ІІ тоқсандағы әдістемелік жұмыстың талдауы » Әл -Фараби атындағы орта мектеп
"Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"Әл-Фараби атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ІІ тоқсандағы әдістемелік жұмыстың талдауы
05
январь
2023

ІІ тоқсандағы әдістемелік жұмыстың талдауы

 Ұстаз саяси сауатты, жан-жақты білімді, өз бойындағы сол білімді оқушы жүрегіне еркін ұялата аларлықтай әдістемелік шеберлігі бар болуы шарт. Ал ұстаздардың осы талап тұрғысынан табылуы кәсіби даярлығын, шеберлігін шыңдайтын мектептегі әдістемелік   жұмысының ұйымдастырылуына байланысты.

Мектептегі әдістемелік жұмыстың, ең негізгі міндеті - мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін  жетілдіру, әр мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен мүмкіндігін айқындау, сабақтарына қатысып, жетістіктері мен кемшіліктерін көрсету, өзара сабақтарына қатысуын ұйымдастыру, сабақ жоспарларын жасауға және оны өз бетінше талдауға басшылық ету, жеке әңгімелер өткізу жұмыстарын ұйымдастыру. Әдістемелік жұмыс педагогикалық іс-әрекеттің инновациялық бағыттылығын қалыптастыру үшін ұйымдастыру негізі ретінде қызмет етеді. Саралау негізінде әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру бірқатар объективтік және субъективтік алғышарттармен байланысты. 

    Мұғалімдердің педагогикалық  шеберлігін және оқушылардың өнерін, дарынын көрсететін жұмыстың түріне пән онкүндіктерін   өткізу жатады. Оларды өткізу жоспары жылдың басында жасалынады. Пән  онкүндігін   өткізудің қорытындысы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылып, әрқайсысына жеке папкалар арналды. Мектептің   жылдық  жоспарына сәйкес,Қараша, Желтоқсан айларында математика, физика, информатика және  тарих пәні бірлестіктерінің  онкүндігі өткізілді.


      Онкүндік барысында пән мұғалімдері ашық сабақтар мен қатар, сыныптан тыс шараларды ұйымдастырып өткізді. Онкүндік  барысында мұғалімдер ұйымдастырған барлық іс-шаралар яғни интеллектуалды сайыстар мен сыныптан тыс іс- шаралар, пікірсайыстары мен ашық сабақтар заман талабына сай ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы өткізілді.


  Өткізілген ашық сабақтарға пән мұғалімдері қатысып тәжірибе алмасты және де сабақтар бойынша мұғалім  мен оқушы әрекетіне, сабақта қолданылған әдіс-тәсілдерге  тоқталып олардың тиімділігі, маңызы жөнінде жіберілген қателіктер жөнінде өз ой-пікірлерін ортаға салып жан-жақты талдау жасалынды. 


  6-сыныптар арасында серіктес мектептермен  «Математикалық ринг» атты интеллекуалды ойын ұйымдастырылды. 

«Информатика»  пәні менің қиялымда тақырыбында көрме, «Ғылымға құштар жас өркен» интеллектуалды ойыны, «Қызықты математика» қабырға газеттері және серіктес мектептермен «Интербелсенді әдістерді сабақта тиімді қолдану» тақырыбында коучинг ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды.



Сабақ  жоспарлары мен слайдтарға  QR коды   жасалды

«Ұшқын» тарих пәні онкүндігі аясында ІІБ жасөспірімдер инспекторлары полиция капитаны Темиржанова А.Х мен Тургумбаева А.М-мен   9- сынып оқушыларының арасында «Қылмыс пен жаза» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.



8-9 сыныптар арасында «Гражданская война 1918-1920 гг.» тақырыбында дебат, Шежіре» қабырға газеті мен тәуелсіздігіміздің 31 жылдығына орай «Тәуелсізік тұғырым» атты сурет көрмесі, «Тарих қойнауында» атты көрмелер ұйымдастырылып, оқушылар көрмеге археологиялық заттар, сәулет өнері, кесенелер, ортағасырлық қалалар, батырлардың мүсіні, қару -жарақтар т.б тарихи заттарды  қызығушылықпен жасап, өз үлестерін қосты.


«Өз тарихыңды білесің бе?» тақырыбы аясында үлкен қоңырауда оқушылармен сұхбат жүргізіліп, патриоттық ән айтылды. 

10- сынып оқушыларымен Алматы қаласындағы Орталық музей мен Д.А. Қонаев атындағы мұражайға саяхат ұйымдастырылды. 

 «Тәуелсіздік тұғырым» атты ән байқауы өткізіліп, оқушылар Қазақстан, Тәуелсіздік, Отан, туған жер туралы әндерді айтып өз өнерлерін ортаға салды.


Онкүндік жоспары бойынша белгіленген іс-шаралар толық ұйымдастырылып, қорытынды кеш барысында   мектеп оқушылары өз өнерлерін көрсетіп, ӘБ жетекшілері  онкүндік барысында атқарылған жұмыстардың  моделімен таныстырды.


                       

    Жас педагогқа арналған мектептің құрылу мақсаты – жас маманның кәсіби құзыреттілігін тиімді дамыту, жоғары кәсіби идеалдардың қалыптастыру, әдістемелік дағдыларды қалыптастыру және үнемі өзін-өзі дамыту, жетілдіру қажеттілігін арттыру. Желтоқсан айында «Жас ұстаздардың өздігінен білім көтеруі -біліктілікті арттырудың кепілі» тақырыбында мектепішілік семинар өтті.


Дарынды балаларды анықтау мәселесі, бұл білім беру ұйымдарындағы балалардың танымдық және тұлғалық дамуы үшін жағдайлар жасау оларды жан-жақты дамыту болып табылады. 

Қараша айында 8-сынып  оқушылары «Айқанат» олимпиадасының аудандық кезеңіне қатысып, 31 оқушы облыстық кезеңге өтті.    

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 31 жылдығы аясында, «Керемет бала» республикалық ғылыми әдістемелік, ақпараттық танымдық, педагогикалық, балалар журналының ұйымдастыруымен өткізілген «Тәуелсіздік тұғырым» атты сурет және эссе байқауына   оқушыларымыз  белсене қатысып  үздік деп танылып барлығы І,ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.




«Ұлағат» Республикалық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық байқауында «Менің жазу үлгім» номинациясы бойынша  оқушыларымыз жүлделі І,ІІ,ІІІ орындарға ие болды.



   Сонымен қатар  қазақ тілі пәні бойынша мұғалімдерге арналған «КИО» Републикалық қашықтық олимпиада нәтижесінен аудан бойынша ІІІ орынды  Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Рақымбаева Н.С.иеленді.



    Қазақ тілі пәні бойынша оқушыларға арналған «КИО» Республикалық қашықтық олимпиада нәтижесінен 8 -сынып оқушысы Аделя Толтырған облыстан ІІ орын, аудан бойынша І орын, Республикадан ІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды. Осы негізде 6 «г» сынып оқушысы Ыргебай Раушан ауданнан І орын және Республикалық ІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды.





    Қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбаев және Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың  шығармашылығын жастар арасында дәріптеу мақсатында өткен Республикалық көркемсөз оқуларында,ақындардың өлеңдерін жатқа оқыған,  6 сынып оқушылары  Мусаұлы Абдіғани, Досалиева Аяна, Еренсиз Амели, Қазбек Каусар 1 дәрежелі дипломдармен марапатталды.


    Шығармашылықпен  жұмыс істейтін  мұғалімдердің   жаңашылдық  жұмыстарын озат іс-тәжірибелерін жинақтау, насихаттау және тарату; Білім сапасын арттыруға бағытталған  іс әрекеттерді  ұйымдастыру бойынша  атқарылған жұмыстарға  тоқталатын болсақ; мектебімізде Қараша, Желтоқсан  айларында педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші  мұғалімдеріміздің  «Ашық сабақтар сессиясы» ұйымдастырылды.   Ашық  сабақ   барысында мұғалімдердің  өзара сабаққа   қатысу тиімділігі артты. Сонымен  қатар  сабақты   талдау, бағалауға  қойылатын  талаптар өз нәтижесін берді. Үлгілі  сабақтарды   Таирова Д.Х,  Магамадова С.Ш, Булекова Ж.М, Еламанова Г.Т, Шауеева А.А, Прекеева А.Г, Шелепина А.В, Мырзабаева А.Е, Салимбаева Б.Т, Колесникова В.И, Шойбекова Р.Ж,Турганбаева Б.Д-лар көрсетті. Сабақта сараланған мақсаттарға сәйкес, деңгейленген тапсырмаларды білім алушылардың   қабылетіне қарай тиімді ұйымдастырып, бағалауды нақты критерийлер арқылы жүргізді.  Интербелсенді әдіс-тәсілдер тиімді ұйымдастырылған.








Сонымен қатар  «Зерттеу   сабағы- сәттілік өлшем шарты» тақырыбында мектепішілік семинар, «Ерекше білімді қажет ететін оқушыларды оқытудың ерекшеліктері»  тақырыбында аймақтық  семинар, «Мектептегі шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдердің үлес салмағын арттыру мақсатында «Мектеп жобаларының жүзеге асырылуы» тақырыбында жас мектеп директорларына арналған аудандық  семинарлар өткіздік. 






Сапалы білім беру дегеніміз – ғылымға негізделген жүйелі бағдарлама бойынша теориялық практикалық іске, еңбекке баулу білім алушылардың  дүниетанымын кеңейту. Баланың  бойындағы бар қабілетін кемеліне келтіріп жетілдіру болып табылады.

 Сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үрдісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой- талғамы бар адамгершілігі жоғары қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.  Осы орайда биылғы  жылы мектебімізде  білім сапасын арттыру мақсатында мектепішілік  жобаларды  жүзеге асырудамыз.


2022-2023  оқу жылында  білім   сапасын  арттыру мақсатында  

жүзеге асырылатын  мектепішілік   жобалар  


       Жоба атауы

жетекшісі


«Мектеп театры» жобасы

Шорманова Ә.А.


«Жас     зерттеуші»  жобасы

Магамадова С.Ш.


«Мектеп газеті»  жобасы

Құрметбек Н.


«Ертегінің     білімдегі құндылықтары»

Прекеева А.Г.


«Зияткер» жобасы

Касенова Н.С.


«Ақылды сабақ» жобасы

Ертаева А.А.


«Жас қаламгер» жобасы

Еламанова Г.Т.


 «Жас зерттеуші»  жобасы  аясында бүгінгі күнге дейін 16  мұғалім «Ғылыми жоба» тақырыбын  және   оқушыны  таңдап жұмыстарын жүргізуде. Сонымен  қатар «Зияткер» жобасы негізінде    аудандық  жасөспірімдер және пән олимпиадасына 35  оқушы   таңдалып   мұғалімдер дайындық жүргізуде. 

   «Қазақ ертегілерінің білім берудегі тәрбиелік  құндылықтары" жобасының видеодыбыстау  бөлімі 5-7сыныптар арасында өтті. Сонымен қатар «Алдар көсенің сиқырлы тоны», «Мақтақыз бен мысық» ертегілеріне ағылшын   тілінде  көрініс қойылды.




"Жас қаламгер"  жобасының   «Мақала жазып үйренейік!», «Өлеңді  мәнерлеп   оқу»   тақырыптарында  7 -сыныптарға    дәріс сабақтар  өтті. Сонымен қатар «Мектеп хабаршысы» журналына  8 – сынып оқушысы Амангелді Азизаның «Абай Құнанбайұлы – қазақ халқының мақтанышы» тақырыбында мақаласы жарияланса, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының өмірге келгеніне 150 жыл толуына орай  және ұлы суреткер , қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай «Еңбекшіқазақ» газетінің редакциясы ұйымдастырған «Алашқа айбын болған арыстар» атты әдеби байқауға өз шығармасын жолдап 6Ә сынып оқушысы Нұрахмет Балауса 3 орынды иеленді.




 Жоспарға сәйкес қараша айында «Ертегілер әлемінде» бөлімі бойынша 4 – сынып оқушылары оқыған қызықты ертегілерінің негізінде (батырлар туралы, жануарлар туралы ертегілер) мазмұндама жазды. Оқушылардың жұмыстарынан оқушының ертегідегі оқиғалар мен іс – әрекеттерді әсерлі мазмұндап жазғанын байқауға болады. Үздік жұмыстар: 4а  сыныбы Құлықбай Мөлдір,  4ә   сыныбы Ұзақ Айша, 4б сыныбы Аманбол Нурхан.




«Мектеп газеті» жобасы бойынша І жартыжылдықта   «Мектеп хабаршысы» журналы жарық көрді. «Мектеп хабаршысы» журналында  мектепте ұйымдастырылып жатқан іс-шаралар, оқу жобаларының жұмыс барысы, оқушылардың жетістіктері, онкүндіктердің ұйымдастырылуы жайлы мұғалімдер және оқушыларға танымдық журнал ретінде  ұсынылды.


         Мектепішілік бақылаудағы   әрекеттерді түзету мен реттеу бойынша жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында белгіленген талаптарға оқушылардың білім - білік дейгейлерінің сәйкестігін анықтау үшін тоқсан сайын әр пән мұғалімдері тарапынан және жалпы мектеп бойынша оқушылардың білім деңгейінің мониторингі жасалынып отырды. Мониторинг негізінде сыныптардың басым көпшілігінде оқушылардың білім, білік, дағды сапаларының көрсеткіштері стандарт талаптарына сай екендігі анықталды, бірақ төмендегі көрсетілген сыныптардағы сапа көрсеткіштерінің төмендігін атап өтпеуге болмайды: 3 «Е» 4«Ж»,5 «Е»,  8 «Е», 9 «Ә», 9«Г», 9«Д»

   Сондай-ақ аталған сыныптарда негізгі пәндердің  оқытылу сапасын бақылау  педагогикалық кеңестің  шешімі негізінде жүргізілді. Бұл сыныптарда ІІ тоқсанда жұмысты белсендіру қажеттілігі және іс- әрекетті зерттеу, сабақты зерттеуді ұйымдастыруды талап етеді. Сонымен қатар  мектепішілік бақылау жоспарына сәйкес, 5- сыныптардағы негізгі пәндердің   оқытылуы, 2-11  сыныптардағы ағылшын тілі   пәндерінің  оқытылуы, 2-11 сыныптардан аралық бақылау,  7-8 сыныптарда оқушы дәптерлерінің  жүргізілуі, БЖБ, ТЖБ-ның  талапқа   сай жүргізілуі, күнделік kz  журналының   талапқа сай жүргізілуі   тексеріліп, анықтамалар жазылып, кемшіліктерді жою бойынша  жұмыстар жүргізілуде.