2022-2023 оқу жылындағы дефектолог жұмысының талдауы » Әл -Фараби атындағы орта мектеп
"Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"Әл-Фараби атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2022-2023 оқу жылындағы дефектолог жұмысының талдауы
03
июль
2023

2022-2023 оқу жылындағы дефектолог жұмысының талдауы

«Әл-Фараби атындағы орта мектептің »КММ мектеп  дефектолог маманының 

Ерекше білімді қажет ететін оқушылармен жүргізілген жылдық жұмыс есебі.

2022-2023 оқу жылы.


             Мақсаты:Ауызша сөйлеу кезінде кемістігі бар дыбыстарды   анықтап,сол дыбыстарға 

             арнайы  жаттығулар жасатып,ауызекі  сөйлеуін дамыту. 

            Дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету, дыбыстық талдауымен жинақтау қабілетін және    

            байланыстырып  сөйлеуін дамыту.

Міндеттері:

-Оқушының сөйлеу,тану және жеке дара ерекшеліктерінің деңгейін танып білу.

-Жүргізілетін жұмыстардың негізгі бағыттарын және түзету дамтытуын анықтау.

-Дұрыс сөйлеу демін,ырғақпен сөйлеудің мәнерлігін қалыптастыру.

-Буындап айту кемшіліктерін жою.


   ІV тоқсанда жылдық  жоспарға  сай  жұмыстар жалғастырылды.ЕБҚЕ оқушыларға жеке кесте бекітілді.Мектеп жасындағы кейбір оқушылардың   сөйлеуіндегі  ең көп кездесетін кемшіліктердің бірі –дыбыс айтудағы бұзылыстар.Әр жастағы балаларда сөйлеу тілінің әр түрлі бұзылыстары кездеседі.Олардың ішіндегі ең көп таралған түрі –дыбыс айту кемшіліктері. Әдетте келесі дыбыстардың топтарын айтқанда кемшілік байқалады. Дыбыстардың дұрыс айта білмеу себебі: әдетте артикуляциялық моториканың бұзылуынан немесе жеткіліксіз қалыптасуынан болады

2022 оқу жылының   жұмысын  дефектологиялық  қызметтің   бағыттарын  негізге ала отырып жылдық  жұмыстың  есебі бойынша   алдымен мына әдістер пайдаланылады.

Алдыма –қойған мақсатым:

  • Дефектологиялық - тұлғаны  жеке зерттеу
  • Дыбыстың артикуляциясын дұрыс қалыптастыру..
  • Дыбысты жеке айтуға машықтандыру.
  • Дыбысты буында дұрыс айтуға қалыптастыру.
  • Дыбысты сөзде,сөз тіркестерінде дұрыс айтуға машықтандыру.
  • Дыбысты сөйлемде байланыстырып, сөйлегенде дұрыс айтуға машықтандыру.
  • Дыбысты ұқсас дыбыстардан ажырата білу.
  • Барлық дыбыстарға арналған артикуляциялық жаттығуларды  орындату.


  Мақсаты: Оқушының сөйлеу тілінің кемшіліктерін анықтау.   Сөйлеу  тілі  бұзылған дыбысты   оқыту және тәрбиелеу.Сөйлеу  тілінің   кемістіктерінің алдын-алу жұмыстарын жүргізу. Әр ай сайын ата-анасымен кездесу ұйымдастырылып,кеңес беріліп,оқушымен үйде қандай жұмыс жасау керектігі жайлы ұсыныстар айту.

Сонымен қатар 2022-2023 оқу жылында Дефектолог көмегін қажет ететін балалар тізімі мен сөйлеу тілінің бұзылыстары бар балаларға арналған түзету дамыту жұмысының жоспары құрылып жасалды.  

Және де 2022 оқу жылында дефектолог көмегін қажет ететін оқушылар анықталып олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ата-аналарға сұраныс бойынша жекелей кеңес берілді.

Оқушылардың сөйлеу тілі бұзылыстарына сәйкес коррекциялық бағдарламалар жасалып, әр бір баламен  сөйлеу картасын жеке өзімен толтыру жұмыстары жүргізілді.

Кемістігі анықталған оқушыларды топқа және жеке дара жұмыс жасау тобына жинақталды;

• ЕБҚЕоқушыларының сөйлеу мәнеріндегі дыбыстың дұрыс шығуы қадағаланды .



«Әл-Фараби атындығы орта мектебі» КММ мектеп дефектологының

ерекше білімді қажет ететін  4 - «А» сынып оқушысы

Тоққожа Даниямен жасалынған жұмыстардың

жылдық есебі:



Қыркүйек айында:


 Ерекше білімді қажет ететін оқушылардың психикалық даму ерекшеліктері туралы диагностикалық іс- құжаттары жинақталды.


 Ерекше білімді қажет ететін оқушылардың ата- аналарының құжаттары, оқушылардың құжаттары жинақталды. Сынып жетекшілерімен таныстым.


Әл-Фараби атындағы  орта білім беретін мектебінде ЕБҚЕ  4 «а» сынып оқушысы Тоққожа алғашында келгенде Дания сойлеген сөзі анық емес,сөзін түсіну қиын болған. «Р,Л,С,Ш,Ң»дыбыстары анық емес болатын. Қазір «л,с,ш,і,ң»дыбыстары қойылды, тек Р дыбысы анық емес,бірақ арнайы артикуляциялық жаттығулар,қолдың ұсақ моторикасын дамыту жаттығулары, дыбыстарды машықтандыру жұмыстары жасалынды.

Оқушылардың сөйлеу тілінің кемшіліктерін анықтау.

Сөйлеу тілі бұзылған оқушыларды    оқыту және тәрбиелеу.

Сөйлеу  тілінің   кемістіктерінен алдын-алу жұмыстарын жүргізу. 

Әр ай сайын ата-анасымен кездесу ұйымдастырылып,кеңес беріліп,Данияға қандай жұмыс жасау керектігі жайлы ұсыныстар айту.

      Дефектолог көмегін қажет ететін сөйлеу тілінің бұзылыстары бар инклюзтвті оқушы Данияға  арналған түзету дамыту жұмысының жоспары құрылып жасалды. Ата-аналарға сұраныс бойынша жекелей кеңес берілді.

Данияның сөйлеу тілі бұзылыстарына сәйкес коррекциялық бағдарламалар жасалып, әр бір баламен  сөйлеу картасын жеке өзімен толтыру жұмыстары жүргізілді. Данияның ата-анасы арнайы жерден анықтама алып келгеннен бастап сабақтары жоспар бойынша өтілді. Даниямен атқарылған жұмыс өз жүйесінде  өткізілді. Түзету-дамыту блогынан мектеп психологі мен әлеуметтік педагогтың көмектері көрсетіліп отырылады.   Және де сөйлеу тілі,сөздік қоры аз ,логикалық  дамуы баяу Данияға  жұмыс барысында білім беру және тіл дамыту,қандай дыбыстарды дұрыс дыбыстай алмайтынын тексере отырып Даниямен мынандай жұмыстар жасалынды.

     Тоққожа Дания  артикуляциялық жаттығулар,дыбыстарға байланысты тақпақтар және әріптермен машықтандырылды.Өмірге бейім болу үшін мамандықтарды дұрыс таңдау,ақпен қараны айыра білу,өз ойларын ашық айтуды уйретілуде.Суреттермен,жеке қима кеспе әріптермен,логикалық ойын дамыту мақсатында Данияға «артық затты тап,бөліктен суретті жина» т.б тапсырмаларымен машықтанды.Дания сурет салғанды жақсы көреді.Өзіне ұнаған суреттерді шын көңілмен ұнатып қызығып салады.Бірақ сабақ кезінде сыныбындағы оқушылармен ашық және жақын сөйлеспейді.

Өскен сайын тұйықталып барады,себебі озін еркін ұстай алмай қысылып,өзін алшақтатып ұстайды.

    Дыбыстарын алдынғыдай емес,анықталып келеді,сонда да ашық сөйлесуге ұялады.Үй тапсырмаларын орындамай келеді,бірге сыныптан орындаймыз.

Дыбыстарды машықтандыру жалғасуда. 




«Сағат»жаттығуының пайдасы –тілдің бұлшық етінің ширығуын,қимыл үйлесімділігін дамытады.Әр алуандылық  адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.





Мына жерде  қолдың ұсақ моторикасын дамытумен айналысып жатыр.

«Көзілдірік тағу»жаттығуын жақсы жасап көрсетті бұл жаттығудың пайдасы:қолдың ұсақ моторикаларын дамытады және де дыбыстың анық, екпіннің   тынық,тілдің күрмелмей сөздердің анық айтылуына септік жасайды.




«Әл-Фараби атындығы орта мектебі» КММ мектеп дефектологының

ерекше білімді қажет ететін  3 - «Ә» сынып оқушысы

Алимхан Омармен жасалынған жұмыстардың

жылдық есебі:

            3«ә» сынып оқушысы Алимхан Омар Ильясұлы. «Р,Л,С,Ш,Ң»дыбыстары анық емес болатын. Қазір «л,с,ш,і,ң»дыбыстары қойылды,тек Р дыбысы анық емес,бірақ арнайы артикуляциялық жаттығулар,қолдың ұсақ моторикасын дамыту жаттығулары, дыбыстарды машықтандыру жұмыстары жасалынып жатыр.

Сөйлеген сөзі ғана емес,есту қабілеті де өте төмен. Кітапты минутқа  оқуы жақсы,бірақ мазмұнын сөзбен айтып жеткізе алмайды.Сол себепті оқу және көшіріп жазу тапсырмаларын орындағанымен,тыңдалым процесіне қатыса алмайды.

      Дефектолог көмегін қажет ететін сөйлеу тілінің бұзылыстары бар инклюзтвті оқушы Омарға арналған түзету дамыту жұмысының жоспары құрылып жасалды. Ата-анасына сұраныс бойынша жекелей кеңес берілді.

Данияның сөйлеу тілі бұзылыстарына сәйкес коррекциялық бағдарламалар жасалып, әр бір баламен  сөйлеу картасын жеке өзімен бірге  толтыру жұмыстары жүргізілді. Омармен  атқарылған жатқан  жұмыстар   өз жүйесінде  өткізілді. Түзету-дамыту блогынан мектеп психологі мен әлеуметтік педагогтың көмектері көрсетіліп отырылады.   Және де сөйлеу тілі,сөздік қоры аз ,логикалық  дамуы баяу  Омарға   жұмыс барысында білім беру және тіл дамыту,қандай дыбыстарды дұрыс дыбыстай алмайтынын тексере отырып Омармен мынандай жұмыстар жасалынды.

Алимхан Омар артикуляциялық жаттығулар жасау, дыбыстарға байланысты тақпақтар және әріптермен машықтандырылды.Өмірге бейім болу үшін мамандықтарды дұрыс таңдау,ақпен қараны айыра білу,өз ойларын ашық айтуды уйретілуде.Суреттермен,жеке қима кеспе әріптермен,логикалық ойын дамыту мақсатында Омарға «артық затты тап,бөліктен суретті жина» т.б тапсырмаларымен машықтанды.Омар  сурет салғанды жақсы көреді.Өзіне ұнаған суреттерді шын көңілмен ұнатып қызығып салады.Бірақ сабақ кезінде сыныбындағы оқушылармен ашық және жақын сөйлеспейді.

Өскен сайын тұйықталып барады,себебі озін еркін ұстай алмай қысылып, алшақтатып ұстайды. Дыбыстарын алдынғыдай емес,анықталып келеді,дыбыстық қоры аз болғандықтан, ашық сөйлесуге ұялады.Үй тапсырмаларын кей кездері орындамай келеді,бірге сыныптан орындаймыз. 

Сабаққа деген ынтасы жақсы болғанымен,қабылдау қабілеті орташа деңгейде.Есте сақтау қабілеті орташа. Дыбыстарды машықтандыру жалғасуда.






     Дефектолог-логопедиялық  – кеңес

     Бұл жұмыстар  жеке   кеңесті қажет еткен    ата-аналар арасында да  жүргізілді.

    Балаға үйде үнемі ата-анасы қадағалап отыру тиіс:

    Дыбысты анық айтуға үйрету

    Жай ыммен түсіндірмеу

Тоққожа Даниямен Алимхан Омардың  сабақтары жалғасуда.  




«Әл-Фараби атындығы орта мектебі» КММ сынып жетекшісі Мырзабаева Асель Естемесованың

  4 - «А» сынып оқушысы ерекше білімді қажет ететін

Тоққожа Даниямен істелінген жұмыстардың

жылдық есебі:

       Данияның жасы 9 да 4 «А» - сыныбына 2022 жылдың қыркүйегінде келді. Келген кезде мінезі өте ұяң, ешкіммен сөйлеспейді. Сабақта зейіні шашыраңқы. Оқу жылдамдығы 19 сөз, математика пәнінен он көлеміндегі сандарды әрең қосып азайтатын. 

        Отбасылық әлеуметтік жағдайы орташа. Көп балалы, толық отбасынан шыққан. 4 баланың үлкені. Диагнозы: ЗПР. Баламен жыл бойы пән мұғалімдерінен бөлек мектеп психологы, дефектолог маманы да жұмыс істеді. Әр сабақта жеңілдетілген формада қосымша тапсырмалар беріліп отырды. Әр тоқсанның аяғында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Токтарова Л.А ұйымдастыруымен сабақ беретін ұстаздар мен психолог, дефектолог мамандар жиналыс өткізіп отырдық. Ол жерде алдыңғы айға жоспарлар құрылып, өсу динамикасы туралы, сабақты қандай әдіс тәсілдермен өткізген тиімді екені айтылып, өзара тәжірибемізбен бөлісіп отырдық. 

       Оқу жылының аяғында Дания минутына 48-50 сөз оқиды. Данияның жыл басындағыға қарағанда оқу үлгерімінен, сабаққа деген қызығушылығынан көптеген ілгері жылжулар көруге болады.Сабаққа деген құлшынысы оянып, бала өзін еркін ұстайтын болды. Қатарлас балалармен әңгімелеседі. Төрт жол болсын өлең жаттап келеді. Берілген тапсырмаларды ынтамен орындауға тырысады. Қазақ тілі пәнінен сөз құрамына талдау, сөйлем мүшелеріне талдау жасауды үйренді. Математика пәнінен шамаларды салыстыру, қарапайым есеп шығару, теңдеу шешу, баған түрінде екі ,үш таңбалы сандарды қосып, азайту сияқты тапсырмаларды өздігімен, кейде мұғалімнің көмегімен орындай алады. Қазір көбейту кестесін жаттап жатыр. Сыныптың барлық қоғамдық жұмыстарына ат салысады. Мектепішілік іс шараларда белсенділік танытады.  Бірақ ауызша сабақтардан әлі де болса сөздік қоры жетпейді. Ұяңдығы әлі де басым. Көбірек сөйлесіп, диктант жазғызу туралы анасымен сөйлесу барысында айтылды. Ата анасы көмек беруге тырысады, бірақ кейде уақыттары болмайтынын айтты. 4-тоқсанда денсаулығына байланысты сабақтан көп қалды.

         Жалпы алғанда  балада өсу динамикасы байқалады, егер орта буында пән мұғалімдері мен психолог маман бірге жұмыс істесе есте сақтауы, басқа да жеке басының дамуы жоғарылайды деп ойл

«Әл - Фараби атындағы орта мектеп» КММ

Ерекше білімді қажет ететін 3 «Ә» сынып оқушысы Алимхан Омардың

       2022-2023 оқу жылындағы оқу бағдарламасын меңгерудегі есебі.

                   

   3 «Ә» сынып оқушысы Алимхан Омар Ильясұлы 10.02.2014 жылы туылған.Омар сыныпқа 20.09.2021 жылы ауысып келген. Омар  жалпы білім беру бағдарламасы бойынша  оқиды.Омардың мінезі ашық, адам жатырқамай сөйлеседі.Бірақ,сөйлеген сөзін түсіну қиын.Себебі,көп дыбыстарды анық айта алмайды.Жаңа келген кезде оқуды,жазуды және бір таңбалы санды бір таңбалы санға қосуды біліп келді.Сөйлеген сөзінде ғана емес ,есту қабілеті  де өте төмен.Сол себепті,оқылым және жазылым тапсырмаларын орындай алғанымен,тыңдалым процесіне қатыса алмайды.Оқушылармен сабақ процесіне қатысып,жаңа сабақты түсінуге мүмкіншілігі төмен.Суретті өте жақсы салады. Еркін тақырыпта сурет салғанды ұнатады. Ол ерекшелігі туралы анасына ескертілді.                     

    1-тоқсан.   Сабақ кезінде оқушыға  тапсырмалар беріліп баланың пәнге деген қызығушылығын арттырып отырамын. Сабаққа деген оқушының ынтасы жақсы болғанымен, қабылдау   қабілеті орташа деңгейде. Кей кездері көңіл-күйі мен денсаулығына байланысты тақырыпты қабылдауы төмендеп қалады. Қабылдауына қиындық туғызатын негізгі математика,қазақ тілі пәндерінен өткен тақырыпты меңгеру үшін қосымша уақыттарды пайдаланып сабақты қайта түсіндіріп отырдым.Жаратылыстану,Дүниетану пәндерінде тақырыптың мазмұнын және түсінгенін,Әдебиеттік оқу пәндерінде  шығарманы « жазбаша жазып көрсету» әдісімен жұмыс жасайды.Және тіл дыбыстарын дамытуға байланысты жұмбақ,жаңылтпаш,өлеңдер жаттайды. 1-тоқсанға берілген бағдарламаны орташа деңгейде қабылдады. 

     2-тоқсанның аяғында оқу бағдарламасын қабылдауда  оқушы қосымша жұмыстардың уақытымен жүргізілуіне байланысты  жүйелі түрде біртіндеп даму  деңгейін көрсетті.Әдебиеттік оқу пәнінен   өлеңдерді жаттау қабілеті қиынға соққанымен,минутқа оқуы-58 сөзді құрайды.Бірақ,дыбыстық қоры да толығу үстінде.Математика пәнінен жазбаша   есептеу тапсырмаларын қосымша түсіндірме жұмыстардың көмегімен орындайды.Қазақ тілі пәнінен кітаптағы,тақтадағы тапсырмаларды,көшіру жұмыстарын еркін орындайды.Диктант жазуда балалармен бірге орындай алмағандықтан,жеке орындауды қажет етеді.Жаратылыстану,Дүниетану пәндерінен оқылым дағдысы жақсы болғанымен,мазмұнын айтуда қиналады. Көркем еңбек пәнін ерекше жақсы көріп оқиды.

3-тоқсанның аяғында Омардың оқуды меңгеруде ілгерілеушілік байқалды,қосымша көрсетілген жұмыстар өз нәтижесін көрсете бастады.Дыбыстарды анық айтып,айта алмаған дыбыстар толықты.Әдебиеттік оқу пәнінен минутына 62 сөз оқитын болды.Математика пәніне қызығушылығы артып, «Ақбота» зияткерлік олимпиядасынан жүлделі 1 -орынға ие болды.

Омар 4-тоқсанды оқу жылының басындағыдай емес, біршама жетістіктермен аяқтады.Айтылым   дағдысы дұрысталып,минутына 74 сөзге жетті.Қазақ тілінен жазу каллиграфиясы түзелді.Диктантты оқушылармен бірге жаза бастады,бірақ орфографиялық қате көп жібереді. Математика пәнінен жаңа тақырыпты жеке түсінгеннен соң,тапсырманы дұрыс орындауға тырысады. Жаратылыстану,Дүниетану пәндерінен оқылым дағдысы жақсы ,мазмұнын айтуға талпынады.


Үйге берген тапсырмаларды  өз бетінше   барынша орындайды. Есте сақтау қабілеті орташа.Пән мұғалімдері де осындай пікір білдіруде.Орыс тілі,ағылшын пәндерінің мұғалімдері ,мектеп дефектологі мен психолог қосымша жұмыстар жүргізеді.