«Тілмаш» ағылшын тілі пәні ассоциациясының онкүндігі » Әл -Фараби атындағы орта мектеп
"Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"Әл-Фараби атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Тілмаш» ағылшын тілі пәні ассоциациясының онкүндігі
20
октябрь
2022

«Тілмаш» ағылшын тілі пәні ассоциациясының онкүндігі

        Мектептің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, білім алушыларды мемлекеттік тілді құрметтеуге тәрбиелей отырып, әлемдік тіл-ағылшын тілін меңгеруге қызығушылықтарын ояту, тілдік дағдыларын дамыту, пәндік  іс-шараларға тарту және пән мұғалімдерінің өзара сабақтастығын, тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету және жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында 2022 ж.3-13 қазан күндері аралығында «Тілмаш» ағылшын тілі пәні бірлестігінің онкүндігі өткізілді.

      Онкүндік барысында пән мұғалімдері ашық сабақтар мен қатар, сыныптан тыс шараларды ұйымдастырып өткізді.

        8A сыныпта  Прекеева А.Г   «Present Perfect affirmative, negative and questions» ,  6Г сыныпта   Иемберген А.А : «Countries, nationalities and language», 3Б сыныпта Туилбаева Қ.К «Day and Night», 5Д сыныпта  Аманжолова Г.Т «Parts of Body» , 8Г сыныпта Оспанова М.Б «Internet addiction», 10Д сыныпта  Таирова Д.Х «Natural disasters» , 6Ә сыныпта  Атекеева Ш.Қ «Language focus: Present Simple questions», 4Ә сыныпта  Мынбаева Г.Т «Traditional stories:The legend of Korkyt Ata», 5Д сыныпта Найзагулова М.Ж  «Nationalities», 4Е сыныпта Нурдунова Р. А, 5Б сыныпта Маканова А. «Amazing Iron Man»  тақырыптарында ашық сабақтар өткізді. Өткізілген ашық сабақтарға пән мұғалімдері қатысып тәжірибе алмасты және де сабақтар бойынша мұғалім  мен оқушы әрекетіне, сабақта қолданылған әдіс-тәсілдерге  тоқталып олардың тиімділігі, маңызы, нәтижесі жөнінде ой-пікірлерін ортаға салып жан-жақты талдау жасалынды. Жас мамандар Р.Нурдунова, Қ.Туилбаева, А.Макановаларға мектеп әдіскері тарапынан сабақта тиімді тәсілдерді қолдану, бағалауды жүйелі жүргізу, жеке оқушылармен жұмыс жүргізу  жөнінде  кеңестер беріліп, әдістемелік көмек көрсетілді. Жас мамандар тәлімгерлері М.Найзагулова, Д.Таировалар өз ұсыныс-пікірлерін айтып, қосымша жұмыстар жүргізді.

           Сонымен қатар, оқушылардың ойлау қабілетін арттыру мақсатында  кроссворд, сканворд,  ребус шешуден сыныпаралық жарыстарды жас мамандар Нурдунова Р,Туилбаева Қ, Утемуратова А өте тартымды ұйымдастырып өткізді.9-10 сынып оқушылары арасында Д.Таирова және М.Оспанова «Quiz Show»   тақырыбында   тартымды интеллектуалдық ойын ұйымдастырып өткізді. 7-10 сынып оқушыларының қатысуымен ағылшын тілін үйретуші, тіл тасымалдаушы  Мистер Кэвинмен  «Speaking Club»  шарасы өте тартымды, мазмұнды ұйымдастырылып өткізілді. Оқушылар берілген тақырып төңірегінде  ағылшын тілінде сөйлеп,  өз ойларымен бөлісті. Г.Мынбаева, Ш.Атекеева, Г.Аманжолова 5-8 сыныптар аралығында   ағылшын тілінде көркемсөз оқу   жарысын  және ағылшын тілінде ән байқауларын ұйымдастырды. 3-5-8 сынып оқушылары бұл шараға белсене қатысып қорытынды кеш барысынды өз өнерлерін ортаға салды.

     Онкүндікті өткізудің іс-шара жоспары бойынша белгіленген іс-шаралар толық ұйымдастырылып өткізілді. Онкүндіктің қорытынды кеші ұйымдастырылып  мектеп оқушылары өз өнерлерін көрсетті және онкүндік барысындағы іс-шараларға белсенді қатысқан оқушылар мектеп әкімшілігінің мақтау қағазымен марапатталды.