І тоқсан әдістемелік жұмыс талдауы » Әл -Фараби атындағы орта мектеп
"Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"Әл-Фараби атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » І тоқсан әдістемелік жұмыс талдауы
04
ноябрь
2022

І тоқсан әдістемелік жұмыс талдауы


       Мұғалім мамандық өндірісіндегі қарқынды өзгерістерді бақылап, зерттеп қана қоймай, жаңа технологияларды меңгеруі тиіс. Тек қана жоғары дәрежелі ішкі мотивациясы жоғары, сын тұрғыдағы тұлға ғана, өздігінен жоғары дәрежедегі маман қатарына жетуі мүмкін. Осы жетістікке жету үшін негізгі роль әдістемелік қызметке бөлінеді.

Әдістемелік жұмысты ұйымдастыруда төмендегі бағыттар басшылыққа алынды: 

-Мектеп мүғалімдерінің  біліктілігін көтеру жүйесі, педагогтық  шеберлікті, кәсіптік деңгейін жоғарлатуға  бағытталған және педагогтарды шығармашылық потенциалын көтеруді көздейді.

-Мектептің әдістемелік  қызметін жетілдіру – ол педагогтардың  кәсіптік дамуын қолдауға арналған.

-Озық тәжірибені оқып  үйрену, тарату.

- педагогикалық қызметкерлерді  аттестатциясы

- оқыту және тәрбиелеу  нәтижелерін мониторингілеу;

- пән онкүндіктерінің  қорытындысы;

педагогикалық технологияларды  қолдану әдісі арқылы оқушылардың  белсенділігін арттыру;

- дарынды балалар жұмысының  қорытындысы.

Мектептің әдістемелік қызметінің негізі – бұл пәнаралық әдістемелік бірлестік. Біздің мектепте 10 пән ассоциациясы  жұмыс істейді: қазақ тілі және әдебиет; орыс тілі және әдебиет; шет тілі;қазақ   бастауыш сыныптар; орыс бастауыш   тарих, құқық; математика, физика, информатика; технология, бейнелеу өнері, музыка; химия, биология,  өзін –өзі тану;  дене шынықтыру

    Оқу жылы басында   2022-2023   оқу жылына арналған мұғалімдердің күнтізбелік жоспары талқыланып, бекітілді. Білім және ғылым министрлігінің әдістемелік нұсқау хатымен таныстырылды. Пән ассоциациясының  жылдық жоспары, үйірме, таңдау курстарының  жоспары талқыланып, бекітілді. Ассоциация  отырысында  пән   онкүндігі , пәндік олимпиада материалдарын дайындау, озық іс-тәжірибе мектебімен танысу, ашық сабақтардың жоспары, дарынды оқушылармен жұмыс, педоқулары тақырыбы, аттестация, курстар  жайында және басқа да атқарылатын жұмыстар туралы қаралып, есеп берілді. 

Мұғалімдердің педагогикалық  шеберлігін және оқушылардың өнерін, дарынын көрсететін жұмыстың түріне пән онкүндіктерін   өткізу жатады. Оларды өткізу жоспары жылдың басында жасалынады. Пән  онкүндігін   өткізудің қорытындысы әдістемелік кеңестің отырысында қарастылырып, әр қайсысына жеке папкалар арналды. Мететтің   жылдық  жоспарына сәйкес,Қыркүйек  айының   5-23  күндері  аралығында Қазақстан Республикасы халқының тілдер мерекесіне арналған «Мемлекеттік тіл-Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл» атты тілдер айлығы  өтті. Бұл айлықта іс-шаралар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушылардың тілге деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, көркем сөйлеуге дағдыландыру, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру.

  Аталмыш айлық  аясында бекітілген жоспар бойынша мектебіміздің тіл мамандары түрлі іс- шаралардың өтуіне ат салысты. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» демекші, біздің ана тіліміз – атадан-балаға мирас боп жеткен асыл қазына. Қазақ тілін сүю, қадірлеу – ұлтымызға деген сүйіспеншілігіміз. Өткізілген «Мемлекеттік тіл-Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл» тақырыбындағы іс-шарамыз 22-қыркүйек күнгі Қазақстан халықтарының тілдері мерекесіне қосылатын кішкене ғана үлес. 

  

Қазан айының 3-13 күндері аралығында мектептің жұмыс жоспарына сәйкес, білім алушыларды мемлекеттік тілді құрметтеуге тәрбиелей отырып, әлемдік тіл-ағылшын тілін меңгеруге қызығушылықтарын ояту, тілдік дағдыларын дамыту, пәндік  іс-шараларға тарту және пән мұғалімдерінің өзара сабақтастығын, тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету мақсатында «Тілмаш» ағылшын тілі пәні бірлестігінің онкүндігі ұйымдастырылып өткізілді. 

      Онкүндік барысында пән мұғалімдері ашық сабақтар мен қатар, сыныптан тыс шараларды ұйымдастырып өткізді.

Өткізілген ашық сабақтарға пән мұғалімдері қатысып тәжірибе алмасты және де сабақтар бойынша мұғалім  мен оқушы әрекетіне, сабақта қолданылған әдіс-тәсілдерге  тоқталып олардың тиімділігі, маңызы жөнінде жіберілген қателіктер жөнінде өз ой-пікірлерін ортаға салып жан-жақты талдау жасалынды. Жас мамандар Р.Нурдунова, Қ.Туилбаева, А.Макановаларға мектеп әдіскері мен тәлімгерлер тарапынан әдістемелік көмек көрсетілді.

Онкүндікті өткізудің іс-шара жоспары бойынша белгіленген іс-шаралар толық ұйымдастырылып, қорытынды кеш барысында   мектеп оқушылары өз өнерлерін көрсетті.


   


Мектепке мұғалім болып кеше ғана оқуды аяқтаған жас маман келгенде, оған барлық әдістемелік көмек көрсетілуі тиіс. 2022   жылдың  қыркүйек  айларында жас мұғалімдерге тәлімгерлер  тағайындалып,«Жас маман»  мектебінің жетекшісі болып  Таирова Д.Х . сайланды. 

Қыркүйек айында  жас мұғалімдермен  тәлімгерлер бірлесе  отырып,  жұмыс жоспарын  КТЖ, ҚМЖ құрып, бекітті. Қыркүйек  айында  №1   жас мамандар отырысында  ҚМЖ  құру жолдары, дәптер тексеруге қойылатын орфографиялық  талаптар, күнделік  кз  журналын   толтыру,ФБ дұрыс ұйымдастыру жолдары бойынша  әдістемелік  көмек көрсетілді. 

  

Аттестация – педагогикалық біліктіліктің бір бөлігі. Ол мұғалімдердің шеберлігін шыңдап, шығармашылық белсенділігін арттырып, педагогикалық еңбектің жиынтығын көрсетеді. 

 Мұғалімдердің   соңғы үш жылдағы санаттар бойынша өсу динамикасы

 

      Дарынды балаларды анықтау мәселесі, бұл білім беру ұйымдарындағы балалардың танымдық және тұлғалық дамуы үшін жағдайлар жасау оларды жан-жақты дамыту болып табылады. 

Қыркүйек, Қазан айларында 8-сынып  оқушыларынан «Айқанат» олимпиадасына 105  оқушы    І  кезеңіне қатысуға өтініш берді.   Мектепішілік   «Алтынсақа»  олимпиадасына   5-6  сыныптарда 49  оқушы   қатысып,  6  оқушы ауандық   кезеңге  өтті.  Сонымен қатар   мектепішілік  олимпиада  ұйымдастырылып, жеңімпаздар аудандық  кезеңге дайындалуда.

   Шығармашылықпен  жұмыс істейтін  мұғалімдердің   жаңашылдық  жұмыстарын , озат іс-тәжірибелерін жинақтау, насихаттау және тарату; Білім сапасын арттыруға бағытталған  іс әрекеттерді  ұйымдастыру бойынша  атқарылған жұмыстарға  тоқталатын болсақ; мектебімізде Қазан айында педагог-модератор  мұғалімдеріміздің  «Ашық сабақтар сессиясы» ұйымдастырылып, 30  педагог-модератор  мұғалімдеріміз ашық сабақтар көрсетті. Ашық  сабақ  барысында мұғалімдердің  өзара сабаққа   қатысу тиімділігі артты. Сонымен  қатар   сабақты  талдау, бағалауға  қойылатын   талаптар өз нәтижесін берді. Үлгілі   сабақтарды ағылшын тілі  пәні мұғалімі  Атекеева Ш,  көркем еңбек  пәні мұғалімі Скасырский В.В, Құрметбек Н  көрсетті. Сабақта сараланған мақсаттарға сәйкес, деңгейленген тапсырмаларды білім алушылардың  қабылетіне қарай тиімді ұйымдастырып, бағалауды нақты критерийлер арқылы жүргізді.   

Сапалы білім беру дегеніміз – ғылымға негізделген жүйелі бағдарлама бойынша теориялық практикалық іске, еңбекке баулу дүниетанымын кеңейту. Баланың  бойындағы бар қабілетін кемеліне келтіріп жетілдіру болып табылады.

 Сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үрдісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой- тағамы бар адамгершілігі жоғары қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.  Осы орайда биылғы  жылы мектебімізде  білім сапасын арттыру мақсатында мектепішілік  жобаларды  жүзеге асырудамыз.


2022-2023  оқу жылында   білім  сапасын  арттыру мақсатында  

жүзеге асырылатын  мектепішілік   жобалар  


    Жоба атауы

жетекшісі


«Мектеп театры» жобасы

Шорманова Ә.А.


«Жас     зерттеуші»  жобасы

Магамадова С.Ш.


«Мектеп газеті»     жобасы

Құрметбек Н.


«Ертегінің     білімдегі құндылықтары»

Прекеева А.Г.


«Зияткер» жобасы

Касенова Н.С.


«Ақылды сабақ» жобасы

Ертаева А.А.


«Жас қаламгер» жобасы

Еламанова Г.Т.


Қазан айында «Жас зерттеуші»  жобасы   аясында «Ғылыми жобаға  тақырып таңдау, оқушының  ғылыми жоба жасауға қызығушылығын арттыру» тақырыбында   нұсқаулық  семинар ұйымдастырылды. Бүгінгі күнге дейін 16  мұғалім «Ғылыми жоба» тақырыбын  және  оқушыны   таңдап жұмыстарын бастады. Сонымен   қатар «Зияткер» жобасы негізінде  олимпиадаға резерв дайындау  тақырыбында семинар өткізіліп, аудандық  жасөспірімдер және пән олимпиадасына 35  оқушы  таңдалып    мұғалімдер дайындық жүргізуде.


  


«Қазақ ертегілерінің білім берудегі тәрбиелік   құндылықтары" жобасының видеодыбыстау  бөлімі 5-7сыныптар арасында өтті.

Мақсаты: Ертегі арқылы мектеп жасындағы балалардың ағылшын тілінде сөздік қорларын дамыту, адамгершілікке, мейірімділікке, адалдыққа және еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

"Жас қаламгер"  жобасының   "Ертегілер әлемінде"  бөлімі 2,3   сыныптар арасында және «Мақала жазып үйренейік», «Өлеңді  мәнерлеп   оқу»   тақырыптарында 7-сыныптарға  дәріс   сабақтар   өтті.

  


«Ақылды сабақ» жобасы аясында «АКТ-ны тиімді пайдалану арқылы білім сапасын арттыру»,   «Қазақ, орыс, ағылшын тілдері сабақтарында Wordwall, Show инновациялық платформаларын пайдалану білім сапасын арттыру факторы» тақырыптарында  шебер сыныптар тиімді ұйымдастырылды.                                                                                                           


   

Мұғалімнің кәсіби білік дағдылары оның жеке кәсіби педагогикалық мәдениетін көрсететін өлшем. Олай болса жаңаша өмірге бет бұрып, жаңаша ой түзеген егемен еліміздің ұрпағын білім нәрімен сусындататын саналы тәрбие, сапалы білім беретін жеке тұлға, мәдениеті мен кәсіби шеберлігі шыңдалған мұғалім – ғасыр көшін бастаушы болып табылады. 

 «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс»демекші, еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар, өзгерістер мен жаңалықтар мұғалімнің өткені мен бүгіні, келешегі мен болашақ жайлы ойланып, жаңа идеялармен жұмыс жасауға негіз болады.Осыған орай,  І тоқсанда мектеп бойынша  Пәндік құзеттілік бойынша курстан өткен мұғалімдер саны – 15,Деңгейлік курстан өткен мұғалімдер саны – 3,Аналитикалық талдау бойынша   мұғалімдер  саны – 2, Осы көрсеткіштерге қарағанда мектептің педкадрларының кәсіби деңгейлері біршама жоғарлады. Дегенмен, курстан өткен мұғалімдер өз игерген білімін өзге де мұғалімдермен бөлісу жұмыстары бірізділікке қойылмаған. Ақпараттарды қолдану, бөлісу, тәжірибе алмасу жұмыстары нақты жоспар құруды қажет етеді.  Мұғалімдердің біліктілігін арттыру   перспективалық жоспарға сәйкес жүргізілгенімен, курстан кейінгі тәжірибе алмасу жұмыстары жүйелікті талап етеді. 

        Мектепішілік бақылаудағы  әрекеттерді түзету мен реттеу бойынша жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында белгіленген талаптарға оқушылардың білім білік дейгейлерінің сәйкестігін анықтау үшін тоқсан сайын әр пән мұғалімдері тарапынан және жалпы мектеп бойынша оқушылардың білім деңгейінің мониторингі жасалынып отырды. Мониторинг негізінде сыныптардың басым көпшілігінде оқушылардың білім, білік, дағды сапаларының көрсеткіштері стандарт талаптарына сай екендігі анықталды, бірақ төмендегі көрсетілген сыныптардағы сапа көрсеткіштерінің төмендігін атап өтпеуге болмайды: 3 «Е» 4«Ж»,5 «Е»,  8 «Е», 9 «Ә», 9«Г», 9«Д»

   Сондай-ақ аталған сыныптарда негізгі пәндердің  оқытылу сапасын бақылау  педагогикалық кеңестің  шешімі негізінде жүргізілді. Бұл сыныптарда ІІ тоқсанда жұмысты белсендіру қажеттілігі және іс- әрекетті зерттеу және сабақты зерттеуді ұйымдастыруды талап етеді. Сонымен қатармектепішілік бақылау жоспарына сәйкес, 5- сыныптардағы негізгі пәндердіңоқытылуы, 5-8  сыныптардағы қазақ тілі  мен әдебиеті пәндерініңоқытылуы, 2-4  сыныптардағыоқу техникасы,  5-6 сыныптарда оқушы дәптерлерініңжүргізілуіБЖБТЖБ-ныңталапқасай жүргізілуікүнделік kz  журналыныңталапқа сай жүргізілуітексеріліпанықтамалар жазылыпкемшіліктерді жою бойыншажұмыстар жүргізілуде.