2022-2023 оқу жылындағы психолог жұмысының талдау » Әл -Фараби атындағы орта мектеп
"Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"Әл-Фараби атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2022-2023 оқу жылындағы психолог жұмысының талдау
03
июль
2023

2022-2023 оқу жылындағы психолог жұмысының талдау

Әл-Фараби атындағы орта мектептің 2022-2023 оқу жылында жасалған мектептегі психологиялық қызметтің есебі.

2022-2023 оқу жылында мектепте 1569 оқушы оқиды. 67 сынып бар, 1-4 сыныпта-650 бала, 5-9 сыныпта-752 оқушы, 10-11 сыныпта-111 оқушы,

мектепалды даярлық тобында-56 тәрбиеленуші. Педагог-қызметкерлер 124, жоғары білімді-114, арнаулы орта-10, педагогика ғылымдарының магистрі-

12. Педагог-зерттеуші-13, педагог-сарапшы-28, педагог-модератор-35.

Мектепте көп балалы отбасы-288, ондағы бала саны-332, аз қамтылған отбасы саны-59, ондағы бала саны-67, өгей әкемен тұратын отбасы-39,

ондағы бала саны-60, өгей анасымен тұратын отбасы-5, ондағы бала саны-5, ата-анасы ажырасқан отбасы-92, ондағы бала саны-100, жетім балалармен

ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны-4, төрт отбасынан. Аль-Фараби орта мектебінде 2022-2023 оқу жылында 1 қазақ сыныптарға

барлығы: 104 бала қабылданған. Балалардың көпшілігі МАД тобында және балабақшада тәрбиеленген, алайда ешбір мекеменің тәрбиелеуінде болмаған балаларда бар. Көршілес мемлекеттерден қоныс аударған, тілдерінде, дыбыстардың айтылуында айырмашылығы бар балалар кездеседі. Бала толымдылығына байланысты 4 қазақ сынып ашылды.

Бүгінгі таңда 1 «А» сыныбында барлығы 25 бала, 12-ұл, 13-қыз. Барлық балалар өтілген әріптерді таниды, жазады, оқиды. Оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым дағдылары қалыптаса бастаған.

Әр-бір баланың даму ерекшеліктеріне байланысты Кәдірбай Мирас зейіні шашыраңқы, жалқаулық басым, еңбектенуге үйренбегендіктен дамуы баяу жүруде.

Беккелді Батыржан-ерке, жасы толмаған, тістері жоқ, сондықтан дыбыстары нақты емес, зейіні шашыраңқы.

Оразалы Айсофия р,л, Әбдіхан Арсен р, Жанатұлы Мирас р,л, Беккелді Батыржан р, Нұрлан Темірлан р, Серік Мирас, Диастардың р дыбыстары нақты қойылмаған.

Алайда барлық балалардың мектепке бейімделуі қарқынды жүруде. Сабаққа келуге, қайтуға немесе білімін толықтыруға, тәрбиеленуге үйренген. Ешбір қиындық байқалмайды. Жағдай тұрақты.


 




1 «Ә» сыныбында барлығы: 26 бала. 13-ұл, 13-қыз.

Балалардың дыбыстары қойылмаған. Әмірғазы Амир л, с дыбыстарын айта алмайды. Күзден бері Р дыбысын айтып үйренген. Аманжол Ислам л

дыбысын айта алмайды, Мұхаметжан Нұрым р,л дыбысын айта алмайды, Болат Алихан р, л дыбысын айта алмайды.

Сыныпта оқушылардың қозғалысы орын алған. Жаңадан бір бала құрамына толықтырылған. Мамыкен Нұрәлі Алматы маңынан отбасы

жағдайына байланысты қоныс аударып келген. Оншақты әріп өткеннен кейін қосылған.     Бұрынғы тәрбиеленген мекеменің салдары болуы мүмкін, сол уақытқа дейінгі әріптерді танымай келген. Осы мектепке келген уақыттан

бергі әріптер, дыбыстарды тану басталғанымен, қалып қалған дыбыс, әріптер жүйелі оқуына кедергі келтіруде.

 



 
 

1 «Б» сыныбында барлығы: 24 бала, ұлы-15, қызы-9. Балалар дерлік әріп таниды, жазады, оқиды. Байжұма Дінмухамед р,ң, Алжанова Нұрша р, Ұзақ

Раяна л, Дайрабаев Әли л,ң, Оңғар Раяна ң, Оңғар Ербұлан р дыбыстарын айтуға қиналады.

Даму ерекшеліктеріне қарай Ерғанат Кәусар, Тоққожа Мирас баяу дамуда.

 




 
 




1 «В» сыныбында 23 оқушы 10-ұл, 13-қыз.

Балалар өздігінен оқып, жазып, сөйлемдер құрауға, есептеуге төселіп қалған.

Қадырқұл Аруназ жаңадан алтыға толды, толық дами алмай тұр, дауыссыз дыбыстарға әлі тілі келмейді. Дамуы баяу жүруде. Айдарбек Дінмұхаммед тіл астында ет өсіп кетуіне байланысты, көптеген дауыссыз дыбыстарға тілі келмейді. Тұрғанжанұлы Асылбек с, л ны айта алмайды, қараусыз, қолдаусыз бала, дамуы баяу р-ны аздап үйреніп келе жатыр.

Қыркүйек айында р дыбысын көпшілік балалар айта алмаған, 1-2 баладан өзгелері айтуға дағдыланды.

1 «Г», 1 «Д», 1 «Е» сыныптарындада оқушылар жаңа ортаға қарқынды бейімделуде. Қиыншылықтар байқалмайды. Сынып жетекшілеріде бұл пікірмен келіседі.

1-сыныптардың оқылым, айтылым, жазылым, таным және өзгеде физиономиялық, психологиялық дағдыларының дамуына, қалыптасуының толық аяқталуына әліде бес ай көлемі бар. Үздіксіз жаттығулар, таным процестері нәтижесінде толық дамып, қалыптасып кету мүмкіндіктеріне уақыт жеткілікті.

2022-2023 оқу жылында 5-ші қазақ сыныптарда 73 оқушы бар.

5 «А» сыныпта барлығы:24 оқушы, қызы-12, ұлы-12. Сынып жетекшілері: Атекеева Шырайлым Құдайбергенқызы. 1-тоқсанды 58 % сапамен аяқтаған.

Оқушылар ашық өз ойларын жеткізеді. 4-сыныпты Сәуле апайдан аяқтаған. Қыздары өте пысық. Мектепке көз қарастары қалыпты. Мектеп, мектептегі


 

жағдай оқушыларға ұнайды. Білім сапаларындада қатты ауытқу болмаған.

Сынып жетекшілері ұнайды өздеріне. Өзге пәндерде мұғалімдер қанағаттандырады. Сырттан қысым жоқ. Жағдай тұрақты.

Бұл сыныпта Алиева Розана есімді күрт қыз оқиды, тұйықтау. Өз ойын сыныптастарының алдында айтқысы келмеді. Жеке сөйлесуге шақырдым. Жеке сөйлескенде мейірімді, ойын ашық айтуға тырысады. Сыныптастары бөледі деген ойда. Розанамен үздіксіз жұмыстар жүргізуді жоспарлап отырмын.

5 «Ә» сыныбында 24 оқушы. 8-ұл, 16 қыз. Сынып жетекшісі:Гульмира Толеубековна.

1-тоқсан соңында 58% сапа көрсеткен. Сыныптың ұлдары сабырлы, қыздары пысық, жылдам.

4-сыныпты Қарлығаш апайдан бітірген. Сынып орта буынға бейімделе бастаған. Алайда Қарлығаш апайларында жиі айтады. Сапаларымыз қатты өзгеріске ұшыраған жоқ деп атап көрсетті. 80% жаңа ортаға тез бейімделіп кеттім десе, 20% әліде үйрене алмай жүрмін, Қарлығаш апай жетіспейді деген ойларын білдірді.

Қарлығаш апайға бос уақтысында оқушыларға келіп, сөйлесіп, сабақтарына қатысып тұруға ұсыныс жасадым.

5 «Б» сыныпта 25 оқушы. 12-ұл, 13-қыз. Сынып жетекшісі: Самал апай. 1- тоқсанда 69% сапа көрсеткен. Бұл сынып бастауышта Жазира апайда

тәрбиеленген. Үлгерімдерінде үлкен ауытқу жоқ айтуларынша. Жаңа буынға тез бейімделіп кеткендерін ортаға салды.

Оқушылар ортасында алаңсыз өз жұмыстарын атқарып жүр. Өзге сұрақтар мазалап жатқаны байқалмайды. Орта буынға толықтай бейімделіп кетті деп айтуға болады.

5 «Г», 5 «Д», 5 «Е» сыныптарында 24, 25 оқушыдан болған Айжан Бақытжанқызы әңгімелесіп, жағдайларын сараптаған уақытта. Оқушылар

жаңа ортаға тез бейімделіп кеткендері және ешқандай мәселе жоқ екенін атап көрсеткен.

Оқу жылы басталғалы үш ай өтті, өздері оқыған таныс мектеп, оқушылардың бейімделуі заңдылық. Өрескел іс-әрекеттер байқалмайды. Жағдай тұрақты


 



Жеткіншектердің интеллектуалдық даму деңгейін анықтау мақсатында тест алынып, қортындысы жасалды.

(ШТУР тестінің жеткіншектерге арналған модификациясы)

Мақсаты: орта буын оқушыларының интеллектуалдық даму деңгейін және жалпы мағлұматтарын бағалау. [4].

7 «Б» сыныбында барлығы: 22 оқушы. Тестке қатысқаны: 20

1-субтесте 15 тапсырма, әр-бір дұрыс жауап 1 балмен есептеледі.

9 балл жинаған-2 оқушы, 8 балл жинаған-3 оқушы, 6 балл жинаған-6 оқушы, 5 балл жинаған-2 оқушы, 4 балл жинаған-3 оқушы, 3 балл жинаған-3 оқушы, 1 балл жинаған-1оқушы.

9 «Ә» сыныбында тестке қатысқаны: 22 оқушы.

9 балл жинаған 1 оқушы, 8 балл жинаған 2 оқушы, 7 балл жинаған 8

оқушы, 6 балл жинаған 4 оқушы, 5 балл жинаған 4 оқушы, 4 балл жинаған 2

оқушы, 2 балл жинаған 1 оқушы.

6 «Б» сыныбында тестке қатысқаны:26 оқушы.

15 тапсырмадан 8 балл жинаған 1 оқушы, 7 балл жинаған 2 оқушы, 5 балл

жинаған 7 оқушы, 4 балл жинаған 9 оқушы, 3 балл жинаған 6 оқушы, 2 балл жинаған 1 оқушы болды.

6 «Ә» сынып 22 бала сауалнамаға қатысты.

  • бала 8 балл, 6 бала 7 балл, 3 бала 6 балл, 4 бала 5 балл, 5 бала 4 балл, 2 бала
  • балл жинады.

6 «А» сынып 20   бала сауалнамаға қатысты.

  • бала 9 балл, 2 бала 7 балл, 5 бала 6 балл, 3 бала 5 балл, 5 бала 4 балл , 1 бала

3 балл жинады.

7 «Ә» сынып бойынша 12  бала сауалнамаға қатысты.

5 бала 7 балл, 2 бала 6 балл, 2 бала 5 балл, 2 бала 4 балл, 1 бала 2 балл жинады.


 

9 «А» сынып барлығы: 25 бала.  20 бала сауалнамаға қатысты.

  • бала 11 бал, 2 бала 9 бал, 3 бала 8 бал, 1 бала 7 бал, 6 бала 6 бал, 3 бала 5

бал, 2 бала 4 бал, 1 бала 2 бал жинады.

9 «Б» сынып оқушыларынан сауалнамаға 15 бала қатысты.

  • бала 8бал, 2 бала 7 бал, 1 бала 6 бал, 4 бала 5 бал, 2 бала 4 бал, 3 бала 2 бал жинады.

7 «А» сынып   сауалнамаға қатысқандар саны-19 бала.

3 бала 7 бал, 5 бала 6 бал, 6 бала 5 бал, 5 бала 4 бал жинады.

3-сыныптардан «Не жетіспейді?» әдістемесі.

Психодиагностика 25 секунт ішінде берілген әр суреттерден жетіспей тұрған барлық

7 затты атаса 10 ұпай беріледі. Уақыттан шыға алмайды, алайда жетіспейтін заттарды тауып, зерделейді.

3 «Ә» сыныбында 23 оқушы. Психодиагностикаға 20  оқушы қатысты.

1 бала 10 балл жинады,  7 бала   8 балл жинады, 6 бала   7 балл жинады,  4 бала

5 балл жинады, 2 бала 3 балл жинады.

3 «В» сыныбында   психодиагностикаға 18 бала қатысты.

5 бала 10 балл, 3 бала 9 балл, 1 бала 8 балл, 2 бала 7 балл, 2 бала 5 балл, 2 бала 4 балл, 2 бала 3 балл, 1 бала аты-жөні жазылған, бір жауап болмады.

3 «А» сыныбында психодиагностикаға 22 бала қатысты. Сыныпта 23 бала бар.

1 бала 10 балл, 7 бала 9 балл, 3 бала 7 балл, 5 бала 6 балл, 5 бала 4 балл, 1

бала 3 балл

  • «Б» сынып оқушыларынан психодиагностикаға қатысқан балалар саны-

21. Барлық бала саны-22.

8 бал жинаған 1 бала, 7 бал жинаған 2 бала, 6 бал жинаған 6 бала, 5 бал

жинаған 4, 4 бал жинаған 5 бала, 3 бал жинаған 2 бала, 2 бал жинаған бала 1


 










































































 






































































 




 
 
 


 




Бітіруші сыныптар: 11,9-сыныптармен үздіксіз коучинг, тренингтер өткізіледі. Сабақтарына, сынып сағаттарына қатысып тұрамыз. Мектептің сұранысы бойынша ағарту жұмыстарын жүргізіп тұрамыз. Жекелеген оқушылармен, ата-аналармен және педагогтармен жұмыстар жүргіземіз қажеттілігіне қарай. Ол жайлы тіркеу жұрналдарында көрсетілген.

 




 
 
 


 




Қорыта келгенде: мектепте педагог-психологтың жылдық жоспары

бекітілген. Жылдық жоспар негізінде апталық жоспар жасалып, бекітіледі. Апта сайын дүйсенбі күні мекеме басшысы жасалған жұмыстардың есебін тыңдап, келесі аптаның жұмыс жоспарын бекітеді.

Жоспар бойынша зерттеу, сараптау, түзету-дамыту, психологиялық ағарту, консультация беру, ұйымдастыру әдістемелік жұмыстар үздіксіз жүріп отырады.

Жоспар негізінде екінші жарты жылдықта төмендегі жұмыстар атқарылды.

Оқу жылында мектепте 1 «А», 1 «Ә», 1 «Б», 1 «В» сынып оқушылары тәрбиеленіп білім алуда. Оқу жылы барысында бірінші сыныптардың

сабақтарына, сыныптан тыс өткен шараларына, ата-аналар жиналыстарына қатыстым. Сынып жетекшілерінің сұранысы бойынша жекелеген ата-

аналармен әңгімелесу жұмыстарын жүргіздім. Ата-аналарға ағартушылық негізде, сұрақтарына жауап беру мақсатында. 1 «А» сыныбында барлығы 25


 

бала, 12-ұл, 13-қыз. Бүгінгі күні 25 оқушы, 13-ұл, 13-қыз.1 «Ә» сыныбында барлығы: 26 бала. 13-ұл, 13-қыз. 26 оқушы, 13-13, қызы-13. 1 «Б» сыныбында жыл басында 24 бала, ұлы-15, қызы-9 болса, бүгінгі таңда 22 оқушы, 15 ұл, 7 қыз. Оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым дағдылары қалыптаспаған оқушылар жоқ. 1 «А», «Ә» сыныптарында үлгерімі 100%, болжамды оқушылардың үлгерімі 65-68% мөлшерінде. 1 «В» сыныбында жыл басында 23 оқушы 10-ұл, 13-қыз болса, бүгінде 23 оқушы, 12 ұл, 11 қыз.                                                                                        64-70% пайыз мөлшерінде сапа, 1 «Б» сыныбында 100% үлгерім көрсетуде. 64-%- 70% пайыз сапа көрсетуі мүмкін деп болжанды.

Оқушылардың мектепке бейімделуі қалыпты өтті. Оқи алмай, жаза алмай қалған оқушы болған жоқ. Ата-аналарда, оқушыларда мектепке келіп-кетуге, мектеп ұжымымен қарым-қатынас жасауға үйренді.

  • сыныптардың сабақтарына қатыстым. Айжан Бақытжанқызы орыс

сыныптарына қатысты. 4 «Д» сыныбында 26 оқушы болған, 12 қыз, 14 ұл. 7-

оқу озаты, 9-оқу екпіндісі. 4 «Е» сыныбында 25 оқушы. 14 қыз, 11 ұл,

озаттар-4, екпінділер-11. 4 «Ж» сыныбында барлығы: 21 оқушы, 8 қыз, 13 ұл, оқу озаты-1, екпінді-9. 4 «Г» сыныбында-26 оқушы, 12 қыз, 14 ұл, озаты-6,

екпіндісі-10.

4 «А» сыныбында 24 оқушы бар, қатысқан күні-22 отырды. 58% сапа көрсетеді. 4 «Ә» сыныбында 25 оқушы, 21 қатысты. 10 оқу озаты бар. 66% сапа, 4 «Б» сыныпта 26 оқушы бар 69% сапа көрсетуде.

4 «А» жаратылыстану, 4 «Ә» қазақ тілі мен математикаға, 4 «Б» дүниетану пәндеріне. Мұғалімдер тәжірибелі қалыптасқан. Жұмыстарын бір ізге салып алған. Оқушылар ашық, еркін сөйлейді.Сабаққа белсенді қатысады.

Мұғалімдерде сабаққа дайындықпен келген, жоспарлары, қажетіне қарай көрнекіліктері бар. Оқушылармен сұхбат жүргізу, сауалнама алу

мүмкіндіктері болды.       Оқушылардың оқу түрткісінің көрсеткішін анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді. Сауалнама төмендегідей көрсеткіштерді көрсетті.

4 «А» сынып. Жоғарғы деңгей-11 оқушы, орташа деңгейі-5 оқушы, төменгі деңгей-6 оқушы.

4 «Б» Орташа деңгейді-18 бала, төмен деңгейді-6 бала көрсетті.

4 «Ә» сынып 17-оқушы орташа деңгейді, 4-оқушы төменгі деңгейді көрсетті.


 

4 "А"

СЫНЫП…


4"Ә"

сынып…

4 "Б"

СЫНЫП…

11    5     6


20


18   6

17    4


0



1       2       3


1      2      3

1       2       3

 




 
 


Ата-аналарының, сынып жетекшілерінің сұрауы бойынша 4-сыныптар бойынша жекелеген оқушылармен түзету жұмыстары жүргізіліп, журналдарға тіркелді.

11 «А» сыныппен Оспанова Макпал «Кәсіптік бағдар» тақырыбында ашық әңгімелесу алаңын ұйымдастырды.

Мақсаты: Оқушыларға мамандық таңдаудың негізгі шарттарын таныту Мамандық таңдауда ата- ананың қолдауы; Психологиялық қолдау көрсету;

Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділікті, улкен өнерді және зор шеберлікті қажет ететін іс.

11 «А»  сынып оқушылары мен ата- аналар арасында мамандық таңдау кезіндегі ата- аналардың атқаратын рөлі және қолдаулары жөнінде әңгіме болды. Бастапқыда оқушылардан мамандық таңдау жөнінде сұрақ жауап

алынып, өздерінің болашақта қандай маман иесі болғылары келетіні жөнінде талқыланды. Әр оқушының пікірі мен армандаған мамандығы жөнінде тыңдап жауаптарына сәйкес ата – аналардың ой пікірлері сұралды. Және

болашақта мамандықтан қателеспес үшінде жан – жақтан қаралып болашақта сол таңдалған мамандықтын қаншалықты қажетті екенді жөнінде ескертілді. Себебі Отанның болашағы , мемлекеттің келешегі жастардың қолында, олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктілік арқасында   биік белестерге жететіндігі де түсіндірілді.

Жиын соңында өз пікірімді білдіріп оқушылардан мамандық таңдау кезінде нені ескеру керек деген пікірге байланысты тренинг жүргіздім.


 

Ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі боламын десеңіздер ілім – білім алуға барлық күш жігерлеріңізді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңгі болашық маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін! – деп

сынып жетекшісі Оспанова М.Б аяқтады.

11 «Ә» сыныбында-13 оқушы бар. Барлығы ұлттық біріңғай тестке баруды қолдап, дайындалуда. Физика-математика бағыттары бойынша бес оқушы

таңдау жасап отыр. Екі оқушы IT ммандығын, екі оқушы медицина мамандығын, гуманитарлық бағытты таңдада.

Санаулы айлардан кейін тестқа кіретін бітіруші түлектеріміз: армандарына қол жеткізу мақсатында, ұлттық біріңғай тесттен қалаған баллдарын алу үшін тынымсыз еңбек, үздіксіз дайындық үстінде. Түлектерімізге сәттілік серік болсын, армандарындарына қол жеткізгенше тынбай еңбектенулеріне

тілектеспіз!

Мектебіміздің 9 сыныптарына тоқталсақ. 9 «А» сыныбында барлығы-25 оқушы. Бүгінгі күні 15 оқушы колледжге түсеміз деп бағытталуда. Физика, география, ағылшын пәндерінен дайындалуда. Он оқушы мектепте білім

алуды жалғастыратыны анықталды.

9 а сыныбымен өткізілген «Мен қандай мамандық иесі боламын» ашық тәрбие сабақта жалпы мамандық туралы ақпарат берілді. 1-2 видео ролик көрсетіліп, әр мамандықтың қыр сырларымен таныстырылды. Оқушыларға топ бойынша тапсырма берілген болатын, әр топ өздернің мамандықтарының ерекшеліктерімен, артықшылықтарын айтып өтті. Оқушылармен ойын ойнатылды, әр мамандықтың аты жазылған парақтағы сөзді жасырып, соны басқа оқушылар табады. Немесе 1 оқушы бір мамандықты іс-қимылмен

мамандықты түсіндіреді, қалған оқушылар соны табады. Содан соң оқушыларға математикалық фигуралар көрсетілді. Таңдауларына

байланысты қай оқушыға қандай мамандық тең келетіндігі туралы айтылды.

Біраз оқушыға жауаптары тура келді. Сабақты қорытындылау барынысда тернинг өткіздім. «Менің арманым-менің өмірім» тақырыбында. Мектепің тәрбие ісі жөнінідегі орынбасары Мамырбекова Э.Н біраз мағлұматтармен таныстырып өтті.

Оқушылардан мамадыққа байланысты сауалнама, тест жұмыстары

алынып отырылады. Әр қаладан келген колледждер мамадары өздернің оқу орындары туралы ақпараттарымен таныстырып өтті. Қызықтырған оқушылар өздернің сауалдарын қойып жатты. Оқушылар өздерінің түсетін оқу

орындары мен мамандықтары туралы ғаламтор арқылы танысу жұмыстарын жүргізіліп отырылады. Бұл жұмыстар бұнымен тоқтап қалмайды, әлі

жалғасады жыл соңына дейін.

Ата-аналармен «Мамандық таңдаудағы ата-ананың рөлі» Мақсаты: Оқушыларға мамандық таңдауда ата-ананың рөлінің маңыздылығын түсіндіру. тақырыбында жиналыс өткізілді.


 

Жиналыстың басында мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мамырбекова Э.Н жалпы кәсіптік бағдар бойынша сөз алды. Барлық

мамандыққа байланысты атқарылатын іс-шаралармен таныстырып өтті.

Екінші кезекте психолог ретінде пайдалы кеңестер ұсындым. Ата-аналарға сұрақтар қойып, жауаптар алдым. Ой тастайтын әңгімелер айтылды.

Үшінші кезекте сынып жетекшісі Атекеева Б.К жалпы мамандық туралы баяндама оқып, әр мамандық туралы жетік түсіндіріп, таныстырылым

арқылы мәлімет беріп өтті. Ата-аналарға мамандық таңдауда баламен

ақылдаса отырып таңдау, олардың да ой пікірлерін тыңдай түсуге, қандай мамадықты қалайтындары туралы ақылдасу керек екендігі айтылды.

Баласының қандай мамандыққа бейім екендігін білесіздер ме? Деген сұраққа жауап алынды. Балалардың өзеріне де қандай мамандықты қалайтындарын, қай оқуға түскісі келетіндері жайында сұрақтар қойылып, жауаптар алынды.

Жиналыс соңында ата-аналарға «сандар сөйлейді» тапсырмасы беріліп өте керемет сөздер айтылды. Яғни ол сөздер оқушыларға арналған еді.

Мамандық таңдағанда шатаспай дұрыс таңдауларына бағыт сөздер болды.

9 «А» сынып оқушыларымен: қаңтар айының соңында: «Адамгершілік- асыл қасиет» тренинг өткізілді. Ашық пікір талас алаңы орын алды.

Тамашалаған видеолары негізінде өз пікірлерін ортаға салды. Қандай мамандық иесі болмасын, өмірде кім болсаңда, адамгершілігің болмаса, ешбір мамандықтың маңыздылығы болмайтындығы жайлы ой түйді.


9 «Ә» сыныбында 25 оқушы бар. Сегіз оқушы колледжге кетеміз деп жопарлап отыр. Басқа оқушылар мектепте оқуын жалғастырады.


9 «Б» сынып. Барлығы 24 оқушы бар. Он екі оқушы колледжге түсеміз деп жоспарлауда, бір оқушы ойлануда, қалған оқушылар мектепте оқуларын

жалғастырады.

9- сыныптар арасында “Мамандықтар әлемі: біз таңдайтын жолдар” атты тәрбие сағаты өтті.

Мақсаты: оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын

дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз - өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру

мамандық таңдау мәселесін белсенді арттыру, мамандық әлемі туралы

ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру.

Міндеті:

Мамандықтарды талдай және таңдай білуге үйрету;

Оқушыны өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай тани білуге үйрету;


 

Оқушылардың бағдары мен құндылықтары туралы мәлімет беру

9 “А”, “Ә” ,”Б” сынып жетекшілері: Алтаева С.К,Кудайбергенова Б.К, Турсынбекқызы Ә оқушылар арасында мамандықтар әлемі туралы тәрбие сағатын өткізді. Пікір алмасу сабағында Сара Кенжеханова сөз сөйлеп

бастады. Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 - ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз олардың қаншасы туралы білеміз?

Мамандық таңдауда нені бағдар ретінде алуға болады? «Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?» деген сұрақтарға мектеп оқушыларының көбісі нақты жауап бере алмайды. Шындығына келгенде мамандық таңдау мәселесі біздің қоғамымызда өте күрделі мәселе екенін байқауға болады.

Көптеген жоғары сынып оқушылары өздерінің іскерліктері мен

қабілеттерін дұрыс тани алмай, мамандық таңдауда көптеген кедергілерге ұшырайды.

9 сыныпты тәмамдап колледжге оқуға түсетін оқушыларының алдында тұрған басты мәселе - болашақ мамандығын таңдау. Ал мамандықты дұрыс таңдау - ол өмір жолының сәттілігінің негізі.Турсынбекқызы Әйгерім оқушыларға сұрақтар қойып пікір алмасты. Оқушыларға мамандықты дұрыс таңдауға ой салып кетті деседе болады.



9 сынып оқушыларына да оқуға тапсыратын түлектерімізге сәттілік.

Мектепте қалатын оқушыларымызға білімдерін шыңдап ұлттық біріңғай тесттен қалаған баллдарын жинауға тілектеспіз.


 


 




 
 


Мектепте «Ерекше білімді қажет ететін балалардың жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында аймақтың мектеп психологтары және осы сыныптарға сабақ беретін мұғалімдер, сонымен қатар ОПМК басшысы, мамандарын кіріктіріп семинар өткіздік. Ерекше білімді қажет ететін балалармен жасап жатқан жұмыстарымызды бөлістік. Басқа мектептен келген әріптестерімізде өз тәжірибелерімен бөлісті. ОПМК-дан келген

мамандар ұстаздардың, психологтардың сұрақтарына жауап беріп түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Осы семинар негізінде жергілікті басылымға мақалама жарияладым.

Психологтың жеке және топтық жұмыстарды есепке алу журналы жүргізіледі. Журналға жүргізген жеке жұмыстарымызды, оқушылармен, ата- аналармен, мұғалімдермен және өткізген топтық жұмыстарымызды тіркеп отырдық.

Төртінші тоқсан басталғанда оқушылардың жекелеп келіп түрлі

тақырыптарда сұрақтарға жауап алулары көптеп кездесті. Кейбіріне бір рет келу жеткіліксіз болып, жеті-сегіз күндік, кейбіріне он күндік ойларын, іс- әрекеттерін зерттеу, қайта қарастыру, түзету жұмыстары жүргізілді.

Мұғалімдер мен оқушылар, оқушылар мен оқушылар, ата-аналар мен мұғалімдер, ата-аналар мен ата-аналар, ата-аналар мен оқушылар арасында медиация жұмыстары жүргізілді. Мектепте туындаған көптеген проблемалар, мектеп ішінде шешімін табуға жұмыстар жасадық.

Мұғалімдердің біліктілігін көтеру тестіне бару кезінде сенім ұялату, жігерлендіру және тестіден өтпей қалу кездерінде қолдау, қайта тапсыруға, дайындалуға шабыттандыру жұмыстарын жүргізіп отырдық.


 

Төртінші тоқсан ҰБТ-ға баратын шәкірттерімізді ойларын жинақтауға, жылдап алған білімдерін жаңғыртуға, зейіндерін толықтай тест тапсыруға шоғырландыруға тренинг, коучингтер өткізілді. Сонымен қатар тесттің кез- келген нәтижесіне дайын болуға түлектерді дайындау жұмыстары жүргізілді.

Әл-Фараби орта мектебінде 2022-2023 оқу жылында педагог-

психологтардың бастамасымен атақарылған жұмыстар келесі оқу жылында да жалғасын таппақ.




Мектеп педагог-психологі:    Л.К.Кыдыкова.