«Ұлт бірлігі – Ұлы байлық» атты әндер байқауы » Әл -Фараби атындағы орта мектеп
"Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"Әл-Фараби атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ұлт бірлігі – Ұлы байлық» атты әндер байқауы
13
май
2022

«Ұлт бірлігі – Ұлы байлық» атты әндер байқауы

29.03.2022 жылы Әл – Фараби атындағы орта мектепте 1-мамыр «Бірлік күніне» орай ұйымдастырылған 2-10 сыныптар арасында әндер байқауы өтті.Байқаудың мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру.Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет - ғұрпын сыйлауға үйрету.
Бас жүлде 6 «Б» сынып оқушысы Нұрланұлы Ерсұлтаниеленді. «Жаса Қазақстан» әнін орындап шықты. Ән өз жасына, дауыстық ерекшеліктеріне сай, тональдік те дұрыс таңдалған. Әннің көңіл – күйін жеткізе алды. 1 орын 2 «А»сынып оқушыларынан құралған хор орындаушыларына берілді. Орындау барысында балалар ырғақтан қалмай, тональдіктен ауытқымай, әнді байыппен орындай білді. 2 орын 6 «Б» сынып оқушысы Шаймерден Темірланға берілді. Темірлан «Мен Қазақпын» әнін орындады. Ырғақ жағынан және әннің сөзінен кішігірім қателіктер болды, сондықтан да қазылар алқасының шешімімен 2 орын беруді дұрыс деп санадық.3 орын 3«Б» сынып оқушыларынан құралған хор иеленді. Олардың таңдауы «Достық жыры» әніне түсті. Оқушылар інді хор орындаушыларына сай унисон орындап шықты. Әннің көңіл – күйін жеткізе алды. 2 «Б» сынып оқушысы Жұмақан Ақайшаға «Көрермен көзайымы» номинациясы берілді. Қалған қатысушылардың бәріне «Белсенділік танытқан үшін» дипломдар берілді.