, дүниетанымын, қызығушылығын арттыру. б) тәрбиелік: Оқушыларды шығармашылық ізденіске баули отырып, ұқыптылыққа, бірлікке, ынтымақтастыққа, шапшаңдыққа, белсенділікке тәрбиелеу. 

Жиналысқа қатысқан ұлдар   да өздерінің ойларын ашық айтып, сұрақтар қойып және жауаптарын алды. Жұргізілген сайыста белсенді қатысты. Пікір алмасу барысында жоғары қызығушылық пен белсенділіктерін көрсетті өздерінің ойларын жеткізді. 

Баларды сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу, үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, озық ойлы оқушы болуға тәрбиелеу, білімді, жан-жақты болуға үйрету; оқушылар білімін сынау, білуге, үйренуге, бойларыңда қандай қасиеттер болу керек, неге бейімделу керектігі жайлы ойларынды білу, ой бөлісу, қызығушылықтарынды арттыру, дарынды, мектептің мақтаны болуға тәрбиелеу.

Сәуір айында (27.04.2023ж.) «Ел үмітін ер ақтар, ер үмітін ел сақтар»  атты такырыпта 6,7 cыныптармен  ұлдар жиналыс өтілді.

Күн тәртібінде:


  1. «Ел үмітін ер ақтар, ер үмітін ел сақтар» тақырыбында трейнинг  өткізу.


       Күн тәртібіндегі мәселе бойынша ұлдар ұйымының жетекшісі  Иемберген А.А. жиналысты бастап, өз ойымен бөлісті. 

1. Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңістің мән-маңызы туралы мағлұмат беру.

2. Оқушылардың тіл байлықтарын, ойын, мәнерлеп оқу дағдыларын ұштау.

3. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, қазіргі таңда арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерліктерін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу; отансүйгіштікке, елжандылыққа, батылдыққа, шыншылдыққа баулу.Жиналысқа қатысқан ұлдар бейнеролик көру арқылы өздерінің сұрақтарына жауап алды. Ұлы отан соғыс туралы пікір талас жүргізді. Қызық ақпараттармен бөлісті.  Оқушылардың патриоттық сезімдерін арттыру, есте сақтау қабілетін, ой өрісін кеңейту.Балаларды Отан сүйгіштікке, елін, халқын қорғай білуге, отанға еңбек сіңіруге дайын болуға, ұлы адамдарды құрметтеуг



«Әл-Фараби атындағы орта мектеп»  КММ

2022-2023 оқу жылындағы «Ұшқыр ой» дебаттық клубының жылдық есебі



 Қыркүйек айында 2022-2023 оқу жылына арналған  «Ұшқыр ой» дебаттық клубының жоспары бекітілді. Клуб жетекшісі болып Орыс тілі пәні мұғалімі Нұрмұхан Жұлдыз Бекзатқызы тағайындалды.  


Мақсаты: 

-Белгілі бір фактілерді зерттеуге, болжауға, жүйелеп сөйлеуге, өз көзқарасын ашық та жүйелі етіп дәлелдеуге және өз бағытын дұрыс ұсынуға жетелеу;
 - Қарсы пікірдегі адамдардың қойылған мәселелерін жан-жақты қарап, ойланып-толғануға көмектесу;
 - Тіл үйренушінің сөйлеу дағдысын қалыптастыру;
 - Өз көзқарасын айтуға машықтандыру;
 - Оқушының қоғамға деген көзқарасы мен қызығушылығын қалыптастыру;

Қыркүйек айында (14.09.2022ж.) 9- 10 сынып оқушыларымен «Зорлық-зомбылық және қатігездік» тақырыбында дебат өткізілді. Мақсаты: балалардың зорлық-зомбылық пен қатігездік құрбаны болмауының алдын алу. 

Қазан айында 9 сыныптар арасында «Білім артық па, байлық артық па?» атты дебат өткізілді. Мақсаты:  білім алушылардың өзін өзі басқаруына, жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал ету, жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу Қараша айында 6 сыныптар арасында «Ғаламтордың пайдасы бар ма?» атты дебат өткізілді. Мақсаты:  Бүкіләлемдік өрмек- ғаламторға байланысты оқушылардың білімдерін нығайту, тиянақтау,пікірталасқа қызығушылығын арттыру. Оқушылардың ғаламтор туралы толық ойын қалыптастыру, танымдық,ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру,шығармашылыққа баулу,оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын,есте сақтау қабілеттерін дамыту.Желтоқсан айында мектеп жас мамандары арасында «XXI ғ. Ең қажетті мамандық» тақырыбында дебат өткізілді. Мақсаты: мамандық таңдау мәселесін белсенді арттыру, мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыруҚаңтар айында мектеп жас мамандары арасында ««Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттыңқасжауы» тақырыбында дебат өткізілді. Мақсаты: Білімнің адам өміріндегі маңызын түсінАқпан айында 7 сыныптар арасында «Ақылың болса арыңды сақта» тақырыбында дебат өткізілді. Мақсаты: «Ар» ұғымының адамгершілік құндылық ретінде мәнін ашу, сөз шеберлігін, өз пікірін анық айтып, дәлелдеме Наурыз айында мектеп жас мамандары арасында «Мектепте буллингті жеңудің жолдары бар ма?» тақырыбында дебат өткізілді. Мақсаты: Мектептегі буллинг себептері және алдын алу жұмысы.

Сәуір айында 8 сыныптар арасында «Ғаламтордың пайдасы мен зияны» тақырыбында дебат өткізілді. Мақсаты: Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушылардың білімдерін нығайту, тиянақтау; пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың интернет туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, оқушылардың ой - өрісін, тіл байлығын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Адамгершілікке, ізеттілікке, техника қауіпсіздігін сақтауға тәрбиелеу.

«Әл-Фараби атындағы орта мектеп» КММ

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының

2022-2023 оқу жылы бойынша өткізілген жұмыстар бойынша

жылдық есебі

Мектепте   сыбайлас  жемқорлыққа қарсы  көзқарасыты қалыптастыру мақсатында  «Адал   ұрпақ»  еріктілер клубында  іс-шаралар жоспары бекітіліп,  жұмыстар жасалды.  Клуб мүшелері   6-7 сынып  оқушыларынан  құралған.

     Жыл басында жоспарға сай клуб мүшелері тағайындалды. .  Клуб жұмысы үш секция  бойынша жұмыс жасап жатыр:

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  білім;
  2. Ақпарат және  шығармашылық;
  3. Мәдени-көпшілік іс-шаралар  бағытында  жұмыс жасайды.   Клуб   мүшелері  жоспарға  сай    бекітілген жұмыстарын  уақытында  орындап отырды.

  Жоспарға сәйкес іс – шаралар, ұйым мүшелерінің отырыстары, пікір –сайыстар, сабақтар жүргізіліп отырылады.

Атап айтқанда: ай сайын «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелерінің құрамын жинақтау кезекті отырыстары. Отырыс барысында клуб жұмысының мақсат – міндеттері түсіндіріліп, жүйелі жоспар жасалды. Бұл әрине, бүгінгі буынның келешегі кемел болуына жасалған нақты қадамның сәтті бастамасы.


Қыркүйек айында-   «Парасатты  азамат»  бұрышы   мектептің   кіреберіс дәлізіне  орналасқан . Бұрыштың мақсаты:  жас  ұрпақты Отансүйгіштіккке,  азаматтылыққа, адамның құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне   құрметпен қарауға , адамгершілік сезімдер мен этикалық  сананы, еңбекүйгіштікке,  оқуға,   еңбекке,  өмірге жасампаздықпен қарауға, адалдыққа  тәрбиелеу. Жоспарға сай  әр үш  бағыт   бойынша жұмыстар  атқарылды.


 Қазан айында- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы заманауи медианың рөлі»тақырыбында мектепішілік арнайы сынып сағаттары өткізілді. Ар-ұят, абырой, адалдық, әділеттілік, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мәселесі қаралды.


Қараша айында- «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және парасаттылық саясатты» тақырыбында суреттер байқауы мен сауалнамалар алынды. Құқықбұзушылық, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа төзбеу, мәдениетті қалыптастырудағы отбасының рөлі туралы мәселелер қозғалды.


Желтоқсан айында- «Қазақстан құқықтық мемлекет» тақырыбында суреттер байқауы болды. Байқауға мектеп оқушылары белсенді ат салысты.


  «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» деген тақырыпта   сынып сағаттары мен ашық сабақтар болып өтті. Акцияның негізгі идеясы , сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымдарын қалыптастыру болды. Клуб мүшелерінің жұмыстары әлі де жалғасын тауып, жұмыс жүргізілуде.

Желтоқсан айында- «Қазақстан құқықтық мемлекет» тақырыбында суреттер байқауы болды. Байқауға мектеп оқушылары белсенді ат салысты.

«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» деген тақырыпта  сынып сағаттары мен ашық сабақтар болып өтті. Акцияның негізгі идеясы , сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымдарын қалыптастыру болды. Клуб мүшелерінің жұмыстары әлі де жалғасын тауып, жұмыс жүргізілуде.
 
Қаңтар айында- А.Байтұрсынұлы 150 жылғы толуына орай 5-10 сыныптар арасында адалдық сағаттары өткізілді. Мақсатты: патриотизм, ар-ұят, абырой, әділеттілік және тәртіп, жауапкершілікті дамыту.

Осыған орай жоспар бойынша барлық іс-шаралар атқарылды. Сыныптарда сынып басшылары тағайындалды,мектепте парасатты азамат бұрышы кұрылды,сыныптарда Адал ұрпақ мүшелері тағайындалды, «қоғамдық тәртіп негізі,біздің таңдауымыз занды мемлекет » атты дөнгелек үстелдер,адал және сатылмайтын еңбек бейнесі атты сурет байқауы бастауыш сыныптар арасында өткізілді. Жауапты мұғалімдер өздеріне тиесілі іс-шараларды уакытымен өткізіп отырды.

 «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жетекшісі Нурдунова Р.А оқушыларды отансүйгіштікке,азаматтылыққа, адамның құқықтарына,бостандықтарына және мәіндеттеріне құрметті,адамгершілік сезімдер мен этикалық сананы, сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетін,еңбексүйгіштікке,оқуға,өмірге жасампаздықпен қарауға тәрбиелеу мақсатында клуб мүшелерінің ұйытқы болуымен «Парасатты азамат» бұрышы жасалып, онда құнды ақпараттар жинақталды.Оқушылардың назарына адал еңбек ету керектігі, еңбек түбі-береке екені айтылып өтті. «Жемқорлық дегеніміз не?», «Жемқорлықтың қалай алдын алуға болады» сынды тақырыптарда әңгіме қозғады.Әр оқушы өз ойларын еркін жеткізіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы екендерін білдірді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетт іқалыптастыру бойынша «АдалҰрпақ»  ерікті  мектеп  клубының жұмыс жоспарына сәйкес желтоқсан айының 10-ы жұлдызында «Бізж жемқорлыққа қарсымыз!» атты тақырыпта жиналыс өтілді. Жиналысқа 5-11 сыныптыноқушылары қатысты.Жиналыс барысында құқықтық  тәрбиелеуде және құқық бұзушылықтарға, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа,төзбеу мәдениетін қалыптастыруда отбасының рөлі көрсетілді. Ата-аналарға балалард ақұқықты, заңдарды, құқылық тәртіпті құрметтеуге тәрбиелеу бойынша жадынамалар таратылды. «Бүгінгі оқушы ертеңгі еліміздің, жарқын болашағымыздың айқын   бейнесі. Еліміздің алдынғы дамыған елдер қатарын аенуіне, мемлекетімізді өркендетуде болашақ ұрпаққа білім  мен тәрбие бере отыра, оқушылардың биік жетістерге жететіндеріне сенім білдірді.

Оқу жылының басында жоспарланған іс-шаралардың барлығы уақытылы өткізілді.