Біздің жетістіктеріміз » Әл -Фараби атындағы орта мектеп
"Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"Әл-Фараби атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Біздің жетістіктеріміз
14
июнь
2022

Біздің жетістіктеріміз

Шығармашылықпен  жұмыс істейтін  мұғалімдердің   жаңашылдық  жұмыстарын , озат іс-тәжірибелерін жинақтау, насихаттау және тарату; бойынша Физика  пәні мұғалімі Батырбаева Диана Алимбаевна  аудандық «Математика мен физиканы  оқыту: жағдайы мен мәселелері» тақырыбында өткен аудандық  конференцияда  іс-тәжірибесімен бөлісті. 

         Білім сапасын арттыруға бағытталған  іс әрекеттерді  ұйымдастыру бойынша  атқарылған жұмыстарға  тоқталатын болсақ; мектебімізде: «Іс әрекетті зерттеу» бойынша  8   мұғалім нәтижелі  жұмыс жүргізсе, «Lesson study»  зерттеу    сабақтарын 6  мұғалім   ұйымдастырып, барлығы 18   сабақ  тиімді  ұйымдастырылды. Сонымен  қатар қазақ   тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әсет М.С. «Іс –әрекеттегі зерттеу арқылы көшбасшылықты дамыту»  тақырыбында, ағылшын  тілі пәні мұғалімі Иемберген А.Ә. «Lesson Study – сабақ зерттеудегі жаңаша әдіс»  тақырыбында  коучинг ұйымдастырды.