2022-2023 оқу жылындағы тәрбие жұмысының талдауы » Әл -Фараби атындағы орта мектеп
"Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"Әл-Фараби атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2022-2023 оқу жылындағы тәрбие жұмысының талдауы
03
июль
2023

2022-2023 оқу жылындағы тәрбие жұмысының талдауы

«Әл-Фараби атындағы орта мектеп» кмм-нің оқушылар арасында құқық бұзушылық, қылмыс пен қараусыздықтың алдын алу бойынша, жұмыстың 1-жартыжылдық есебі.


                Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.

Құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында, оқу жылының басынан бері біздің мектепте  психологтармен бірге ДТІЖ орынбасарлары сауалнама жүргізіп, бақылауда тұрған оқушыларға анализ жасалды.

         Оқу жылының басында құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында жүргізілетін іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілді. Жоспарға сәйкес бекітілген іс-шаралар өткізіліп отыр. Оқушылар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында мектепте құқықтық тәрбие мен құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде сынып сағаттары мен лездемеқыркүйек айының басында «Жол жүру ережесін білесің ба?» тақырыбында 

 

Жеке тұлғаның қалыптасуы – үздіксіз және күрделі процесс. Мұнда балаға табиғатынан берілген тума қасиеттері, қоғамдағы саяси-әлеуметтік жағдай, іс-әрекет пен қарым-қатынас сияқты негізгі күштердің өзара ұтымды байланысы және сәйкестігі саналы азаматтық көзқарастың қалыптасуында. Ата-бабамыз ұлды өздеріндей еңбексүйгіш, жауынгер, бесаспап азамат етіп тәрбиелеуді мақсат етсе, қыз баланы ибалылық сақтауға баулып, адамгершілік, имандылық, эстетикалық тәрбие берген. Мектеп қабырғасында тұлғаның дұрыс қалыптасуына 6,7 сыныптың ұлдарына «Ұл тәрбиесі-ұлт тәрбиесі» тақырыбында дене шынықтыру пән мұғалімі Байекеев Ж. А. мен ұлдар жиналысының жетекшісі, ағылшын пән мұғалімі Иемберген А. 9-сынып ұлдары арасында «Салауатты өмір салты» тақырыбында жиналысын жүргізді. 8,9-сынып оқушылары арасында «Заң бәрімізге ортақ» тақырыбында түсіндірме жүргізілді. Оқушыларға қылымыстық істердің адам өмірінде тигізер әсері, келешек өмірлеріне оның зардаптары, мектепте жасалған құқықбұзушылықтың қай түрлеріне жататындығы туралы түсіндірілді. 

 Сонымен қатар мектепте қыздар жиналысы болады. «Әдептілік адамгершілік бастауы», «Қыз тәрбиесі-қоғам тәрбиесі», «Жақсы мінез-жан сұлулығы» тақырыбында 6,7,8,9 сыныптың қыздарымен жиналыс өткізілді. 


07.09.2022ж 8,9 сынып ұлдары арасында ұлдар жтналысы өткізілді. Жиналысқа Бәйтерек ауылдық округының инспекторы Мелс Н., ДТІЖО Жанадилова Г.Ж., әл.педагог Саткенова Л.Е., педұйымдастырушы Адыкенова А.С., құқықбұзушылық минстрі 11д сынып оқушысы Сартиф қатысты. Жиналыста ауыл инспекторы оқушыларға түнгі 22.00-ден кейінгі уақытта ата-анасыз яғни заңды өкілсіз жүруіне, мапет, эл.самакат айдауға болмайтындығын айтылды. Ұсталған жағдайда бірінші рет ескерту алатынын, 1 жыл ішінде қайта ұсталған жағдайда айып пұл салынатындығы түсіндірілді. Сонымен қатар 127, 441, 442 баппен таныстырып өтті. Мектепте темекі, эл.темекімен ұсталған оқушылардың ата-анасына 46 000тг көлемінде айып пұл салынатындығы ескертілді. Сабақ үстінде ескертусіз кетіп немесе қашып кеткен жағдайда заңды өкіліне айып пұл салынатындығы жайлы түсіндірме жүргізді.Желтоқсан айында жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу және құқық бұзушылықпен күресуде көмек көрсету мақсатында мектебімізде Еңбекшіқазақ АІІБ-нің ЖПҚ ЮПТ инспекторы Темиржанова Айгерим Халыковна түсіндірме жұмыстары мен дөңгелек үстел жүргізілді.

  26.09.2022ж АПБ ЖПҚБ ЮПТ инспекторлары Темирханова А.Х., Тургумбаева А.М. 6,7- сынып оқушыларына құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жүргізіп, тәртіп бұзатын оқушыларға мектеп ережесін айта кетті.   

 Тәртіп бұзған оқушылардың ата-аналары шақырылып, оқушылармен бірге түсініктеме жұмысы жасалды.

 Құқықбұзушылықтың алдын-алу бойынша мектепте біраз жұмыстар жасалды. Атап айтқанда оқушылар мен ата-аналарға 127,235,441,442 баптар бойынша түсіндірме жүргізілді. Осы баптарға сай 16 қараша күні мектептегі әлімжетілік, шылым шегу тақырыбында әкелер мен оқушылар арасында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. 

 Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата - ана. Бала үшін үй ішінен, ата - анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер — жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез - құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды.Өз баласымен ашық сөйлесіп, сырласу керек. Осыған орай «Отбасы алтын діңгек», «Қыз қылығымен-ардақты» тақырыбында 6,7,8-сынып оқушыларымен әжелер кеңесі өткізілді. 

 Отбасымен бірге оқушылар арасында эстафеталық жарыстар ұйымдастырылды. 

 Мектеп пен отбасы байланысының басты формасы- ата-аналар жиналысы. Саналы да тәрбиелі бала тәрбиелеу үшін өте тығыз байланыста. Мектеп оқу-тәрбие жұмысының мазмұнын жақсартуға қамқорлық жасап, ата-аналарды, жұртшылықты қатыстырады. Онда күнделікті өмір, еңбек, демалыс, оқушылардың бос уақыты, кәсіптік бағдар, оқу және тәрбие жұмысы, т.б. талқыланып, оларды одан әрі жетілдірудің нақты жолмен қарастырады.

14-желтоқсан күні ата-аналар комитетінің жиналысы өткізілді. Ол жиында ең басты проблемалар қозғалды.

-1-тоқсанның үлгерім сапасы.

- құқықбұзушылықтың алдын-алу

- Жаңа жыл мерекесі

- Әр –түрлі мәселелер қарастырылды

  Спорт – денсаулық кепілі. Ал мықты денсаулық – адамның еңбекке, қоғамдық іс-әрекетке белсенді қатысуының кепілі. Қазақ халқы бала тәрбиесіне ерте кезден көңіл бөлген. Баланың ақыл-ойының, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына айрықша мән берген. Халқымыздың спорттық ойындары осының бірден-бір дәлелі. Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану барысында мектепте түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады, соның бірі спорт түрі. 

18 қыркүйек денсаулық фестиваль күніне орай 1-11 сынып оқушылары арасында арқан тарту, гир көтеру, 100м жүгіру, бір орнынан секіру, пресс жасау, футбол бойынша спорт ойындары ұйымдастырылды.

 Сонымен қатар аймақаралық жарыстар ұйымдастырылады. Футбол спорт түрінен орта буын оқушылары арасында жарыс ұйымдастырылып, мектебіміз 3-орынға ие болды.  

Құқықбұзушылықтың алдын-алу барысында ай сайын, мереке күндері оқушылардың түнгі мезгілде кафелер мен көшелерде, дүкендерде жалғыз жүрмеуі   үшін құрылған мобильді топтардың түнгі рейдке шығуы.

 Қылмыстың алдын  алудың бірден-бір жолы – оқушылардың мектептен тыс уақытында қосымша біліммен қамтылуын дұрыс ұйымдастыру. Бүгінгі күні мектептегі, мектептен тыс қосымша сабақтарға оқушылар шақырылып, біліммен, спортпен қамтылып отыр.Бүгінде мектебімізде   спорттық үйірмелер жұмыс істеп, оған   оқушы тартылып жатыр.

 Қоғамдық тәртіпті бұзған, сабақтан себепсіз қалған оқушылардың үйіне рейд жүргізілді. 

 Сонымен қатар бұзушылық жасаған оқушылар мектепішілік және аудандық ішік істер бөліміне есепке алынды. Ішкі істер органдарында есепте тұрған Лашина Виктория 9-сынып оқушысымен жүйелі жұмыс жүргізіліп, бақылауға алынған. Гандбол спорт секциясына тартылды. 

Есепте тұрған оқушылардың спорттық үйірмелерге қатысуы, денешынықтыру пән мұғалімдерімен мини футзал, волейбол ойыны. 

 Мектепшілік тәртіп бұзған оқушылармен түсіндірме жүргізіліп, акт жасалып, ата-аналары шақырылып түсіндірме жұмысы жүргізілді. Білім алушы жастарға сынып жетекші, психолог, мектеп медбикесі мен ТІЖД орынбасарлары бірігіп жұмыс атқаруда.

Мамыр айында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысы

ПДД 5-8 сыныптар «Автобус, трамвайда және көліктің басқа да көліктің түрлерінде сапарға шығу» сынып сағаты

 «Мен және менің құқығым» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

 

 «Әл-Фараби атындағы орта мектеп» КММ

2022-2023 оқу жылындағы тәрбие жоспарына сәйкес өткізілген                 «Абайлаңыз, бағдаршам!»  жұмыстар 

Анықтама

Оқушыларды жол жүру ережесімен таныстырып, жол қауіпсіздігін сақтауды үйрету мақсатында 13-қыркүйек күні «Абайлаңыз, бағдаршам!» атты сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарын өткізудің негізгі мақсатын орындау,яғни, оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу үшін АПБ жергілікті учаскелік полиция қызметкері аға лейтенант Нусипжанов Нартай Талапович мектепке шақыртылып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Полиция қызметкері практика түрінде оқушыларға бағдаршам, жаяу жүргіншілер жолымен дұрыс жүруді, жолда жүру ережесін сақтауды көрсетті. Сынып жетекшілер сынып сағаттары барысында түрлі көрнекіліктерді пайдаланып, оқушыларды қызықтыра отырып, ереже сақтауға үйретті. Аталған іс-шара оқушыларды жауапкершілікті сезініп, жолда жүру ережелерін сақтауға тәрбиелеп, дұрыс түсінік қалыптастырды. 


 

Ағымдағы оқу жылы қазан айының 18-і күні оқушылардың жол қауіпсіздігін сақтауы бойынша Бәйтерек ауылы уческелік полициясымен бірлесіп кешкі мезгілде сабақтан қайтқан оқушыларды жолақ белгісінен өткізу жұмыстары жүргізілді. Аталған іс-шара кешкі уақытта көліктердің көптігінен апаттың алдын алу мақсатында жүргізушілерді жолақ белгісінен тоқтатып оқушылардың жолдан қауіпсіз өтуіне жағдай жасады. Атқарылған жұмыс жүргізушілерді мектеп маңынан ақырын жылдамдықпен өтуге дағдыландыру үшін, аптасына 3 рет кешкі уақытта қайталанып отырады. Арнайы мұғалімдер қатарынан кезекшілік ұйымдастырылып,полиция қызметкерлерімен алдағы уақытта да бірлесіп атқарылатын болады.

«Әл-Фараби атындағы орта мектеп» КММ

10-20 қараша аралығында өткізілген «Бала құқығы-адам құқығы» республикалық онкүндік, «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты республикалық акцияның 

атқарылған іс-шара жұмысы

Әр адамның қызыққа толы балғын шағы болады. Ол әрине біздің балалық шағымыз. Балалық шақ - бейбітшілік, ата-ана махабатына толы, бақытты кезең. Оларды тәрбиелеу, оқыту, білім беру, болашаққа қадам бастыртып осы өмірде өз орнын таптыру әр ата-ананың міндеті. Отбасы- қарым-қатынасы, іс-әрекет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр осылардың бәрі адамның дүниетанымын, сана-сезімін, мінез-құлқын қалыптастыратын тәлімдік мұра. Отбасындағы тәрбие мен махаббат балаға әр-түрлі беріледі. Біреуі махаббатқа толы болса, екінші біреулері соған зәру болып өседі. Қазіргі таңда елімізде салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу мақсатында мектепте «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында 10 күндік іс-шара жүргізілді. Іс-шараның мақсаты:Оқушыларға зорлық зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең жаман қасиеті екенін айту.

  • Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса оқушыларға адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы үйрету;
  • Зорлық –зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіру.
     Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау.
  • Тұрмыстық зорлық-зомбылық – ауыр әлеуметтік салдары бар проблема. Зорлық-зомбылық өз алдына тек жәбірленушілердің құқықтарын бұзып қана қоймай, өскелең ұрпақ үшін теріс үлгі болып келеді.

Осы тақырыпта қараша айының 10-20 аралығында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында 10 күндік шара ұйымдастылды. Апталықта «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ», «Әр қашан күн сөнбесін», «Әр баланың құқығы бар» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

 

Осы апталыққа бастауыш сынып оқушылары белсене қатысты. 3,4-сынып оқушылары арасында «Әр баланың құқығы бар» тақырыбында сурет байқауы өткізіліп, 3а сынып оқушысы Жеңісұлы Дәулет, 4а сынып оқушылары Асымханова Айниса, Мақұлбаева Зере 1-орынды алса,  3ә сынып оқушылары Тұрғали Кәусар, Оңалбайқызы Ақерке 2-орын, Алимхан Омар 3-орынды иеленді. Сонымен қатар эссе байқауы өткізілді. 

 

«Отбасы-қоғамның ең басты тірегі» тақырыбында 9-10 сынып оқушылары арасында әкелердің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Мектеп пихологтарымен ата-аналар жиналысы өткізілді. 

 

Оқушының даму және психологиялық денсаулығын сақтай отырып, мектепте дұрыс жұмыс тәртібі құрылады.

Мектептегі бірін –бірі сыйлау тәртібін қолдау; - Қазіргі қоғамда және жеке жауапкершілікке тәрбиелеуде оқушыға көмек көрсету; - Жеке тұлға құқықтарын сыйлауға, сонымен бірге қоғамдағы жеке міндеттерін түсіне білуге тәрбиелеу; - Жалпы адамгершілік құндылығының негізінде мәдени тәртіпке және қатынастың дамуына тәрбиелеуде жұмыстар жүргізілуде. Қылмыс пен жаза тақырыбында 9-сынып оқушылары арасында АПБ ЖПҚБ ЮПТ инспекторы полиция капитаны Темиржанова А.Х. мен Тургумбаева А.М. дөңгелек үстел өткізілді. 

 

«Бәріміз бірге әлемді өзгертеміз» тақырыбында 8,9- сыныптар арасында эссе өткізіліп, жақсы жазылған эсселерге мадақтама берілді. 

 Қандай да бір жиылыста, мәжілісте, қоғамның негізгі тақырыптарын талдау, белгілі бір проблеманы шешу, жарыссөз, айтыс, пікіралмасудың ресми қалыптасқан тәртібі-бұл дебат. Оқушының ой-өрісін дамыту, іздендіру, мәдениеттілікке тәрбиелеу, жұрт алдында сөйлеу қабілетін дамыту мақсатында дебат клубы өз жұмысын арттыруда. Осыған орай «Зорлық және қатыгездік» тақырыбында пікірталас өткізілді. 

 ТІЖО сағат 22-00ден кейін кафелер мен интернетклубтарына, көшелергетүнгі рейд жасалды. Рейд жүргізу барысында ешқандай оқушылар мен қауіп төндіретін жайттар орын алмады. 

 Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша, іс-шараға қатысушылар отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға, зорлық балалардың денелік және психологиялық денсаулықтары және жан-жақты дамулары үшін ауыр машақат болатыны жайлы түсіндірілді. Мектебімізде жүргізілген іс-шараға оқушылармен сынып жетекшілері белсене қатысып, өз ойларын толық жеткізе білді. Балалар құқығын қорғау – еліміздің басты құндылықтарының бірі. Сол үшін өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып, еліміздің беделді, саналы азамат болып өсуіне аянбай еңбек етуіміз керек.

«Жасөспірімдер мен ата-аналар арасында келіспеушілік» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстелдің анықтамасы

15.03.2023ж ата-аналар мен 7-8 сынып оқушылар арасында дөңгелек ұйымдастырылды.

Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың  дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына  ата- ана  тәрбиесінің әдіс- тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым –қатынас орнату және ұлттық сананы бойына сіңіру.

Міндеттері:   ата-аналардың мектеппен мұғаліммен тығыз байланысын арттыру; балалармен  бірге  мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету.бала тәрбиелеу сапасының аз да болса жоғарлауына  ықпал ету.

Ата-анатілегібаласыныңжақсыадамболуы,еңбексүйгіштігі,кішіпейіл,мейірімдіболуы. «Ұлтәрбиелейотырып,жериесінтәрбиелейміз, қызтәрбиелейотырып, ұлттытәрбиелейміз».Отбасындағытәрбиеәрбірмүшеніңөзін-өзісақтау,ұрпақтыжалғастыру,өзін-өзісыйлауқажеттігінентуындайды.Отбасындаадамныңжекебасыныңқасиетіқалыптасады.Балағабілім,тәрбиеберудебастытұлғаұстазболса,оныжалғастырыпдемеушіата-анаекенінұмытпайық.

ЖАСӨСПІРІМДІК ЖАС (10-11 жастанбастап 13-14 жасқадейін) бала мен оныңата –анасыныңөміріндегіеңкүрделі де жауаптыкезеңболыптабылады. 

Отбасы - адамзат  бесігін тербеткен алтын ұя. Баланың бас ұстазы ата – анасы. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің»  деген дана сөз бар. «Балапан қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын әке де қыран болу керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқтаған. Әр отбасында ата-ананың орны бөлек. Әке отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі деп білесің, ана отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы. Жақсы ана отбасына береке әкеліп, жанұясын бақытқа бөлейді. Әкеден ерліктің, еңбектің, адамгершіліктің, іскерліктің, имандылықтың өнеге үлгісін үйренсе, ал анадан парасаттылықтың, ісмерліктің, мейірімділіктің, сұлулықтың, қайырымдылықтың өнеге үлгісін үйренеді.

Қатысқан ата-аналар:

  1. Амиракынова М.К.
  2. Аманжолова С.И.
  3. Акжигитова Н.
  4. Шынтаева Р.Ж.
  5. Тлевжанова Г.

және 7а,ә,б; 8а,е-сынып оқушылары. 

Слайд 2. Физиологиялық жағдайы: әлсіздік, шаршау; аурушаңдық; еріншектік, немқұрайлық, ашуланшақтық.

Слайд 3. Эмоциональдық жағдай: ешкімге керек еместік сезімі; өзін-өзі төмен бағалау (суицидтік ойлар, өзінен-өзі ашулану); әлеуметтік ахуал.

      Баланың жасөспірім шағындағы басты іс-әрекеті – құрдастарымен жеке, жақын қарым-қатынас бойынша түрлі жұмыстар өткізілді.

Слайд 4. «Балаңызды түсіне білесіз бе?» тест.

3. «Қызықты сұрақтар» ойыны,

4. Сүйікті жемісіңіз қандай?

Мақсаты: Мінез-құлықты анықтау

5. Ой толғау. «Қарым –қатынас дегеніміз не?». Ата-аналар топта бөлініп,өз ойларын қорғайды. Қағазға жазылады. 

6. Ситуациялық сұрақтар:

Ата-аналар үстел үстіндегі үлестірме қағаздарды бөліп алып, сұрақтарға жауап береді.

Мақсаты: Ата-ананың балаға көңіл бөлуін байқау.

«Үй, жол, көбелек, бокал, шалбар, орамал» диагностикасы жасалды. 

Ата-аналарға мынандай ережелерді қадағалап отырып сурет салатындығы ескертіледі:Бұл жұмыста Сіздер өз бейсаналарыңыздың хатшысы іспеттес боласыздар, сол себепті де еш ойланбай, қорықпай, берілген тасырманы тездетіп орындауға тырысыңыздар.Сурет салу тапсырылғанда, «Қалай саламын? Суреттер қандай болу керек» деп сұрауға болмайды: өз қалауларыңызбен шешімдеріңіз бойынша салу керек.

7.Ой жинақтау.

Бала мен ата-анаарасындағықарым –қатынасқандай болу керек? (суретсхемаменталдау)

Достық, Түсіністік, сыйластық.

Осы анкеталар мен ойындар бойынша ата-аналар арасында байланыс жақсы, әр жасаған ісіне түсіністікпен қарайтыны анықталды.

8.Қорытынды. Ұлы Абай атамыз 38 –қара сөзінде ; «Қашан баланың ғылым білімге махаббаты оянғанда ол адам бола бастайды.Оның адам болғанына 3 түрлі нәрсе себеп болады. Бірінші жақсы ата-ана,екінші жақсы ұстаз,үшінші -жақсы құрбы –құрдас», -деген екен.Сондықтан да балаларымызбен үнемі жақсы қатынаста болайық

«Әл – Фараби атындағы орта мектеп»  КММ-нің

2022-2023 оқу жылы кәсіптік бағдар беру жұмыс есебі

  "Әл-Фараби атындағы орта мектеп" КММ-де кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру оқу-тәрбие жұмысының құрылымындағы бағыттардың бірі болып табылады және білім беру процесінің барлық қатысушыларының кәсіби өзін-өзі анықтау мәселелерінде әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз етуге бағытталған. Мектепте ағымдағы оқу жылына мектептің жұмыс жоспарының бір бөлігі болып табылатын кәсіби бағдар беру жұмысының жоспары бекітілді.

Кәсіптік бағдар беру жұмысының міндеттері:

  1. Оқушыларға кәсіптік өзін-өзі айқындауды шешуде көмек көрсету;
  2. Олардың құндылықтық бағдарларын, қабілеттері мен мүмкіндіктерін, өмірлік жоспарлары мен перспективаларын ескере отырып, кәсіптерді дербес және саналы таңдауын қалыптастыруға ықпал ету.

Оқушылармен және олардың ата-аналарымен жұмыстың негізгі бағыттары:

Оқушыларды мамандықтар, оларды алу жолдары, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы хабардар ету, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды насихаттау, басымдықта (техникалық, ауылшаруашылық мамандықтары);

Мамандарды тарту арқылы  оқушылардың кәсіби маңызды қасиеттерін диагностикалаудың қазіргі заманғы әдістері мен құралдарын қолдану;

Мамандық таңдау мәселелері бойынша педагог-психологтың қатысуымен оқушыларға ұжымдық және жеке кеңес беруі;

Кәсіппен танысу және еңбекті ұйымдастыру мақсатында кәсіпорындарға экскурсиялар ұйымдастыру;

Оқу орындарының өкілдерімен кездесулер ұйымдастыру;

Жоғары оқу орындарымен және колледждермен бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру;

Оқу орындарының Ашық есік күндерін өткізу;


  2022 -2023 оқу жылы ағымында келесі бағыттар бойынша кәсіптік бағдар беру жұмысы жүргізілді:

  Диагностикалық жұмыс - 2022-2023 оқу жылында 9,11 сынып оқушыларының тұлғалық ерекшеліктері мен кәсіби бейімділігін зерттеу бойынша диагностикалық жұмыс жүргізілді. Оқушылардың кәсіби қалауының салалары, сондай-ақ жеке-тұлғалық ерекшеліктері анықталды. Мектеп педагог-психологтары  Қыдықова Л.К, Нусупбаева А.Б оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтаудағы қиындықтарды, сондай-ақ тұлғалық сипаттағы мәселелерді анықтады. Диагностикалық жұмыс нәтижелері бойынша оқушылармен, педагогтармен және оқу орынбасарымен консультациялар өткізілді; сабақтар циклы (семинарлар мен тренингтер) өткізілді, түрлі қызмет түрлеріне жеке бейімділік деңгейі және тұлғаның бағыттылық түрі анықталды. 

Кеңес беру жұмысы – оқушыларға кәсіби таңдау бойынша жеке кеңес беру жүргізілді. Кәсіби мүдделер анықталды, кәсіби өзін-өзі анықтауға көмек көрсетілді. «Алматы технология экономика», «Алматы ұлттық медицина», «Мәриям атындағы медицина», «Есік медициналық»,  «Халықаралық қазақ-қытай тілдер», «Алматы технологиялық қаржы және инновация», «Алматы Мемлекеттік қөлік және коммуникация» колледждері мен «Евразия», «Халықаралық инженерлік технологиялық» университеттерінің мамандарымен кездесу жұмыстары жүргізіліп оқушыларға кеңестер берілді. 

Практикалық жұмыс - әсіресе тренингтер түрінде оқушылармен топтық кәсіптік бағдар беру сабақтары өткізілді. 9-сыныптарда "Кім болғым келеді", "Заманауи мамандықтардың атласы", "Темперамент және мамандық ", "Мен мамандық әлеміндемін", "Мамандық әлемі" тақырыптарында 2023 жылдың қараша айынан наурыз айына дейін өткізілді.

Әлеуметтік-ағартушылық жұмыс -  "Қайда оқуға барамыз" бұрыштары ресімделіп, оқушылармен әр түрлі мамандықтармен танысу бойынша әңгімелер ұйымдастырылды.

9 а сыныпта  25 оқушы  колледжге 12 оқушы оқуға түсуге бел буды.  Ажибек Аружан мен Махал Қадірбек Есік гуманитарлық колледжге  түсуге дайындық жасап жатыр.  Дене шынықтыру пәні мұғалімі болады. Муталяп Еркебулан, Бейсен Дамир, Жәңгір Айбар Талғар қаласындағы «Арыстан» мектебіне түседі. Ерланұлы Дарын мен Қожақан Бекжан автокөлік жөндеу бойынша оқуға түскілері келеді. Айбарбекқызы Зейнеп Қырғызстандағы есепші колледжіне  кетеді. Уалихан МедетАКЖТ Специальность (Логистика) Бойынша оқуға тапсырады. Ками Арман Алматы қаласындағы Конаев атындагы колледждің заңгер мамандығын таңдап отыр.

 Қыдырбек Естөре медициналық колледжге түсуге дайындық жасап жатыр. Мереке Мәди Туризм және қонақ жайлық колледжі бойынша дайындық жасауда.   Қалған 13 оқушылар мектепте 10 сынып оқуға қалады. 

9 г сыныпта 26 оқушы. Мектепте 10 оқушы қалады, колледжге 16 оқушы әр түрлі  мамандық бойынша кетуге дайын. Өздері таңдаған  маркетолог, мейірбекке мамандық бойынша  Слюсарь М., Амувакирова Р, Крылова А. Земляков М ашық есік күндеріне ата – аналарымен барып танысып келді.

     9 д сыныпта 26 оқушы мектепте 11 оқушы қалады, колледжге  15 оқушы кеттеді. 1) Макиенко Ксения( Талгар дизайнер)  Пирова Шахзода (Алматы дизайнер) Островская Виктория ( Алматы дизайнер модельер)  Вдовцев Илья(Алматы техник)  Марченко Сергей (Алматы дизайнер интерьера) Сухов Глеб (Алматы техник)  Савельева Анастасия ( Талгар повар)  Соловьев Игорь ( Алматы электрик)  Косинов Данил (Алматы механик)  Хомякова Ангелина (Иссык парикмахер)  Паканов Алексей (Алматы столяр) Грезев Артемий (Алматы маркетолог)  Шелепин Богдан (Талгар повар)  Швецова Оксана                  ( Россия кондитер)  Жанабаева Динара (Талгар кондитер)

Ата-аналармен (заңды өкілдерімен) жұмыс:
   Кәсіби бағдардағы ең  маңыздысы ата-аналармен жұмыс. Ата-аналар өз балаларының өмірлік және кәсіби жоспарларын анықтауға белсенді қатысады. Сонымен қатар,мамандық таңдау және білім беру жолдарын анықтау мәселелері білім алушылардың өздері үшін де, олардың ата-аналары үшін де қиын міндет болып табылады.

  Ата - аналар жиналыстарында және сынып сағаттарында, жеке кеңес беру кезінде-сынып жетекшілері қазіргі еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, балалардың одан әрі білім алуын дұрыс таңдаудың маңыздылығы туралы мәселелерді көтереді.

Оқу жылы ағымында 9, 11 сыныптарда ата-аналар жиналыстарында кәсіптік бағдар бойынша әңгіме өткізілді:  "Мамандық таңдау және өзін-өзі анықтау үдерісіндегі ата-аналардың рөлі"»,  "Балаға мамандықты таңдауға қалай көмектесу керек?"», «Зиянды әдеттер мен жасөспірімдер ортасы".

Ата-аналарға сауалнама жүргізілді: "Мамандық таңдаудағы ата – ананың рөлі», Ата-аналар мен түлектерге "Мамандықты қалай таңдау керек" жадынамасы таратылды.

Кәсіби бағдар жұмысын қорытындылай келе, қорытынды жасауға болады:                                                                                                                           1. Мектепте қазіргі қоғам экономикасының сұранысын ескере отырып, білім алушыларды кәсіптік бағдарлау бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде.                                                                                                                                         2. Кәсіби бағдар беру жұмысының жоспары орташа  деңгейде жүзеге асырылды.              

Әл – Фараби атындағы орта мектеп» КММ

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылған іс – шаралар

     2022-2023 оқу жылына  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында мектепішілік жұмыс жоспары құрылған.  Жоспар бойынша жұмыстар бақыланып отырды. 

Бақылаудағы мақсат: Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын  ұлттық құндылықтарды жаңғырту;
Жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.

         Қазақстан Республикасының рәміздерін насихаттау жұмыстары жыл бойы жүргізіледі.   Мемлекеттік  Гимн  сынып сағатында орындалады.

05.09.2022 ж «Мемлекеттік тіл қазақ халқын біріктіретін тіл» тақырыбында тілдер айлығы өткізілді. Мақсаты: Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған ұлт өкілдері арасындағы достықты нығайту, мемлекеттік тілген құрметпен қарау. (көрме, интелектуалды ойын, зияткерлік ойын, дөңгелек үстел, сурет көрмесі)

05.09.2022 ж «Ахмет Байтұрсыновтың туылғанына 150-жыл» атты мектепшілік іс-шараны қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі ұйымдастырып өткізді. (сынып сағаты, танымдық сабағы, эссе байқауы, сурет көрмесі) Мақсаты: Оқырмандардың Ахмет Байтұрсынұлы туралы білімдерін кеңейту, ақын мұрасына құрметпен қарауға,  көркем әдебиетті, поэзияны сүйе білуге баулу.

13.09.2022 ж  «Кітаппен бірге өсеміз» атты кітапханаға саяхат өткізілді. Бірінші сыныбып оқушыларына  «Қазақ әліпбиінің тарихы»  түсіндірілді.  Мақсаты: Кітапхана өмірімен таныстыру, білімің кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру, кітапқа деген қызығушылықта арттыру, оны күтіп ұстауға үйрету.

15.09.22 ж.  «Қазақ жазушысы Ғабдола Слановтың туылғанына 110 жыл» атты көрме өткізілді. Көрменің мақсаты: оқырмандарды  ақынның шығармашылығымен жақынырақ танстырып, өмір баянын кеңінен түсіндіру.

28.09.22 ж  «Мұхтар Әуезовтың туылғанына 125-жыл» атты әдеби кеш  өткізілді. Әдеби кешке қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі жауапкершілікпен ат салысып, 5-10 сынып оқушыларымен жұмыстар жүргізді.  Мақсаты: Мұхтар Әуезовтің өмір жолы мен жазушылық қызметінен, шығармашылығынан мағлұмат беру. Жазушының әлемдік мәдениетке қосқан үлесі туралы оқушылардың білімдерін жүйелеу. Оқушылардың өзіндік ізденіс жұмыстарына баулу,ой-өрісін , рухани жан дүиесін байыту. Ойын ашық білдіру, еркін сөйлеу дағдыларын жетілдіру.Әлем таныған М.Әуезовтың  ұлылығын дәріптеу. 

Қыркүйек айында дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Белсенді өмір – жүз жастық ғұмыр»  мектепішілік денсаулық  фестивалі өткізілді. Күнделікті таңғы жаттығуды денешынықтыру пән мұғалімдері жүргізіп отырды. 

Қазан айында «Жақсылық жаса» акциясы аясында мектеп 9 а, ә, б, г, д, е сынып оқушылары жетекшілерімен  қарт адамдарға барып, мерекелерімен құттықтап, көмек көрсетті. «Қарттарым аман – саумысың?!» тақырыбында мерекелік іс-шаралар өткізілді.   03.10.2022.  «1 қазан халықаралық қарттар күні» атты көрме өткізілді.  мақсаты:Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру,үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.

    20.10.2022 ж  «Мәншүк Мәметованың туылғанына 100-жыл» атты көрме өткізілді.  мақсаты :Оқушыларды  Ұлы Отан соғысындағы  қазақстандықтардың  ерлігі,Мәншүк Мәметованың  ерлік істерімен таныстыру. Оқушылардың   қазақтың   батыр  қыздарының  ерлігіне   қызығушылығын  тудыру,өз ойларын  жүйелі түрде жеткізе білуге жетелеу,сөздік қорын,тіл байлығын   дамыту.Оқушыларды,елді жаудан   қорғаған,елі үшін  ерлік  көрсеткен азаматтарды  құрмттеуге,туған жерін сүюге,Отан  үшін   отқа түсетін  елжанды,ел азаматы  болуға   тәрбиелеу.

    21.10.2022 ж  25 қазан Республика күніне арналған іс – шаралар ұйымдастырылды «25-қазан Республика күні» атты көрме  «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбында эссе байқауы өткізілді. Мектеп әкімшілігі құттықтап  бейнеролик түсірді. "Мен өз Отанымның азаматымын" дебат.  Мақсаты: Оқушыларды туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету. Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі - туған Отанды сүюден басталатынын түсіндіру. Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.

    27.10.2022 ж  мектеп кітапханасында «Біз нашақорлыққа қарсымыз» атты көрме өткізілді. 9 д 10 д сынып оқушыларымен мектеп медбекесімен түсіндірме жұмысы жүргізілді.  Мақсаты:Оқушының  бойында   салауатты    өмір  салтын   берік  қалыптастыру,   жеке   тұлғаның   санасын  дамыту,     денсаулығын   сақтау  білуге үйрету,   зиянды   нәрселерден   аулақ  болуға   тәрбиелеу,   нашақорлықтың алдын  алу. 

      28.10.2022 ж «Рухани адамгершілік тәрбиелік» құндылығы бойынша сынып жетекшілермен. Магамадова С.Ш, Жамгырбаева жиналыс өткізілді

Мектепті  көгалдандыру мақсатында Республикалық «Эко» жобасы аясында  9 а 10 г сынып оқушыларымен  мектеп ауласына ағаш отырғызылды.  «Экосағат» сынып  сағаттары өткізілді. Эко   ауыл тұрғындарымен мемлекеттік мекемелермен «Керексіз заттарды  жинау» акциясы ұйымдастырылды.  6 а, ә, б сынып оқушылары арасында «Қазіргі әлем және экология» тақырыбында Атекеева Б.Қ жарыс сабақ  өткізілді.

Қараша айында «Өлкемнің  киелі жерлері» балалардың көзімен атты тақырыпта  8 – 10 сынып оқушыларымен сурет  байқауы ұйымдастырылды. Тарих пәнінің мұғалімі Тұрсынбекқызының  жетекшілігімен  10 сынып   оқушылары  «Д.А.Қонаев» мұражайына барып қайтты. Оқушылар тамаша әсер алды. «Ы.Алтынсарин 181 жыл» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. «Қазыбек би 355 жыл» тақырыбында танымдық сабақ өтті.      17.10.2022 ж Мектеп кітапханасында «Тұғыры биік Қазыбек би 355-жылдығы» атты көрме өткізілді. Көрменің мақсаты: оқушыларға қазақтың аса айбынды билерінің бірі- қаз дауысты Қазыбек бидің  тарихтағы орны мен шешендік сөздерінің шығу тарихын түсіндіру,сөз өнерін түсініп, қадірлей білуге, өз білімін бағалай алуға, өзгенің пікірін тыңдап, бағалай білуге, Қазыбек би секілді тарихи тұлғалардың өмірі мен шешендігін терең меңгерту арқылы адамгершілікке, тарихын, әдебиетін құрметтеуге тәрбиелеу.

15.11.2022 ж «Ұлттық теңге-Тәуелсіздігіміздің символы» атты көрме өткізілді. мақсаты: Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру. Ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. Басқа ел валюталарымен таныстыру. Жаңадан айналымға енген ұлттық валюта, оны енгізудің қажеттілігі, безендірілуі туралы кеңірек таныстыру.Оқушылардың ақша туралы түсініктерін кеңейту, белсенділіктерін дамыту.Оқушылардың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту.

24.11.2022 ж «2022 жыл –Балалар жылы» «Біз бақытты баламыз» атты көрме өткізілді. Балалар жылы аясында оқушыларымыз  демалыс уақытында Алматы қаласынағы ойын сауық орталықтары мен көрікті жерлерге саяхат жасады.   Мақсаты: «Бақыт» , қуаныш, сүйіспеншілік құндылықтарының мағынасын түсіндіру.Адами қасиеттерін дамыту.Сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

        «Оқуға құштар мектеп» жобасы  «100 кітап, 100 ән» жобасы жұмыстары  ұйымдастырылып жүргізілуде. Бірінші жарты жылдықта  «100 ән» 1-10 сыныптармен атаулы күндер мен ақын жазушылардың музыкалық шығармалары туралы мәлімет беріліп, әндері шырқалды өткізілді. Екінші жарты жылдықта «100 кітап» жобасы кесте бойынша 1-10 сыныптармен жүргізілеп жатыр.

  «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Қазақ халқының рухани құндылықтары туралы не білеміз» тақырыбында 8 ә сынып оқушыларымен танымдық сабақ ұйымдастырылды.  10-а,ә сыныптар арасында «Кітап- ақыл ойдың қазынасы» атты танымдық сабақты 10-ә сынып жетекшісі А.О.Байконырова және мектеп кітапханашылары өткізді.

14.12.2022 ж Мектеп кітапханасында  «Абай дана,Абай дара қазақта» атты іс-шара өткізілді. Іс-шарада ақынның өмір-баянын шығармашылығын өмірі мен өнерін кеңінен ашық айқыдап түсіндірілді. Іс-шара екіге бөлініп өткізілді. 5,6 қазақ,орыс сыныптар аралығында сайыс түрінде жүргізілді. Оқушылар Абай Құнанабаевтың өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқып берді. Оқушыларға мадақтама қағазы беріліп, жүлделі орындар тағайындалды.Қазақ сыныптар арасында өткізілген іс-шарада 17 оқушы қатысты. Бас жүлдеге ие болған оқушы: 5 «ә» сынып оқушысы Жангирова Лунара, 1 орын иегері 6 «б» сынып оқушысы Қазыбек Каусар,2 орын иегері  6 «а» сынып оқушысы Тұрғали Асылжан 3 орын иегері  6 «ә» сынып оқушысы Нұрахмет Балауса.Орыс сыныптар арасында өткізілген іс-шарада 8 оқушы қатысты. Бас жүлдеге ие болған оқушы: 5 «г» сынып оқушысы Лян Виталий, 1 орын иегері 6 «д» сынып оқушысы Волосатова Сати ,2 орын иегері  5 «е» сынып оқушысы Осадчий Андрей 3 орын иегері  5   «е» сынып оқушысы Головко Маргарита.

      Желтоқсан айында «Рәміздер» тақырыбында   Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері  2-4 сыныптар   суретін салып  мектепшілік байқауға қатысты.  Патриоттық және әскери – патриоттық бағыттағы  «Тәуелсіздік елім- тұғырың сенің биікте» мектепшілік іс – шара. «Мен Тәуелсіз Қазақстанды бейнелеймін» жас суретшілер жарысы өткізілді                          15.12.2022 ж  «Тәуелсіз елім-тұғырың сеніің биікте», «Тәуелсіздік тұғырым» тақырыбында  көрме, сурет байқаулары  өткізілді. «Тәуелсіз елім тірегім» тақырыбында 9 ә 10 а  сыныптарымен дөңгелек үстел өткізілді.  Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасы туралы, оның Тәуелсіздігі туралы мәлімет беру. Тәуелсіздікке қалай жеткеннін баяндау, көрсету; оқушыларды өз елін сүюге, қастерлеуге, осы елдің ұланы екенін мақтан етуге баулу, өз ана тілін сүюге, әдемі сөйлеуге үйрету. Оқушыларға тәуелсіздіктің ұғымы түсіндіру.Еліміздің егемендік алғанынан бері жеткен жетістіктерін жеткізу.

    Орыс бастауыш сынып пән бірлестігі рухани таным бағыты  бойынша жүргізіліп отыратын іс – шараларын бөлісіп отырғанға мектептің бірінші қабатына «Рухани жанғыру» стенд жасатып, жұмыстарын іліп қойды.

Еңбекшіқазақ ауданы 

«Әл-Фараби атындағы орта мектеп» КММ

2022-2023 оқу жылы

Құндылықтарды ішкі мәнін терең түсініп, болмысымызға айналдырып, құнды қасиетімізді бойымызда дамыта білсек, әлемді таңғалдырарлықтай қазақ халқында мол рухани қазына, сарқылмас рухани қуат көзі жатыр. Ұлттық құндылықтарымыз -ұлтымыздың мәңгілік қорғаушы шамшырағы. Мектебімізде ұлттық құндылықтарымызды жандандырып жүзеге асыру мақсатында түрлі үйірмелермен іс-шаралар жүргізілуде.

Ұлттың қорғаны – тіліміз, салт-дәстүріміз, ұлттық бірегейлігімізді көрсететін рухани жан-дүниеміз. Осы мақсатта қазақ тілі пән бірлестігі оқушылармен «Салт дәстүріміз-әдет ғұрпымыз» тақырыбында іс-шара ұйымдастырды. Қазақ халқының салт-дәстүрінен түрлі көріністер көрсетілді.

 Оқушылардың ой-өрістерін, танымдық қабілеттерін арттыру,туған өлке тарихына деген қызығушылығын қолдау және дамыту, оқушылардың бойында ата-бабаларына деген құрмет сезімді және өзінің туып-өскен жеріне деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында тарих пәні мұғалімдері оқушыларды Алматы қаласындағы орталық  мұражайға және Д.А.Қонаевтың мұражайына саяхат ұйымдастырылды. 

 Домбыра аспабын ұлттық тәрбие құралы ретінде кеңінен қолдана отырып, аспапқа деген қызығушылығын арттырып, оқушыны домбырада ойнауға үйрету.Домбыра- ерте заманнан бері халқымызбен бірге жасасып келе жатқан, оның рухани жан серігіне айналған музыкалық аспаптардың бірі. Күй - қазақ халқының музыкалық мұраларының бірі. Оқушылардың домбыраға қызығушылығын арттыру мақсатында үйірме жүргізіледі. Үйірме оқушыларды ұлттық өнерге баулиды. Үйірменің балаларға берері көп.