1 мамыр- Қазақстан халқының бірлігі күні » Әл -Фараби атындағы орта мектеп
"Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"Әл-Фараби атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 мамыр- Қазақстан халқының бірлігі күні
03
май
2022

1 мамыр- Қазақстан халқының бірлігі күні

«Бірлігі жарасқан Қазақстан» тақырыбында қорытынды мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Мақсаты: 1-мамыр Қазақстан халықтары достығы күнін атап өту. Көп ұлтты Қазақстан халқының татулықпен, бірлікпен өмір сүріп жатқаны жайлы танымдық ойларын дамыту.


Міндеттері:
-Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
1-мамыр мерекесі тақырыбында өлеңдер, тақпақтар айту арқылы оқушылардың сөздік қорын молайту.
-Оқушыларға еліміздің көп ұлттылығын, достығын, мәдениетін насихаттай отыра, достық пен бауырмашылдыққа, бейбітшілікке, өзге ұлт өкілдерін құрметтей білуге тәбиелеу.

Мерекелік іс-шара мектеп директорының құттықтау сөзімен басталды.

5 А сынып оқушыларының қазақша биімен жалғасты.

4 Д сынып оқушыларының «Я, он и она » әні, 2 А, 3 Б сынып оқушыларының хоры орындалды.
Әр түрлі ұлт өкілдерінің биі көрсетілді.
Атап айтатын болсақ:

3 Ә сынып оқушысы Ұзақ Айша өзбек биін, 3 Д сынып оқушылары қазақ, орыс, ұйғыр, түрік ұлттарының биін орындады.

Мерекелік іс-шара музыка пәнінің мұғалімі Қажымұратқызы Тоғжанның орындауындағы Қазақ елі осындай әнімен аяқталды.