Мектеп Парламент Президентінің сайлауы. » Әл -Фараби атындағы орта мектеп
"Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"Әл-Фараби атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп Парламент Президентінің сайлауы.
10
сентябрь
2021

Мектеп Парламент Президентінің сайлауы.

Мақсаты: Оқушылардың білімге құштарлығын арттыру, өзін-өзі басқару жұмысына жетелеу, ұжымдық жауапкершілікті сезіне білуге қалыптастыру. Оқушының дүние танымын, жан-жақты ойлау қабілетін, ой-өрісін дамыту, көп ізденуге, бірін-бірі тыңдап, өз ойын еркін айтуға дағдыландыру. Оқушылардың мектепке деген құрмет сезімін ояту.
 
 


Ағымдағы жылдың 27-қыркүйек күні Мектеп Парламент Президентін сайлау шарасы өткізілді. Сайлауды мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жаанадилова Гульнар Жумагалиевна ашып берді. Сайлаудың әділетті өтуін Еңбекшіқазақ ауданының жастар ресурстық орталығының маманы Оразова Аружан Оразалиевна және жас маман Әбсаттар Еңлік бақылаушы ретінде қадағалады. Өзін-өзі басқару ұйымының Президентін сайлау оқушының сайлау және сайлану құқығын еркін жүзеге асыруына негізделді. Өзін-өзі басқару ұйымының Президентін сайлау жалпыға бірдей, тең және тікелей сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы өткізілді. Сайлаушылар мұғалімдер және 7-11 сынып оқушылары. Сайлаушылар өзін-өзі басқару ұйымының Президентін сайлауға тең негізде қатысты және әрқайсысы тиісінше бір дауыс қана бере алды. Өзін-өзі басқару ұйымының Президентін сайлауда дауыс беру құпия болып табылды. Сайлау карантин талаптарын сақтай отырып өткізілді. Сайлау нәтижесінде 9 А сынып оқушысы Қажығали Камила 219 дауыспен мектеп Парламент президенті болып сайланды.