«Арайлы Алтын күз» қайырымдылық жәрмеңкесі. » Әл -Фараби атындағы орта мектеп
"Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"Әл-Фараби атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» «Арайлы Алтын күз» қайырымдылық жәрмеңкесі.
12
июнь
2022

«Арайлы Алтын күз» қайырымдылық жәрмеңкесі.

«Арайлы Алтын күз»  қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді. 

Мақсаты: мектеп ұжымы мен оқушыларының санасына мейірімділік, сүйіспеншілік, қайырымдылық сияқты ізгі ұғымдарды қалыптастыру. Сонымен қатар мұқтаж жандарға көмектесу.

2021 жылдың 23-қазанында Арайлы Алтын күз қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.Тәрбиенің бір бағыты- баланы еңбекке тәрбиелеу болса, нағыз еңбектің нәтижесі баланың  бал-бұл жанған жүзі десек қателеспейміз Осы күндердің нағыз шырайы- мектеп ауласында шат-шадыман бала күлкісімен  өңі кіретін оқушыларымыздың күзгі жәрмеңкесі болып табылады.

Жәрмеңке- еңбегі екі еселене түсетін, пайдасы мол оқушы еңбегінің жарқын көрінісі. Бұл күні  мектеп ауласына қаз қатар тізілген үстелдер, түрлі-түсті боялар нақышында салынған суреттер мен  сатушы бейнесін сомдайтын  оқушылар мен сынып жетекшілер қызу жұмыс жасайды. Ең бастысы- бұл күні Үштік Одақтың   тығыз байланысы орын алады. Яғни, жәрмеңкеде мектеп- ата-ана және оқушының бірлескен жұмысын көруге болады "Арайлы алтын күз" атты жәрмеңке өте қызықты өтті, 5-9 сынып оқушылары түгел қамтылды. Жәрмеңкені мектеп директоры Нурамбаев Жанат Жұмашұлы ашып, оқушыларды еңбекқорлыққа шақырып,  жігерлендірді. Белсене үлес қосқан ата-аналар мен сынып жетекшілерге алғысымызды білдіреміз!