«Сыбайлас-жемқорлыққа жол жоқ» мектепішілік видеороликтер байқауы » Әл -Фараби атындағы орта мектеп
"Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"Әл-Фараби атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Сыбайлас-жемқорлыққа жол жоқ» мектепішілік видеороликтер байқауы
12
июнь
2022

«Сыбайлас-жемқорлыққа жол жоқ» мектепішілік видеороликтер байқауы

 «Сыбайлас-жемқорлыққа жол жоқ» мектепішілік видеороликтер байқауы өткізілді. 

Байқаудың мақсаты: Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін барынша азайту арқылы барлық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға тарту, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың профилактикасы, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен мәдениетті қалыптастыру, азаматтық қоғамды мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыруға тарту.

2022 жылдың қаңтар айында Адал ұрпақ ерікті мектеп клубы оқушылары арасында «Сыбайлас-жемқорлыққа жол жоқ» мектепішілік видеороликтер байқауы өтті.

Өз жұмыстарында оқушылар өзінің еңбегіне деген шыншылдық қатынас, адалдық, параға төзбеушілік туралы білімдерін бейнелеген. 

Байқауға келіп түскен жұмыстарды мектептің инстаграмдағы ресми сайтында лайк сандары арқылы қорытындылау нәтижесінде • І орынды 5 Б сынып оқушылары жеңіп алды.
 
 

Өскелең ұрпақта сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша мектепішілік жоспарды жүзеге асыру шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және қоғаммен ынтымақтастық бойынша, студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін және оның кез-келген түріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға, құқықтық сауаттылықты арттыруға, жастарды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге бағытталған жүйелі жұмыс жүргізіліп отырғандығын атап өту керек.